Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Бұланды ауданы әкімі аппаратының, Бұланды ауданының Макинск қаласы, Ауылдық, селолық округтері әкімдері аппараттарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Бұландны ауданы әкімінің

2017 жылғы 10 қарашадағы

№ 11-78ө өкімімен

бекітілді

 

 

Бұланды ауданы әкімі аппаратының,

Бұланды ауданының Макинск қаласы,

Ауылдық, селолық округтері әкімдері аппараттарының

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

 

Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар жүйесін ұсынады.

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық, селолық округтер әкімдері аппараттарымен бересе отырып «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Ақмола облысы Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық,селолық округтері аппараттарымен бірлесе отырып, «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  3. Қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) ережелері:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарда қаралған салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысында:

— Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының басқа нормативті-құқықтық актілерін басшылыққа алу;

— жеке және заңды тұлғаларға, әріптестеріне адал, әділ, сыпайы қарау, әдептілік таныту;

— мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының сал-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау;

— жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау кезінде төрешілдік және сарсаңға салуды болдырмау;

— азаматтардың келісімісіз олардың жеке өмірі туралы мәліметтерді, жеке және отбасылық құпияларды жария етпеу;

— жеке басының мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер және басқа да тұлғалар қызметіне ықпал ету үшін өз қызметтік дәрежесін пайдаланбау;

— мемлекеттік қызметтер тұтынушысы ретінде халық сұранысына бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру шараларын тұрақты қолдану;

— шындыққа жанасымсыз мәліметтерді таратпау.

2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және басқа шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

— құзыретті шектеуді және құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

— лауазымдық өкілеттікті орындауға қатысты емес өкімдердің, бұйрықтар мен нұсқаулардың шығарылуын болдырмау;

— қоластындағылардан лауазымдық өкілеттігі шегінен тыс шығатын тапсырмалардың орындалуын талап етпеу;

— туысқандық, жерлестік және жеке берілгендік себептері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларын жібермеу;

— меритократия принциптерін ұстану;

— қабылданатын шешімдер үшін дербес жауап беру.

3) нормативті-құқықтық актілер жобасын дайындау кезінде:

— нормативті-құқықтық актіні қабылдауды осы актіні қабылдау құзыреті Қазақстан Республикасы заңымен көзделген жағдайда ғана жүзеге асыру;

— нормативті-құқықтық актіні қабылдау азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен бостандығына шек қоймауы, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбауы тиіс;

— нормативті-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторлары мен олардың белгілері бар нормаларды қолданбау;

— азаматтар құқықтарын іске асыру жөніндегі шешім жобасы келісілетін инстанциялар санын мүмкіндігінше азайту.

4) тіршілік әрекеті саласының өзгешілігіне байланысты туындайтын басқа өзара қарым-қатынас кезінде:

— бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық белгілеу;

— бағыныстағы лауазымды тұлғалар арасында жұмыс мөлшерінің біркелкі бөлінбеуін жібермеу;

— лауазымдық міндеттері шегінен шығатын немесе орындауға мүмкін емес, сондай-ақ заңға қайшы келетін тапсырмалар бермеу;

— басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзушылықты жібермеу шараларын қолдану.

  1. Басқа шектеулер мен тыйымдар:

— заңмен тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтар жасалуын болдырмау;

— қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген шектеулер мен тйымдарды ұстану;

— қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау, өз қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқару, жұмыс уақытын тиімді және нәтижелі қолдану;

— бір мемлекеттік органда тікелей бағыныста туысқандармен жұмыс істеуді болдырмау;

— мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекет меншігін, автокөлік құралдарын тиімді және тек қызмет мақсатында ғана пайдалану;

— мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік аппарат беделін нығайтуға септігін тигізуі қажет, ресмилік, ұстамдылық пен ұқыптылықты танытанын көпшілік мақұлдаған іскерлік стильді ұстану.

Жарияланған күні: 31.03.2018

Жаңартылған күні: 31.03.2018

Қаралым саны: 862