Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
«Ақ жаулық» әжелер тобының мерейтолық шарасы
10.10.2018

Аудандық мәдениет үйінде «Ақ жаулық» әжелер тобының «Бізді ойлай жүр» атты 5 жылдық есеп беру кеші өтті. Ел жадына жатталған, жүректердің төрінен орын алған сағындырған әндер шырқалды. Аудан әкімі Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов өнерді серік еткен әжелерімізді мерейтойларымен құттықтай келе, алғысын білдірді. Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Шахман Байдүйсенұлы Құсайынов, қала әкімі Молдағали Хамитұлы Кеженов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Орал Серікқызы Құрымбаева және басқа да өнер ұжымдары «Ақ жаулық» әжелер тобын есеп беру кештерімен құттықтады.

Осыдан 5 жыл бұрын құрылған «Ақ жаулық» әжелер тобы әсем әндерімен көңіл тербеп, тек қана сахнаның сәнін кіргізіп қоймай өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге көрсетуде. Әз жүздерін әжім әрлесе де әлі күнге сахна төрінен көрініп, саф өнеріміздің өрге басуына өзіндік үлестерін қосып келе жатқан әжелерімізден әлі де әсем әндер күтеміз.