Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Еселі еңбек – ел ертеңі
12.07.2018

Аудан әкімі Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов қаламыздағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және аудандық ауруханаға арнайы атбасын бұрды. Ғимараттарды аралап, кемшілік тұстарын назарға алған аудан басшысы тұрғындар үшін қолдан келгенше қолайлы жағдайлар жасауға тапсырма берді. Күрделі жөндеу жұмыстары жасалған аудандық аурухананың қажетті жиһаз, жабдықтары ескірген. Алайда бұл мәселе алдағы уақытта арнайы тапсырыс беру арқылы шешімін таппақ. Сонымен қатар, аудан әкімі Жомарт Жұмағалиұлы аурухана қызметкерлерімен кездесіп, көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Ақ халатты абзал жандарды толғандырған сұрақтардың көбі жол, ғаламтор желісінің дұрыс жұмыс жасамауы және қала көшелерінде жүрген маршруттық көліктер жайлы болды. Аудан басшысы кездесу барысында көтерілген барлық сұрақтарды жауапсыз қалдырмады. Аудан әкімі ауруханада жатқан науқастар мен кезек күтіп отырған тұрғындардан өздеріне көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын, аурухана қызметкерлерінің қарым-қатынасын сұрап еді бәрі ризашылықтарын білдіре жауап берді. Мұны да бұл саладағы жүйелі жұмыстың жолға қойылғаны деп білдік.