Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

2017 жылдың аудан бюджетінің орындалуы туралы талдамалық есеп

Бұланды ауданы бойынша 2017 жылда мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының  нәтижеге жету  анализі қорытындысы туралы, сондай –ақ  бюджеттік мониторинг жүргізу негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың түсімдері, орындалуы бойынша аудан бюджетінің орындалуы туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ ЕСЕП

 

            Аудандық бюджеттің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылда 278828,3 мың теңгеге көбейген: өз табысы 81672,2 мың теңгеге көбейген.

           ресми трансферттердің түсімі 196205,6 мың теңгеге көбейген;

           қарыздар түсімі 270,4 мың теңгеге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу 680,1 мың теңгеге.

 

            Ауданның кіріс бөлігі 2017 жылда 100,3 % орындалып, жоспар бойынша 4130866 мың теңге болса, іс жүзінде 4144231,4 мың теңге түсті.

            Меншікті табысы жоспар бойынша 2017 жылда 754734,4 мың теңге болса, барлығы 767681,5 мың теңге түскен, немесе 101,1% орындалып. Жоспар 12947,1 мың теңгеге артығымен орындалған.

2016 жылмен салыстырғанда іс жүзінде аудандық бюджетке кіріс 46825,1 мың теңгеге көп түскен немесе 6,5 % құраған:

            түскен салық көлемі 92466,7 мың теңгеге өскен;

            салықтық емес түсімдердің көлемі  25279,5 мың теңгеге азайған;

            негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің көлемі 20362,1 мың теңгеге азайған;

 

2017 жылдың ішінде облыстық бюджеттен 3361979,2 мың теңге ресми трансферттер түскен, жоспар бойынша 3361979,2 мың теңге болса, 100 % түскен, ол  өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 196205,6  мың теңгеге көп.

Есеп беріп отырған кезеңде бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі көздері келесі кәсіпорындар: «Журавлевка 1» ЖШС,  «Новобратское және К» ЖШС, «Арна АҚП» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания АҚ –ң филиалы Ақмола жол дистанциясы, «Макинск элеваторы» ЖШС,  «Ақмола электр желілерін тарату компаниясы» Степногорск ауданаралық электр желілерінің филиалы, Ақмола жүйеаралық электр желілерінің филиалы АҚ «КЕGOK» электр желілерін басқару бойынша Қазақстандық компания», «Макинск құс фабрикасы» ЖШС; «Сарыарқа» құрылыс корпорациясы» ЖШС және тағы басқалар.

 

            Салық түсімдерінің негізгі бөлігін әлеуметтік салықтар құрайды – 291034,7 мың теңге немесе өз табысының көлемінен 37,9  %  орындалған.

            Аудан бойынша 2017 жылда кірістің барлық түрлерінен жоспар асыра орындалған,  соның ішінде орындалмағандар:

403-101 «Жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер» 10942 мың теңгеге орындалмаған, жер учаскесін сатып алуға өтініштер  түспегеніне байланысты.

2018 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда алынбаған қарыздар сомасы 1957,2 мың теңгеге көбейген.

 

            2017 жылда аудандық бюджеттің шығысы 27 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша орындалды, 109  бюджеттік бағдарлама жүзеге асты, 4201459,6 мың теңгеге бюджеттік бағдарламалар  бекітілді.

            Бюджет қаражатының 4196881,7 мың теңгесі игерілді, 4577,9 мың теңгесі игерілмей қалды:

            2457,7 мың теңге сомасында мақсатты трансфертер игерілмеді, аудандық бюджеттің ағымдағы шығындары 2241,2 мың теңге сомасында игерілмеді, негізінен қаржыландыру жоспары бойынша экономия есебінен.

            Жалпы алғанда бюджеттік бағдарламалардың ағымдағы уақытта орындалуын талдау бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты көзделген мақсатқа негізінен қол жеткізілді.

            Бағдарламаларды жүзеге асыру барысында барлық әкімшілер ағымдағы жағдайды және өзгерген жағдайды талдау негізінде өздері әкімшілік жүргізген бағдарламалардың тиімділігіне іштей баға берді. Көзделген іс-шараларды осылай атқару қойылған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатының оңтайлы көлемін пайдалануды қамтамасыз етті.

 

                        122 «Аудан әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 101215,8 мың теңгеге 3 бюджеттік бағдарлама орындалды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету  үшін мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

Келесі бағдарламалар нәтижелі   орындалды:

«Аудан  әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» дер кезінде және толық көлемде орындалды. Жоспар бойынша 95775,3мың теңге, игерілгені 95774,7 мың теңге  немесе жоспарға 100 %. Игерілмегені 0,6  мың теңгесі, дөңгелектеу есебінен. Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

            «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс -шаралар» -3528,1 мың теңге немесе жоспарға 100 %.  Осы бағдарлама  бойынша мақсат пен міндеттер әскери қызметке шақырылатындарды шақыру, ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық –талдау және материалдық –техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге арналған. Осы бағдарлама бойынша көрсеткіштер 100 %  орындалды,  әскери қызметке шақыру  есебінде 1159 жігіт есепте тұр. Әскерге шақырылатындардың жалпы санынан 67 адам әскери қызметке шақырылды.

            «Мемлекеттік  органның күрделі шығыстары». Осы бағдарлама  бойынша мақсат пен міндеттер аудан әкімінің аппаратына жүктелген мақсат пен міндеттерді тиімді және дер кезінде шешу  жөніндегі іс-шараларды өткізуге арналған. Осы іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 1913 мың теңге сомасына  жиһаз  сатып алынды.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  бағдарлама  кредиторлық қарыз 55,6 мың теңгені  құрады, яғни  бюджеттік тәртіптің төмендігін білдіреді.

 

            123 «Макинск қаласы әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 48945 мың теңгеге 4 бюджеттік бағдарлама орындалды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін мақсат пен міндеттер қойылып  іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

            Мына бағдарламалар тиімді  және сапалы  игерілді:

— «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» — 9506 мың теңге немесе жоспарға 100 %. Осы бағдарлама бойынша  электроэнергия төлемдерін төлеуге жұмсалды;

«Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» — 11756,8 мың теңге немесе 100 %. Бұл бағдарлама бойынша шығын 72 қарт адамға және 6 мүмкіншіліктері шектеулі балаларға қызмет көрсетуге жұмсалды;

«Мемлекеттік  органның күрделі шығыстары» -412 мың теңге немесе 100 % . Осы бағдарлама бойынша  үздіксіз тұтыну блогы, жалюзи және МФУ  сатып алынды.

 «Қаладағы, аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ  әкімінің қызметін   қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» дер кезінде және толық көлемде орындалды. Жоспар бойынша 2727,1 мың теңге, игерілгені 27270,2 мың теңге  немесе жоспарға 100 %.  Дөңгелектеу  есебінен 0,8 мың теңге игерілмеді. Тікелей көрсеткіш  100 % орындалды.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  дебиторлық қарыз 17,8 мың теңгені және кредиторлық қарыз 8,1 мың теңгені құрады, яғни  бюджеттік тәртіптің төмендігін білдіреді.

 

            123 «Капитоновка селолық округі әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 11443,5 мың теңгеге 2 бюджеттік бағдарлама  жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін  мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

Мына бағдарламалар тиімді  және сапалы  игерілді:

«Қаладағы, аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ  әкімінің қызметін   қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер». Жоспар бойынша 10884 мың теңге, игерілгені 10883,5 мың теңге  немесе жоспарға 99,5 %.  Игерлімегені 0,5 мың теңге, специфика бойынша дөңгелектеу есебінен.

— «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» — 560 мың теңге немесе жоспарға 100 %. Осы бағдарлама бойынша пайдаланған электроэнергия төлемдерін төлеуге жұмсалды;

-«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру – 1147,8 мың теңге немесе 100 %.  Осы бағдарлама бойынша қаражат тірек шамдары орнатуға жұмсалды;

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  бағдарлама  кредиторлық қарыз және дебиторлық қарыз жоқ,  яғни  бюджеттік тәртіптің жоғары екенін білдіреді.

Жоғарыда аталған көрсеткіштердің деңгейінде  іске асырылды:

 

  • «Айнакөл селолық округі әкімінің аппараты» 123 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 9155,1 мың теңге сомасына 2 бюджеттік бағдарлама іске асырылды;

 

  • «Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» 123 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 14874,1 мың теңге сомасына 2 бюджеттік бағдарлама іске асырылды;

 

123 «Ерголка ауылдық округі әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 14146,3 мың теңгеге 3 бюджеттік бағдарлама  жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін  мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

Мына бағдарламалар тиімді  және сапалы  игерілді:

— «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» — 350 мың теңге немесе жоспарға 100 %. Осы бағдарлама бойынша пайдаланған электроэнергия төлемдерін төлеуге жұмсалды;

 «Қаладағы, аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ  әкімінің қызметін   қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер». Жоспар бойынша 10801 мың теңге, игерілгені 10796,3 мың теңге  немесе жоспарға 99,9 %.  Игерлімегені 4,7 мың теңге, дөңгелектеу есебінен. Тікелей көрсеткіштер 100 % орындалды.

«Мемлекеттік  органның күрделі шығыстары» -3000 мың теңге немесе 100 % . Осы бағдарлама бойынша  1 автокөлік құралы   сатып алынды.

 

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша    дебиторлық қарыз 188,9 мың теңгені құрады, яғни  бюджеттік тәртіптің төмендігін білдіреді.

 

Жоғарыда аталған көрсеткіштердің деңгейінде  іске асырылды:

 

  • «Қараөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» 123 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 14826,1 мың теңге сомасына 3 бюджеттік бағдарлама іске асырылды.
  •  

 

123 «Вознесенка селолық округі әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 16643,7  мың теңгеге 4 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін  мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

  • «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» — игерілгені 977,4 мың теңге немесе жоспарға 100%. Игерілмегені 0,1 мың теңге- дөңгелектеу. Бұл бағдарлама бойынша әлеуметтік қызметкердің көмегімен 3 қарт адам және 2 мүмкіндігі шектеулі  бала және 18 жастан асқан 1 мүгедек қамтылды;
  • «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» -3000 мың теңге немесе 100 % . Осы бағдарлама бойынша  қызметтік автокөлік   сатып алынды.
  • «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» — 704 мың теңге немесе жоспарға 100 %. Селолық округтің орталықтандырылған көшелерін жарықтандыруға және көшені жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. Тікелей көрсеткіштер 100 % орындалды.
  • «Қаладағы, аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ  әкімінің қызметін   қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарлама бойынша 11962,3 мың теңгесі игерілді   немесе жоспарға 100 %.  Игерілмегені 0,7 мың теңге, дөңгелектеу есебінен. Аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, селолық округ әкімінің аппаратын 5 штаттық бірлікті ұстау» деген  .  бағдарламасы бойынша тікелей көрсеткіштер 100 % орындалды.

 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  бағдарлама  кредиторлық және дебиторлық қарызсыз жүзеге асырылды.

 

123 «Никольск селолық округі әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 12142,6 мың теңгеге 3 бюджеттік бағдарлама  жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін  мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

Толық көлемде емес орындалған, алайда тікелей және соңғы көрсеткіштердің орындалуымен жүзеге асырылған бағдарламалар:

  • «Қаладағы, аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің қызметін   қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»  — 11309,6 мың теңге немесе жоспарға 99,7 % . Игерілмегені 36,4 мың теңге, экономия есебінен.
  • «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» — 383,2 мың теңге немесе жоспарға 98,5 % . Игерілмегені 5,8 мың теңге, экономия есебінен. Бұл бағдарлама бойынша  әлеуметтік қызметкердің көмегімен 2 мүмкіндігі шектеулі  бала қамтылды;
  • «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» — 449,8 мың теңге немесе жоспарға 97,3 % 462 мың теңге. Игерілмегені 12,2 мың теңге, экономия есебінен, нақты тұтыну көлемінің  азаюы есебінен.  Осы бағдарлама бойынша қаражат 3 көшені жарықтандыруға жұмсалды.
  • 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  бағдарламалар  кредиторлық және дебиторлық қарызсыз жүзеге асырылды.

Жоғарыда аталған көрсеткіштердің деңгейінде, алайда бюджеттік қаражатты толық игерілуімен   іске асырылды:

123 «Карамышевка селолық округі әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 12489,6 мың теңгеге 3 бюджеттік бағдарлама  жүзеге асырылды.

123 «Даниловка селолық округі әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 11498,6 мың теңгеге 3 бюджеттік бағдарлама  жүзеге асырылды.

«Журавлевка селолық округі әкімінің аппараты» 123 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 13232,1 мың теңге сомасына 3 бюджеттік бағдарлама іске асырылды.

 

  • «Новобратск селолық округі әкімінің аппараты» 123 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 25482 мың теңге сомасына 3 бюджеттік бағдарлама іске асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін  мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

  • Мына бағдарламалар тиімді, сапалы және толық көлемде жүзеге асырылды:
  • «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру – 14996,6 мың теңге игерілді  немесе 100 %.  Осы бағдарлама бойынша қаражат Новобратск селосындағы спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды;
  • «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» — 246 мың теңге. Осы бағдарлама бойынша селолық округтың 1 көшесі жарықтандырылды;
  • «Қаладағы, аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің қызметін   қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»  — 10239,4 мың теңге немесе жоспарға 100 % . Игерілмегені 0,6 мың теңге, экономия есебінен. Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  кредиторлық қарыз 4,8 мың теңгені және   дебиторлық қарыз 6,6 мың теңгені құрады, яғни  бюджеттік тәртіптің төмендігін білдіреді.

 

            459 «Ауданның экономика және қаржы бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 142152,9  мың теңгеге 10 бюджеттік бағдарлама   жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін  мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

Мына бағдарламалар тиімді  және сапалы  игерілді:

 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясатын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау  бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару  саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» дер кезінде және толық көлемде орындалды. Жоспар бойынша 26972 мың теңге, игерілгені  26971,1 мың теңге  немесе жоспарға 100 %. Дөңгелектеу есебінен 0,1 мың теңгесі игерілмеді. Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

— «Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару,  жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды  реттеу» — 189,6 мың теңге немесе жоспарға 100 %, шығын сату мақсатында мүліктерді бағалауға  жұмсалды;

— «Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» — 11307,5   мың теңге. Осы бағдарлама бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік саланың 12 маманына  кредит төленді.

«Жергілікті атқарушы органның жоғары түрған бюджетке қарызын өтеу» бағдарламасы – 2923 мың теңге немесе 100 % орындалды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2010 жылы- 280 мың теңге, 2011 жылы 856 мың теңге, 2014 жылы 555 мың теңге, 2015 жылы -595 мың теңге, 2016 жылы 637 мың теңге    ауылды жерлерге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала мамандарына  әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру  үшін бюджеттік кредит алушылардың  кредиттерінің негізгі қарызын өтеу, келісім шарт міндеттемелеріне сәйкес, белгіленген мерзімде қайтаруды қамтамасыз етілді.

— «Пайдаланылмаған «толық пайдаланылмаған) мақсатты трансферттерді қайтару» — 37439,2 мың теңге. Осы бағдарлама бойынша республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген облыстық бюджетке нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған соммасын дер кезінде қайтару қамтамасыз етілді.

«Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар  мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» -4,4 мың теңге. Осы бағдарлама бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген кредит бойынша сыйақыларды төлеуге облыстық бюджетке дер кезінде төлемді қамтамасыз етілді;

«Нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару» -2777мың теңге. Осы бағдарлама бойынша   Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы  резерві есебінен бөлінген,  Капитоновка селосында  жасыл желекті  қоршауларға ағымдағы жөндеу жұмыстарды жүргізуге, нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді  қайтаруды қамтамасыз ету;

  • «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер» -47928,1мың теңге. Осы бағдарлама бойынша 11 селолық (ауылдық) округ әкімдеріне және қала әкімінің аппаратына трансферттер ұсынылды;

«Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер» — 9002,4 мың теңге. Осы бағдарлама бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жұмыс берушілердің ақша аударуы бойынша ставканың азайыуына байланысты облыстық  бюджетке уақытында қайтару қамтамасыз етілді.

— «Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» — 3610,6 мың теңге немесе жоспарға 100 % орындалды. Игерілмегені – 0,1 мың теңге- дөңгелектеу.  Осы бағдарлама бойынша селолық жерлерде тұратын  әлеуметтік саланың 12 маманына  көтерме жәрдемақылар және қарыз беру шарты бойынша қаржылай қолдау қорының қызметіне төленді.

            Мемлекеттік органның бюджеттік қаражатты тиімсіз басқару көрсеткіші , есеп беру жылының соңында 0,5 мың теңге сомасындағы кредиторлық қарыздың болуы болып табылады.

 

            455 «Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 143059,2  мың теңгеге 5 бюджеттік бағдарлама  жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін  мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

Тиімді, дер кезінде және толық көлемде орындалған бағдарламалар:

-«Идараға қарасты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» -1967 мың теңге немесе жоспарға 100 %.  Осы бағдарлама бойынша 6 ноутбук; 4 комплект жиһаз, теледидар және 715 кітап сатып алынды.  Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

— «Мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» — 81926 мың теңге жұмсалды немесе жоспар 100 % орындалды, қаржы аудандық мәдениет үйін ұстауға, 12 ауыл клубының қызметкерлерін ұстауға жұмсалды. Осы бағдарлама бойынша Капитоновка селолық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1170 концерттік іс-шаралар өткізілді,  республикалық және облыстық  байқаудың 16 жас қатысушылар тартылды. Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

— «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту» —  7294,4 мың теңге немесе жоспарға 100 % орындалды. Бұл бағдарлама бойынша 15 топта 150 адам оқытылды. Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

— «Аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі» бағдарламасы – 45382 мың теңге немесе жоспарға 100 %. орындалды  Осы бағдарламаны жүзеге асыруға арналған шығындар  25 кітапхананы ұстауға жұмсалды. Осы бағдарлама бойынша кітапханаға баратын адамдар 166,6 мың адамға жетті; 1688 іс-шаралар өткізілді.Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  бағдарлама  кредиторлық қарыз 63,7 мың теңгені құрады, яғни  бюджеттік тәртіптің төмендігін білдіреді.

 

            456 «Ауданның ішкі саясат бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 22146,6  мың теңгеге 3 бюджеттік бағдарлама   жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін  мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

Тиімді, дер кезінде және толық көлемде орындалған бағдарламалар:

-«Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттің ақпараттық саясатын жүргізу» бағдарламасы – 8189,6 мың теңгеге немесе 100  % .

-«Жастар саясатына қатысты өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру» — 5982,7 мың теңге немесе жоспарға 100 % орындалды. Игерілмегені 0,3 мың теңге-дөңгелектеу есебінен. Осы бағдарлама бойынша «Бұланды ауданының жастар ресурстық орталығы» МКК 5 штат бірлігі бар  ұстауға жұмсалды.

«Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» -жоспар бойынша 7979 мың теңге, игерілгені  7974,3 мың теңге  немесе жоспарға 99,9  %.  Экономия   есебінен 4,7 мың теңге игерілмеді.   

            2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  бағдарлама  кредиторлық қарыз 24 мың теңгені құрады, яғни  бюджеттік тәртіптің төмендігін білдіреді.

 

            464 «Ауданның білім беру бөлімі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 2627308,1 мың теңгеге 12 бюджеттік бағдарлама  орындалды, өткен жылмен салыстырғанда 2 бюджеттік бағдарламаға аз.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін  мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

Тиімді  және толық көлемде орындалған бағдарламалар:

-«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу» — 51341,2 мың теңге немесе жоспарға 100 % орындалды. Осы бағдарлама бойынша облыстық бюджеттің нысаналы трансферттерінен 13692  оқулықтар және  аудандық бюджет есебінен аудан мектептері үшін 25318 мың дана  оқулықтар сатып алынды.

  • «Балаларға қосымша білім беру» — 75403 мың теңге немесе жоспарға 100 %. Бұл бағдарлама бойынша қаржы 619 оқушысы бар 2 мектептен тыс мекемені ұстауға және  Аулалық клубты күтіп ұстауға жұмсалды.
  • «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» — 112485 мың теңге немесе жоспарға 100 %. Бұл бағдарлама бойынша 345 бала баратын  3 балабақша жұмыс істейді;
  • «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды), жетім –баланы (жетім- балаларды) асырауға қамқоршыға (қамқоршыларға) төленетін ай сайынғы ақшалай қаражат»  —    игерілгені 22574,9 мың теңге  немесе жоспарға 100 %. Осы бағдарлама бойынша 82  баланың   қамқоршысына қаражаттар төленді; 
  • «Кәсіптік оқуды ұйымдастыру» — 22817 мың теңге немесе жоспарға 100 %. Бұл бағдарлама бойынша 257 оқушы бастапқы кәсіптік білім алды.
  • «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер» — 340,4 мың теңге. Игерілмегені 0,6 мың теңге – дөңгелектеу есебінен.
  • «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» — жоспар бойынша 275757 мсың теңге, игерлігені 275754  мың теңге немесе жоспарға 100 %. Игерлімегені 3 мың теңге – экономия. Осы бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 555 орынды  балабақша қаржыландырылды және санаторлық топтардағы 60 баланың тамағы қосылған.

-«Аудандық калалалық ауқымдағы мектеп олимпиадаларың және мектептен тыс іс-шараларды өткізу» — 1593,7 мың теңге немесе жоспарға 100 %. Осы бағдарлама бойынша   2 мектепшілік олимпиада өткізілді, оқушылардың тілді дамыту және әлеуметтік –мәдени компетенциясын қалыптастыру мақсатында;

  • «Идараға қарасты мемлекеттік мекемелермен ұйымдардың күрделі шығыстары» — 69901,8 мың теңге немесе жоспарға 69903 мың теңге , 100 %.  Игерілмегені 1,2 мың теңге – дөңгелектеу есебінен.  Осы  бағдарлама бойынша, облыстық бюджет есебінен Тоқтамыс орта мектебіне 44697 мың теңге сомасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ аудандық бюджет есебінен оқу-өндірістік комбинатына 1 автокөлік, Макинск № 3 орта мектебіне 1  мультимедиалық жабдықтар сатып алынды, спорт залына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге техникалық зерттеу жүргізілді;

Толық көлемде емес,  алайда тікелей және соңғы көрсеткіштердің нақты орындалуымен мына бағдарламалар жүзеге асырылды:

  • «Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» жоспар бойынша 13633,3 мың теңге, игерілгені 13767 мың теңге  немесе жоспарға 99 %. Экономия есебінен 133,7 мың теңгесі игерілмеді.
  • «Жалпы білім беру» — жоспар бойынша 1979179,1 мың теңге болса, бағдарлама іске асырылды 1975781,6 мың теңге немесе жоспарға 99,8 % орындалды. Игерілмегені 3397,5 мың теңге, соның іщінде 665,1 мың теңге- негізгі қызметкердің оқуға кеткен мерзімінде орнына ауыстырылған мұғалімге қосымша ақы төлеуге экономия есебінен, тілдік  курс бойынша стажировкадан  өткен мұғалімдерге, қосымша ақы төлеуге бөлінген 1569 мың теңге- алушылардың болмауына байланысты;   1163,4 мың теңге –экономия. Қаражаттар ауданның 39 мектебінің 4845 оқушылар оқитын мектептерді қаржыландыруға жұмсалды.   Тікелей және соңғы көрсеткшітер 100 % орындалды.
  • «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы, жетім –баланы асырауға қамқоршыға төленетін ай сайынғы ақшалай қаражат 5682,2 мың теңге сомасына немесе 95,6% жоспарға 5942 мың теңге.  Игерілмегені 258,9 мың теңге,   себебі жетім балалардың болмауынажәне патронаттық тәрбиешілердің азаюына  байланысты

   Мемлекеттік органның бюджеттік қаражатты тиімді  басқаруына байланысты, кредиторлық  қарыз және дебиторлық қарыздың болмауына қалыптасты.

 

            465 «Ауданның дене тәрбиесі және спорт бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 15382,3 мың теңгеге 4 бюджеттік бағдарлама   жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін мақсат пен міндеттер қойылып  іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

            Мына бағдарламалар тиімді  және сапалы орындалды:

— «Ауданның құрама командалары мүшелерінің әр түрлі спорттан облыстық спорт жарыстарына дайындық және оған қатысу» — 6187 мың теңге немесе 100 %, қаржы аудандық команда қатысушыларының  облыстық кешенді спартакиадаға қатысуына жұмсалды.

-«Аудандық деңгейде спорт жарыстарын өткізу»  –3999,9 мың теңге немесе жоспарға 100 %, қаржы жергілікті жерлерде ұйымдастырылған  спорт жарыстарын өткізуге жұмсалды.

«Мемлекеттік  органның күрделі шығыстары» -170 мың теңге немесе 100 % . Осы бағдарлама бойынша  мемлекеттік рәміздер  сатып алынды.

 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» игерілгені 5025,4 мың теңге  немесе жоспарға 100 %, игерілмегені 0,6 мың теңге-дөңгелектеу. Тікелей және соңғы көрсеткіштер 100 % орындалды.

Мемлекеттік органның бюджеттік қаражатты тиімді  басқаруына байланысты, кредиторлық  қарыз және дебиторлық қарыздың болмауына қалыптасты.

 

            462 «Ауыл шаруашылығы   бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 17428,2  мың теңгеге 1 бюджеттік бағдарлама  жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін мақсат пен міндеттер қойылып  іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды «Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы  саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер». Жоспар бойынша 17429 мың теңге, игерілгені 17428,2 мың теңге  немесе жоспарға 100 %.  Дөңгелектеу есебінен 0,8 мың теңге игерілмеді. Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

Мемлекеттік органның бюджеттік қаражатты тиімсіз басқаруына себеп болған жыл соңында 45,4  мың теңге  дебиторлық  қарыз  қалыптасты.

 

                        468 «Ауданның сәулет және қала құрылысы бөлімі» — бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 7231,8  мың теңгеге 1 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды.

 

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшінн мақсат пен міндеттер қойылып  іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, барлық бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды:  

«Ауданның сәулет және қала құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер». Жоспар бойынша 7232 мың теңге, игерілгені 7231,8 мың теңге  немесе жоспарға 100 %. Дөңгелектеу есебінен 0,1 мың теңге игерілмеді.

Мемлекеттік органның бюджеттік қаражатты тиімсіз басқаруына себеп болған жыл соңында 39,2  мың теңге  дебиторлық  қарыз  қалыптасты.

Жоғарыда аталған көрсеткіштердің деңгейінде  іске асырылды:

  • 463 «Ауданның жер қатынастары бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 9331,6 мың теңгеге 1 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды.
  • 493 «Ауданның өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 9762 мың теңгеге 1 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды.

 

            473 «Ауданның ветеринария бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 49635,4 мың теңгеге 3 бюджеттік бағдарлама  жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін мақсат пен міндеттер қойылып  іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалмаған. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

Тиімді  және толық көлемде орындалған бағдарламалар:

  • «Эпизоотияға қарсы іс – шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша 33909,3 мың теңгені құрады. Тікелей және соңғы көрсеткіштер 100 % орындалды. Бұл бағдарламаны іске асыру  нәтижесінде  жоспарланған эпизоотияға қарсы іс – шаралар жүргізілді, соның ішінде:  аудан бойынша ветеринарлық препараттарды қолдану, серологиялық зерттеулер үшін қандарды алу және жеткізу, ветеринарлық препараттарды тиісті жерлерде уақытша сақтау.
  • «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» -жоспар бойынша 3782 мың теңге, 100 % игерілді. Тікелей және соңғы көрсеткіштер 100 % орындалды.

Тиімсіз  және толық көлемде орындалмаған бағдарлама «Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» — жоспар бойынша 11965 мың теңге, игерілгені 11944,1 мың теңге. Экономия  есебінен 20,9 мың теңге игерілмеді. Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  бағдарлама  кредиторлық қарыз 127,7 мың теңгені құрады, яғни  бюджеттік тәртіптің төмендігін білдіреді.

 

            451 «Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 163448,7  мың теңгеге 15 бюджеттік бағдарлама  жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін  мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалды. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспардың  100 % орындалуы болып табылады.

Мына бағдарламалар тиімді  және сапалы  игерілді:

  • — «Жұмыспен қамту бағдарламасы» — 55927,9 мың теңге немесе жоспар 99,9 % орындалды. Игерілмегені 6,1 мың теңге- көшіп келуге арналған субсидия,  экономия есебінен. Осы  бағдарлама бойынша  кәсіби қайта даярлауға — 18 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына еңбек ақыны жартылай субсидиялау жағдайында — 20 адам,  Бағдарламаға қатысушылар арасынан жастар практикасына 28 адам жіберілді, 28 отбасы көшіп келуге субсидия алды. 423 жаңа жұмыс орындары ашылды. Аудандық бюджеттің есебінен  қоғамдық жұмыстарға 120 адам  тартылды және облыстық бюджет есебінен қысқа мерзімді  кәсіби даярлыққа және қайта даярлыққа 293 адам оқытылды. Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

— «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» — 27167,5 немесе  жоспарға 99,9 %. Игерілмегені  2,5 мың теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша экономия. 

— «Жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу, жеткізу қызметі үшін ақы төлеу» — 468 мың теңге немесе жоспар 100 % орындалды. Бұл бағдарлама бойынша қаржы банктің 6 түрі бойынша  жәрдемақылар мен әлеуметтік төлем жөніндегі қызметі үшін ақы төлеуге жұмсалды.

— «Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» — 535 мың теңге немесе жоспар 100 % орындалды. Бұл бағдарлама бойынша 14 мүгедек балаға материалдық көмек көрсетілді.

— «Жергілікті өкілетті органның шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» — 25302 мың теңге жұмсалды немесе жоспар 100 % орындалды, шығын 2274 әлеуметтік көмек алушыға жұмсалды.

— «18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы» — 4141,3 мың теңге немесе жоспар 100 % орындалды. Осы  бағдарлама бойынша аудандық бюджеттің қаражаты есебінен 18 жасқа дейінгі  377 балаға жәрдемақы төленді. 

  • «Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек» — 218,5мың теңге немесе жоспарға 100 %. Шығын 30 ақшалай жәрдемақы алушыларға жұмсалды.
  • «Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізу» — 8299,9 мың теңге немесе жоспар 100 % орындалды.Осы жоба бойынша 95 алушылар ақшалай көмек алды.
  • «Тұрғын үй жәрдемақысы» — 104,9 мың теңге немесе жоспарға 100 %. Бұл бағдарлама бойынша аудандық бюджет қаражаты есебінен 36 жәрдемақы алушыға көмек көрсетілді.
  • «Мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ымдап сөйлесетін мамандарды, жеке көмекшілердің қызметін көрсету» — 11472,8 мың теңге немесе жоспар 100 % орындалды. Игерілмегені 0,08 мың теңге, орныдалған жұмысқа ұсынылған актілер бойынша қызметтерді төлеу. Бұл бағдарлама бойынша 97мүгедекке гигиеналық құралдар сатып алынды, 4 мүгедекке ымдап сөйлесетін  1 маманның және 22 мүгедек үшін  22- жеке көмекшінің қызметі көрсетілді.
  • «2012-2018 жылдары Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» -9195,9 мың теңге немесе жоспар 100 % орындалды, игерілмегені  0,1 мың теңге- дөңгелектеу.  Осы бағдарлама бойынша соңғы және тікелей көрсеткіш 100% орындалды. Бұл бағдарлама бойынша 81 мүгедекке  гигиеналық құралдар сатып алынды және 4 мүгедекке ымдап сөйлесетін  1 маманның қызметі көрсетілді.
  • «Үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» -3951,3 мың теңге немесе жоспар 99,7 % орындалды, игерілмегені  11,7 мың теңге- экономия.  Осы бағдарлама бойынша шығын жалғыз тұратын 10 қарт кісілерге үйлерінде қызмет көрсетуге жұмсалды.

— «Жұмыспен қамту орталығы қызметін қамтамасыз ету»   14955,8 мың теңге немесе жоспар 99,9 % орындалды. Экономия  есебінен 9,8 мың теңгесі игерілмеді. Осы бағдарлама бойынша штат саны бойынша 6 бірлігі бар жұмыспен қамту орталығы қамтылған. Осы бағдарлама бойынша тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

«Идараға қарасты мемлекеттік мекемелермен ұйымдардың күрделі шығыстары» — 1000 мың теңге,  офистік жиһаз және компьютерлік жабдықтар стаып алуға жұмсалды. Осы бағдарлама бойынша тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

  • «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» -707,9 мың теңге игерілді немесе 100 % . Осы бағдарлама бойынша  жүйе блогы, ноутбук және ҚР елтаңбасы   сатып алынды.
  • 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағдарлама  кредиторлық қарыз 48,7 мың теңгені және дебиторлық қарыз 11,7 мың теңгені құрады, яғни  бюджеттік тәртіптің төмендігін білдіреді.

 

            467 «Ауданның құрылыс бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 209851,8 мың теңгеге 5 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшінн мақсат пен міндеттер қойылып  іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, барлық бағдарламалар тиімсіз және нәтижесіз  орындалды.  Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша  100 % деңгейінен төмен орындалды.

            Мына бағдарламалар тиімсіз  және сапасыз  орындалғандар:

— «Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»  — 7422  мың теңге немесе жоспарға 99,9 %. Игерілмегені 4 мың теңге- дөңгелектеу. . Осы бағдарлама бойынша  тікелей көрсеткіш «Бұланды ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес, бөлімнің штат санымен қоса күтіп ұстау»  жоспар бойынша 3 бірлік, 100 % орындалды.

— «Коммуналдық тұрғын үй қорының құрылысы және жобалау (немесе) қалпына келтіру» — 50712,1 мың теңге немесе 100 %.  Осы бағдарлама бойынша тікелей көрсеткіштер:

  • «Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласынадғы 18-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» (құрылысты аяқтау) 100 % орындалды.  Объект 2017 жылғы 13 желтоқсанда пайдалануға берілді. Шығындар 44485,6 мың теңгені құрады.
  • «Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, 25А және 25Б Бөгенбай көшесіндегі 45-пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы»  объектісі бойынша қосымшаға идирадан тыс мемлекеттік сараптаманы жүргізе отырып жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 6226,5 мың теңге. 2017 жылғы 25 қыркүйекте мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» -жоспар бойынша 107708,9 мың теңге, игерілгені 107708,9 мың теңге немесе 100 % орындалды. Осы бағдарлама бойынша, облыстық  бюджет есебінен «Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласындағы № 4 орта мектеп ғимаратының екінші қабаттағы блогын балалар музыка мектебі, балалар шығармашылығы үйі және түзету сыныптарының кабинетіне қайта қалпына келтіру» жұмыстары жүргізілді. Объект 2017 жылғы 5 қазанда пайдалануға берілді.

Аудандық бюджет есебінен «Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Алтынды ауылындағы Алтынды орта мектебінің С блогын  қалпына келтіру және қазандықтың құрылысы» жұмыс жобасы бойынша оң кешенді идараға емес сараптама жүргізе отырып ЖСҚ әзірленді. Тікелей және соңғы көрсеткіштер  100 % орындалды.

Тиімсіз  және толық көлемде орындалмаған бағдарлама «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру». Жоспар бойынша 6131,7 мың теңге, игерілгені 5571,4 мың теңге. Игерілмегені 560,3 мың теңге. Игерілмеген себебі: 209,5 мың теңге- «Макинск қаласындағы 18-пәтерлі тұрғын үйді аббаттандыру және инженерлік желілердің құрылысы» объектісі бойынша орындалған жұмыстың актілері қайтарылды және 350,8 мың теңге- «Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы,  25А және 25Б Бөгенбай көшесіндегі 45-пәтерлі екі тұрғын үйге инженерлік желілер құрылысы  мен абаттандыру (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз және аббаттандыру» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы ұсынбағаны үшін.

Тікелей және соңғы көрсеткіштер бойынша жоспарды орындамау, ол нәтижесіз және тиімсіз көрсеткіштер болып табылады.Осы бағдарлама бойынша «Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы,  25А және 25Б Бөгенбай көшесіндегі 45-пәтерлі екі тұрғын үйге инженерлік желілер құрылысы  мен абаттандыру (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз және аббаттандыру» жобалары бойынша идарадан тыс мемлекеттік сараптама жасалып жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу» тікелей көрсеткіш орындалмады.

Тиісінше соңғы көрсеткіш орындалмады.

Бюджеттік қаражатты толық игерілмеген болса да, тікелей және соңғы көрсеткіштер орындалды;

-«Коммуналдық шаруашылықты дамыту» — 38454,9 мың теңге, игерілгені 38436,9 мың теңге немесе 99,9 %. Игерілмегені 18 мың теңге- толық есептесу үшін, хабарландыруға жеткізімшімен қол қойылмады.

Осы бағдарлама бойынша өткен жылдардағы кредиторлық берешек жартылай төленді, «Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының өнтүстік-шығыс бөлігінде (4 учаске) модульдік қазандық және жылу желілерін салу.»; «Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласы,  25А және 25Б Бөгенбай көшесіндегі 45-пәтерлі екі тұрғын үйге жылумен жабдықтаудың ішкі желілерінің құрылысы» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шығындар жұмсалды, жоба мемлекеттік сараптамаға жіберілді; «Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласы,  25А және 25Б Бөгенбай көшесіндегі 45-пәтерлі екі тұрғын үйге блокты-модульдық қазандықтың құрылысы» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге.  Аяқтау мерзімі 2018 жылғы сәуір айы. ЖСҚ мемлекеттік сараптамаға қарастыруға жолданды; «Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының өнтүстік-шығыс бөлігінде модульдік қазандық және жылу желілерін құрылысы (4 учаске)  екінші кезең» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге. Аяқтау мерзімі 2018  жылғы ақпан айы, ЖСҚ мемлекеттік сараптамаға қарастыруға жолданды; «Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының өнтүстік-шығыс бөлігінде модульдік қазандық және жылу желілерін құрылысы (4 учаске)  бірінші кезең» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама түзетуге жолданды. Аяқтау мерзімі 2017  жылғы қараша  айы, ЖСҚ мемлекеттік сараптамаға қарастыруға жолданды. Осы мәліметтер бойынша ескертулер болды, бюджеттік комиссия жобаның смета құнының көтерілуі бойынша шешімі. Барлық ескертулер түзетілді, желтоқсан айында мемлекеттік сараптамаға қайта жолданды. Аяқтау мерзімі 2018 жылғы ақпан айы.

2017 жылдың  қорытындысы бойынша  бағдарлама әкімшілігімен 5950,6 мың теңге дебиторлық қарыз және 69129,9 мың теңге кредиторлық қарыз болуы мемлекеттік органның бюджеттік тәртібінің төмендігін, бюджеттік қаражатты тиімсіз басқаруды білдіреді.

 

            492 «Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 474048,6 мың теңгеге 10 бюджеттік бағдарлама  жүзеге асырылды, өткен жылмен салыстырғанда 1  бюджеттік бағдарламаға аз.

Мемлекеттік органның жұмыстарының нәтижесіне жету үшін  мақсат пен міндеттер қойылып іс –шаралар әзірленді.

Нәтижеге жету, мақсат пен міндеттерді шешу анализі анықтағандай, кейбір бағдарламалар тиімді және нәтижелі орындалмаған. Тиімділік пен нәтижеліктің негізгі көрсеткіші болып тікелей және соңғы көрсеткіштері бойынша жоспар 100 % орындалды.

Тиімді, дер кезінде және толық көлемде орындалған бағдарламалар:

«Мемлекеттік  органның күрделі шығыстары» -755 мың теңге немесе 100 % . Осы бағдарлама бойынша  бөлімнің материалдық-техникалық базасын жаңартуға жұмсалды.

«Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі» — 36800 мың теңге  немесе жоспарға 100  %. Облыстық бюджеттен  бөлінген нысаналы трансферттер есебінен  Макинск қаласындағы су бөлу жүйесіндегі су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.

 

«Қауырт шығындарға жергілікті атқарушы органның резерві есебінен іс-шаралар өткізу». -38400 мың теңгесі игерілді немесе жоспарға 100 %. Осы бағдарлама бойынша  аудандық бюджеттің  резерві есебінен  Вознесенка селосындағы көпірге құрылыс конструкциясының техникалық жағдайын бағалауға техникалық қорытынды шығаруға және  ауданның елді мекендерін су ағысына дайындау және қарды шығару бойынша шараларды өткізуге жұмсалды. Облыстық бюджеттің резерві есебінен  Макинск қаласын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін отындық сатып алуға.

— «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» — 2000 мың теңге немесе жоспарға  100 %. Осы бағдарлама бойынша Макинск қаласының орталық көшелерін жарықтандыруға  жұмсалды (электрмен жабдықтау желілерін күтіп ұстауға).

— «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» — 152 мың теңгесі игерілді. Осы бағдарлама бойынша   мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде  жол белгілерін және нұсқауларды орнатуға  мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды  дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға жүргізілді.

— «Автомобиль жолдарының қызметін қамтамсыз ету» -40000 мың теңге немесе жоспарға 100 %.  Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаржы облыстық бюджеттен бөлінді, ол Макинск қаласының төрт көшелеріне асфалтты бетон төселімдер жүргізілді.

— «Аудан ішінде, және қала маңындағы, поселке ішіндегі (қала ішінде) қоғамдық көлік тасымалдауды ұйымдастыру»  — 6727,6мың теңге немесе жоспарға 100 %. Нақты 3 –маршруттық тасымалдау саны үшін төлем жүргізілді;

—    «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» — 16905,3 мың теңге немесе жоспарға 100 %. Осы  бағдарлама бойынша облыстық бюджеттен бөлінген шығындар, Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы «Макинск Жылу» ШЖҚ МКК арнайы фронтальный погрузчик техника  сатып алуға жұмсалды.

— «Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» жоспар бойынша 11552 мың теңге, игерілгені  11550,4  мың теңге  немесе жоспарға 100 %. Игерілмегені 1,6 мың теңгесі – дөңгелектеу есебінен –қалдық.   Тікелей  көрсеткіш «Каулыға сәйкес штат саны  4 бірліктен тұратын бөлімді ұстаға» орындалды,  100 % орындалды.

Толық көлемде жүзеге аспаған,  алайда тікелей көрсеткіштер 100 %  орындалмағынымен, тиімсіз жүзеге асырылған бағдарламалар: «Макинск қаласын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету» бағдарламасы жүзеге асырылды «Шағын қалаларды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету» игерілгені 320758,4 мың теңгесі, нәтижесінде тікелей көрсеткіш «облыстық бюджеттен мазут сатып алу» 45,4 % орындалды, жоспар бойынша 5462 тонна болса, сатып алынғаны 2482,5 тонна. Жетіспегені 2979,5 тонна, жеткізімшіге кестеге сәйкес қаражатты толық аудармауға байланысты. Нақты осы бағдарлама бойынша көмір, мазут сатып алынды, ғимаратқа, қазандыққа, қазандық жабдықтарына  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жыл қорытындысы бойынша 30566,3 мың теңге дебиторлық қарыз қалыптасты- бекітілген кестеге сәйкес мазут сатып алуға төленетін төлем.

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

 

            Бұланды ауданы бойынша барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне 2017 жылдағы мемлекеттік органдардың   жүргізілген анализі бойынша мақсат пен міндеттерді шешу, нәтижеге жеткізу бойынша ұсыныстар берілді:

            — жоспарланған іс –шаралардың толық орындалуына шара қолданылсын;

            — тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің деңгейін көтеру, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігін көтерсін;

            — бюджеттік қаражатты тиімді және дер кезінде игеру бойынша нақты іс-шаралар қолдансын. ;

            — бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануына, қаржылық бұзушылыққа жол берілмесін;

— кредиторлық және дебиторлық қарыздардың пайда болуына жол бермеу үшін шара қолданылсын;

            — бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жүйелі бақылау белгіленсін.

Бұланды ауданының экономика және

қаржы бөлімінің басшысы

Г. Вахрушева

Жарияланған күні: 30.03.2018

Жаңартылған күні: 30.03.2018

Қаралым саны: 996