Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Су тасқынының алдын алу – маңызды міндет
16.03.2018

Ауданда көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімінің қаулысына сәйкес су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, ол бойынша барлық тиісті жұмыстар орындалуда. Арнайы техниканың көмегімен арық-жыралар, суағарлар, көпірлер қардан тазартырылып, қар қала шетіне шығарылуда. Яғни, еріген қар суының алаңсыз өтуіне барлық жағдай жасалып жатыр.

Макинск қаласының кейбір шағын аудандарында және көшелерінде су басу қауіпі бар. Макинск қаласы әкімі аппаратының ресми мәліметі бойынша бүгінгі таңда қызу қарқынмен арықтар, нөсерлік суағарлар қаланың орталық көшелерінде тазартылған. Атап айтқанда, Чапаев, Уәлиханов және Сейфуллин көшелерінде. Ал темір жолдың арғы жағындағы қаланың бөлігінде көпірлер қардан тазартылды.