Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

«Бұланды ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

2017 жылғы «14» қараша

                                                                                        № 01-04/14 басшысының

бұйрығымен бекітілген

 

«Бұланды ауданының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы — ішкі саясат
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әзірлеушінің атауы «Бұланды ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ
  3. Қоғамдық қарым қатынастың негізгі аумағында қызмет ететін тұлғалардың тәртіп (іс әрекет) ережелері:

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты қозғалатын  саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

Конституцияға, Қазақстан Республикасының  заңдарына Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне,  басқа да нормативті құқықтық актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады;

мемлекеттік егемендігі нығайту;

ішкі саяси процестерді реттеу;

қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

              3.2.  өзінің құзырындағы басқару және басқа да шешімдерді қабылдау және әзірлеу кезінде:

міндеті бағынысты аумақта ішкі саясат істеріне басшылықты жүзеге асырады;

азаматтық — құқықтық қатынастарға өз атынан шығады;

жанжалдарға жол бермеу, ал олар туындаған кезде, Заңнамасына сәйкес,  жою бойынша шаралар қабылдау;

  • тыныс-тіршілігін саласында өзге де өзара туындайтын қарым-қатынастардың ерекшелігіне байланысты:

кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің функцияларының міндеттерді орындау туралы  шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады;

 мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мөлдірлігін қамтамасыз ету;

         ішкі саясат мәселелері бойынша лауазымды қызметкерлеріне мемлекеттік органдарына ұйымдастырушылық — әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

ішкі саясат бөлімінің мәселелер жатқызылған мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алмасу;

жеке және заңды тұлғалардың  құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын

 

шешімдерді қабылдауында ашықтықты қамтамасыз ету.

  1. Басқа шектеулер мен тыйым салулар:

бөлімінің қызметшіге тыйым салынады:

          шаруашылық субъектінің дербес басқаруына қатысу және Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қызметтік міндеттемелеріне жатпайтын жағдайда шаруашылық субъектісін басқаруға өздігінен қатысуға, өзінің қызметтік мүмкіншіліктерін заңсыз  пайдалану жолымен жеке тұлғалардың немесе мекеменің материалдық қызығушылығын қанағаттандыруға ықпал етуге мақсатында мүліктік және басқа да қаражатқа ие болу;

өндірістік іс әрекетпен шұғылдануға, тек қана ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында инвестициялық қорлардың интервальді және ашық пайларын жүзеге асыру немесе коммерциялық мекемелердің акцияларын сатып алу (мекеменің акцияларының жалпы санынан бес пайызын дауыс беру асырмайтын мөлшердегі қарапайым акциялары) жол беріледі;

басқа да ақылы іс әрекетпен айналасуға, педагогикалық, ғылыми және басқа да шығармашылық қоспағанда;

антиқоғамдық тәртіп жағдайларына жол беру, сонымен қатар қоғамдық жерлерде  қоғамдық мінез құлыққа жат және адами жетістіктеріне тіл тигізетіндей күйде алкогольді ішімдік пайдаланған жағдайда болмауы тиіс;

жеке мүлікті және мүліксіз пайдасын көру үшін өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалануға онымен байланысы бар мүмкіндік болған жағдайда;

жалпы қоғам талаптарына зиян келтірмеу мақсатында   өз тарапынан заң талаптарын бұзуға жол беру, демек тәртіп және қауіпсіздік сақтау, анти қоғамдық іс әрекеттерге, заңға қарсы әрекеттерге басқа азаматтарды итермелеуге жол беру;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кәсіпкерлік және өзге де байланысты табыс табуды қызметіне, кімге болса да жәрдемдесу.

Жарияланған күні: 31.03.2018

Жаңартылған күні: 31.03.2018

Қаралым саны: 817