Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Тұрғындар мәселесі аудан әкімінің жеке қабылдауында талқыланды
08.08.2019

Аудан әкімі Талғат Ерсейітовтің жеке қабылдауына келушілер тарапынан    тұрғын үй мәселесі, сумен қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсету, жер алу бойынша  сұрақтар қойылды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сейтахметов Жанат ауданымызда астықты тазалап өңдеп, кептіретін шағын элеватор салу үшін  жер алу жөніндегі мәселемен келген.

Аудан әкімі өз кезегінде ауданымызда элеватор салынып, аудан экономикасын дамытуға септігін тигізсе қарсы емес екенін айтып, жер қатынастары бөлімінің басшысы Арман Данияровқа көтерілген сұрақты егжей-тегжейлі қарап, қолдау көрсетуді тапсырды.

Сонымен қатар, Талғат Аманбайұлы басқа да келушілердің сұрақтарын мұқият тыңдап, әр мәселе қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралатынын жеткізді.