Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының нысаны

       Бұланды ауданының

                                                                                     жұмыспен қамту және

                                                                                     әлеуметтік бағдарламалар

                                                                                     бөлімі Мемлекетік Мекеме

                                                                                     басшысының

                                                                                     2017 жылғы 15 қарашадағы

                                                                                     № 21 бұйрығымен

                                                                                     бекітілген    

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының нысаны

 

  1. Қоғамдық қатынастардың аясын атауы Әлеуметтік қорғау.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стандарттарын әзірлеуші ​​атауы «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

 

  1. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекеттері) ережесі

 

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

— қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;

  • шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
  • азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
  • олардың өтiнiштерiн заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;
  • мемлекеттік қызметті көрсету және өзге де рұқсат беру қызметтерін жүзеге асыру барысында қаралмаған құжаттарды талап етуіне жол бермеу.

 

3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

— қызығушылар қақтығысың болдырмау, болған жағдайда оны жоюдың заңнамаға сәйкес шараларың қабылдау;

— заңды және жеке тұлғаларға артықшылық көрсетпеу;

— лауазымдық міндетті орындауда олардың әсеріне тәуелді болмау, еңбек тәртібін қатаң сақтау;

— берілген міндет-мақсатты тиымды пайдалану;

— өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару;

— жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану.

 

 

3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:

— НҚА жобаларын қоғамдық кеңес, іскерлік палатасына, жеке кәсіп ұйымдарына, әкім сайтына, халық талқылауына және «НҚА ашылуы» сайтына жіберіп отыру;

— әрекет етуші заңнаманың мөлшерін сақтау;

— өзінің немесе өзгенің пайдасы үшін нормативтік құқықтық актіні қабылдауға жол бермеу.

 

3.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

— мемлекет муддесіне зиян тигізуші әрекеттерге қарсы туру, мемлекет ұйымдардың қалыптасуына қарсы әрекет болдырмау, заңмен қаралатын әкімшілік не құқықтық жауапкершілікке әкелетін құқықбұзушылықты және әрекетті болдырмау;

— арнайы тәртіптің іскерлік әдеп пең ережесін сақтау;

— басқа мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қызмет әдебін бұзбауда шаралар қабылдау;

— әріптесінің ар-намысына тиетіндей, олардың жеке және кәсіби мәселелерін талқылдауды болдырмау.

 

3.5 .Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

Жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге.

Өзінің қызмет құзіреттілігінде және сонымен байланысты мүмкіндіктерді және мүдде-мүлкін үшін қолдану.

Өз тарапынаң Заң талабын бұзуды болдырмау қоғамдық ұстаным мен ожданға қиянат жасауды, тәртіп пен қауіпсіздікті бұзуды болдырмау, сонымен қатар қоғамға қарсы әрекет пен құқық бұзушылыққа басқа да азаматтарды тартуға тыйым салынады.

Жарияланған күні: 31.03.2018

Жаңартылған күні: 31.03.2018

Қаралым саны: 706