Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Бұланды ауданының «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту

Бұланды ауданы

«Ветеринария бөлімі»  ММ

2017 жылғы 10  қарашадағы

№ 01-04/21 бұйрығы

бекітілді

 

Бұланды ауданының «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту

 

  1. Қоғамдық қатынастар салаларының атауы: ветеринария саласы.  
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеушінің атауы: Бұланды ауданының «Ветеринария бөлімі» ММ-сі.
  3. Бұланды ауданының «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  қызметін қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің мінез-құлық (әрекет) Ережелері.

3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

Қызметкерлер өз қызметінде міндетті: 

1) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуға белсенді қатысу және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға дербес жауаптылық;

3) әріптестерінен жоғары  құқықтық және сыбайлас жемқорлық мәдениетін  сақтауды қолдау және талап ету;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеулері тиіс.

5) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға көндіруге

6)  өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқару кезінде  жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар,  ақшалай қаржы, қызметтер, тауарлар алмауға; 

7) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтар алу немесе табу мақсатында ресми жариялануға тиіс емес қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға; 

8) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

9) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпауға;

10) қызмет бабын теріс пайдалану, негізсіз көріністерге, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық көріністеріне жол бермеуге;

11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыру, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

12) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

13) жеке тұлғаларды, соның ішінде заңды тұлғалардың мүддесін танытушы тұлғаларды, олардың отбасы мүшелерін субъектілерге және лауазымды тұлғаларға олардың қызметін сынап не құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өтініш беруіне байланысты қудалаудың жолын кесуге;

14) жеке тұлғалардың, соның ішінде заңды тұлғаның мүддесін танытушы тұлғалардың келісімінсіз олардың жеке өмірі туралы мәліметтерді немесе мемлекеттік не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге; жеке тұлғаның жеке басы туралы өтінішке қатысы жоқ деректердің анықталуына жол бермеуге;

15) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын, шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге.

3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

1) өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыруға;

2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;

3) орындау үшін алынған тапсырманың заңдылығына күмәнданғаны туралы тікелей басшысына жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті;

4) жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы басшылығына дереу хабарлау;

5) лауазымды бағынысты тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және айқын анықтауға;

6) мүдделер қақтығысын болдырмау, олар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдауға;

7) егер мүдделер қақтығысына тікелей басшының өзі қатысты болса, жоғары тұрған басшыға жүгіну;

8) қарамағында лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемені тең емес тұрғыда бөлуге жол бермеу;

9) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;

10) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жеткілікті шаралар қабылдау;

11) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбауға;

12) үшінші тұлғалардың мүдделерін, сондай-ақ іс-әрекеттерді жасаудан аулақ ұсыну немесе мүдделік қолдау.

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындау кезінде:

1) НҚА жобаларын даярлау кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандығын қозғайтын Заңын қатаң ұстануға;

2) әзірленетін НҚА жобалары жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиісті;

3) НҚА жобаларын дайындау барысында заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу;

4) нормативтік құқықтық актілерді өзіне және өзге адамдарға пайда табу мақсатында қабылдаға жол бермеуге;

5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты НҚА жобасын «Құқықтық актілер туралы» Заңның 20-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен құрылатын қоғамдық кеңестерге жіберу;

6) әзірленген нормативтік құқықтық актілер жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жіберуге дейін көпшілікпен талқылау үшін  ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталға орналастыру;

7) НҚА жобасын дайындау мен талықылауда қоғамның міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету;

8) сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін баламалы санкциялар бар нормативтік құқықтық актілер нормаларын пайдалануға болмайды;

3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

1) сауалдарды қабылдаудан негізсіз бас тартуға, оларды қарау  кезінде әуре-сарсаңға және дәйексіз мәліметтердің ұсынылу фактілеріне  жол бермеу;

2) жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс;

3) орынсыз айыптауға, дөрекілік факторларына, адамның ар-намысына тиюіне, жөнсіздікке, дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу;

4) олардың лауазымдық міндеттерінен тыс немесе орындалмайтын, сондай-ақ заңға қайшы тапсырма бермеу;

5) қызметтік тәртіпті  сақтау;

6) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

7) қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін бағынышты қызметкерлерді тартуға жол бермеу.

Мемлекеттік қызметтер көрсету, лицензиялық-рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру және өзге де халыққа қызмет көрсету кезінде аппараттардың лауазымды адамдарына ұсынылады:

1)               мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар  қабылдауға;

2)               мемлекеттік қызметтерді алуға арналған өтініштерді, лицензиялар мен рұқсат құжаттарды қарау кезінде төрешілдікке жол бермеу, оларды белгіленген мерзімінде беру;

3) мемлекеттік қызметтерді, лицензияларды және рұқсат беру құжаттарын алуға өтініш берушілермен қызметтен тыс қарым-қатынастарға бармауға;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға бейім кезінде басшылыққа баяндау;

5) мемлекеттік қызметтерді, лицензиялар немесе рұқсат құжаттарын алуға өтініш берушімен тікелей байланысты азайтуға;

6) мемлекеттік қызмет көрсету үшін лицензия алу немесе рұқсат беру құжаттарды бекітілген тізбеге кірмейтін қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге және сұратуға;

7) қызмет алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етпеуге;

8)  ақпараттық жүйелерге (олар болған жағдайда)  мемлекеттік қызмет көрсету туралы қарауға қабылданған өтініштер, сондай-ақ қарау ахуалы туралы мәліметтерді уақытылы енгізу.

Аппараттардың лауазымды тұлғаларына тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде мыналар ұсынылады:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсыну;

3) әлеуетті жеткізушілер арасында әділ бәсекелестік;

4)мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

5) отандық тауарларды өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмеген, бұл шамада жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету;

6) сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол бермеу;

7) әлеуетті өнім беруші, егер осы әлеуетті өнім берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса онда өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысушыға жол бермеу;

8)  атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Бірыңғай борышкерлер тізіліміне қосылған әлеуетті жеткізуші және (немесе) оларға тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысушыға жол бермеу.

Аппарат қызметшілерін/жұмыскерлерін таңдау мен орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде басшылар мен лауазымды тұлғаларға мыналар ұсынылады:

1) меритократия принциптерін басшылыққа алады;

2) тағайындау материалдарын қараудың белгіленген мерзімін сақтау және бақылау;

3) аппаратқа қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;

4) кадрларды іріктеу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

5) мемлекеттік қызметкерлердің жеке деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

6) қызметке/жұмысқа үміткерден еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу.

 

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

1)    Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның талаптарын сақтау;

2)   Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулерді сақтау;

3)   жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеу және бекiту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жұртшылықтың қатысуымен әзiрленедi.

Жұртшылықтың қатысуы:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасын аудан әкімінің интернет ресурсында орналастыру және оған ұсыныстар мен ескертулердi жинақтау, қоғамдық тыңдауларды өткiзу, әзiрленiп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасын қарау үшiн «дөңгелек үстел» форматында отырыстар өткiзу арқылы жүзеге асырылады.

Бекiтiлген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт аудан әкімінің интернет ресурсында жариялануы тиiс.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың орындалуы мiндеттi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, мекеме басшысының шешiмiмен тәртiптiк немесе материалдық жауапкершiлiкке тартылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуын бақылау мекеме бөлiмiнiң басшысына және тiкелей орындаушыға жүктеледi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуы (сақталмауы) туралы ақпарат мекеме қызметкерлерiнiң жұмысын бағалауда және аттестаттауда қолданылады.

Жарияланған күні: 31.03.2018

Жаңартылған күні: 31.03.2018

Қаралым саны: 745