Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

«Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының

2017 жылғы 10  қарашадағы

№ 103 бұйрығымен

бекітілді

 

«Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

  1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: экономика және қаржы.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекет қағидалары:

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, еркіндіктерін және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңда белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың айқындығын қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде тұрғындардың сұранысына тұтастай бағыттала отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөнінде тұрақты түрде шаралар қолдану;

жеке басының мәселелерін шешу барысында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және басқа тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет жағдайын пайдаланбау;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның әрбір көріністеріне төзбеушілік таныту;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау.

3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін қатаң түрде сақтау;

мүдделер қақтығысына жол бермеу, олар пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

 мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін мәселелерге шешім қабылдау барысында ешқандай материалдық пайда, қызметтер және өзінің міндеттерін атқаруға сәйкес өзге де артықшылықтарды қабылдамау;

оларға берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:

нормативтік құқықтық актілердің мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын болса, оларды қоғамдық талқылаусыз әзірлеуге және қабылдауға жол бермеу;

өзіне және үшінші тұлғалар үшін пайда алу мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол бермеу.

3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

мемлекеттік органдардың қызмет ету тиімділігіне кедергі болатын немесе оны төмендететін, мемлекет мүддесіне зиян келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

заңмен қарастырылған тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық үшін теріс қылықтарды немесе өзге құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу, ол үшін адал, әділ, қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;

қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;

өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;

қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;

мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;

қарамағындағы қызметшілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;

мемлекеттік қызметшілердің әдебіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заңнаманы құқықтық жалпы оқу шеңберінде зерделеу.

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

Мемлекеттік қызметшілерге жол берілмейді:

егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық міндетіне кірмейтін болса, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, мүліктік және басқа да игілік алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге;

кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, бұған ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымның дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес процентінен аспайтын көлемдегі жай акциялар) сатып алу және (немесе) өткізу қосылмайды;

педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға;

қоғамға жат мінез-құлық көрсету, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына;

жеке басына мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін өз лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдалануға;

өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға.

Жарияланған күні: 31.03.2018

Жаңартылған күні: 31.03.2018

Қаралым саны: 725