Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Бұланды ауданының «Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

  1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: тұрғын үй коммуналдық шаруашылы саласындағы басқарма.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Бұланды ауданының «Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың мінез — құлық (іс — қимыл) қағидалары:

3.1. сыбайлас  жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

— басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласу;

— қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап ету;

— жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасау;

— шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке мен (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету;

— өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеке өзінің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттардырумен байланысты мәселелерді шеші кезінде пайдалану;

—  мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшін пайдалану;

— қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беру;

3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

-сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтарға жол юермеу;

—  басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу;

—  жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;

—  өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындауын қамтамасыз ету;

—  өзінің қызметтік жұмысын материалдық — техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалану.

3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:

—  қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялағанда Қазақстан Республикасының құқықтық актілер туралы Заңын басшылыққа алу.

3.4. тіршілік әрекеті саласының ерекшеліктеріне байланысты туындацтын өзге де қарым — қатынастар кезінде:

— жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

— адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

— өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

— жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

— жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

—  азаматтардың және заңды тұлғалар құқықтарының, бастандығы және заңды мүдделерінің қоғалуы мен сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде және тәртіппен олардың өтініштерін қарау және оларға бойынша қажетті шаралар қабылдау;

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

бөлім қызметкеріне тыйым салынады:

— егер шаруашылық етуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысуға, мүліктік немесе өзге де игіліктер алу мақсатында өздерінің қызметтік өкілеттіктерін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге;

— егер шаруашылық етуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысуға, мүліктік немесе өзге де игіліктер алу мақсатында өздерінің қызметтік өкілеттіктерін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге;

— педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады;

— жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

— жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс;

— өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

Жарияланған күні: 31.03.2018

Жаңартылған күні: 31.03.2018

Қаралым саны: 721