Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Құрметті бұландылықтар!
26.12.2018

Табиғаттың құбылуын болжап білу мүмкін емес, сондықтан қыстың қаһарлы сықырлаған аязы жаңажылдық іс-шараларға ықпал етуде.
Макинск қаласының орталық алаңында мұз қалашығы бой көтеріп жатқаны баршаңызға мәлім, алып мұз кесектерінен түрлі ертегі мүсіндері жасалып, басты шыршаның жарқыраған шамдары жануға даяр, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты мұз қалашығының ашылу салтанаты ағымдағы жылдың 28 желтоқсанына ауыстырылды.
Мереке көтеріңкі көңіл мен шаттық сыйлауы абзал, сондықтан аудан тұрғындары, әсіресе кішкентай тұрғындар, аязда тонып қалмау үшін мерекелік іс-шара күннің жылыған кезінде өткені дұрыс.
Қызықтың болғанынан боларысы қызық демекші, мерекені жылы көңілмен, шын ниетпен қарсы алайық, келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!