Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Аудан әкімдігінде аудан әкімі Талғат Ерсейітовтың төрағалығымен ағымдағы мәселелер бойынша жиналыс өтті.
06.08.2019

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Талғат Ерсейітовтың төрағалығымен ағымдағы мәселелер бойынша жиналыс өтті.

Жиналыс барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жылу беру маусымына дайындық, әлеуметтік көмек көрсету, білім беру саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Талғат Аманбайұлы жиналыстың қатысушыларына Бұланды ауданы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалған Қайыргелді Іслямұлы Батталовты таныстырды.

Батталов Қайыргелді Ислямұлы 1977 жылы туған, 1999 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін инженер-экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы "Әділет" ҚЖМ академиясын Заңтану мамандығы бойынша бітірген.  2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Өзінің еңбек жолын 1999 жылы Көкшетау қаласы бойынша Салық комитетінде жеке тұлғалар секторын өндіріп алу бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған.

2013 жылы Көкшетау қаласы бойынша салық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Соңғы лауазымы 2017 жылдан бастап «Қаржы орталығы» АҚ-ның вице-президенті.