Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Қариялар – ақылды дариялар
07.09.2018

Аға ұрпақтың ақылы пен парасаттылығы, ұрпақтар сабақтыстығының негізінде құрылған ардагерлер қозғалысы қай заманда болмасын мемлекеттік саясасаттың ажырамас бөлігі болып саналды.

Аудан әкімі Жомарт Нұркеновтың қатысумен аудандық әкімдікте Бұланды аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумі өтті. Пленум барысында ардагерлер кеңесінің атқарған жұмысы жайында кеңес төрайымы Күлән Сейдахметова баяндады.

Аға ұрпақпен кездесіп, сөз алған аудан басшысы ең алдыменен құрметті ардагерлер қауымына азаматтық белсенділігі, ауданның тағдырына танытқан жанашырлығы үшін зор алғысын білдірді. Жергілікті атқарушы биліктің алдына қойылған міндеттерге тоқталған Жомарт Жұмағалиұлы, ауданның саяси-экономикалық дамуындағы ардагерлердің қомақты үлесін де атап өтті. Пленум барысында ардагерлер тарапынан шешемін таппай тұрған өзекті мәселелер де айтылды.