Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

«Ақмола облысы Бұланды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

     2017 жылғы «26» сәуірдегі № 5 
    «Ақмола облысы Бұланды ауданының

     мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
     ММ басшысының бұйрығымен

                        бекітілген 

 

«Ақмола облысы Бұланды ауданының

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының сыбайлас

жемқорлыққа қарсы стандарты

 

  1. «Ақмола облысы Бұланды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрi — Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзiрлендi және ол қоғамдық қатынас саласында бөлімнің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру кезiнде пайда болған сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсынымдар жүйесiн ұсынады.
  2. Стандарт «Ақмола облысы Бұланды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң (бұдан әрi — мемлекеттiк қызметшiлер) тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлқын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiсiне төзбеушiлiк атмосферасына қол жеткiзу үшiн, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтық көрiнiстi дер уақытында анықтау және олардың терiс салдарын болдырмау үшiн арналған.
  3. Стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:

1) заңдылық;

2) транспаренттiлiк;

3) әдептiлiк;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және оларды сыбайлас жемқорлықтық көрiнiстерден қорғау;

5) мүдделер жанжалына жол бермеу.

  1. Лауазымдық өкiлеттiгiн атқарған кезде мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар, қоғамдық бiрлестiктер және олардың органдары шешiмдерiмен байланысты болмайды.
  2. Мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында (соның iшiнде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы):

1) жеке және заңды тұлғалар құқығы мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде мыналарды қамтамасыз етедi:

азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;

азаматтардың құқықтарын iске асырудың барынша аз мерзiмi және заңды мүддесiн;

мыналарға жол бермейдi:

азаматтардың өтiнiштерiн қарау кезiнде оларға қатысты мәселенi объективтi шешуге мүдделiлiк бiлдiрмейдi деп пайымдауға негiз болған адамдарға тексеру жүргiзудi жүктеу жағдайларына;

өтiнiш берген немесе оның мүддесi үшiн өтiнiш берiлген адамға жеке және заңды тұлғалардың зиян келтiретiн өтiнiшiне:

шағымдарды iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жiбермеуге;

азаматтардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi немесе отбасы құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету мүмкiндiгiне;

жеке тұлғаның жеке басы туралы өтiнiшке қатысы жоқ деректердiң анықталуына;

2) өз құзiретi шегiнде басқару және өзге де шешiм дайындау және қабылдау кезiнде мыналарды қамтамасыз етедi:

құзiретiнiң ара-жiгiн нақты айқындауды және барлық құрылымдық бөлiмшелер мен лауазымды тұлғалардың келiсiп қызмет етуiн;

лауазымдық өкiлеттiктi атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен тапсырмалар шығаруға жол бермеудi;

туыстық, жерлестiк және жеке адалдық белгiлерi бойынша кадрларды iрiктеу және орналастыру жағдайына жол бермеудi;

меритократия қағидатын сақтауды;

қабылданған шешiмдердiң заңдылығына жеке жауапты болуды.

3) Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындаған кезде мыналарды қамтамасыз етедi:

нормативтiк құқытық актiлердi осы актiнi қабылдау құзiретi Қазақстан Республикасының заңнамаларында тура қарастырылған жағдайда ғана қабылдауды;

4) күнделiктi қызметте:

мемлекеттiк қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенiмiн сақтайды және нығайтады;

жалпыға ортақ моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтайды;

мемлекеттiк билiк беделiн қолдауды және Қазақстан Республикасын кемсiтушiлiкке қабiлеттi және мемлекеттiк қызмет мүддесiне қарама қайшы келетiн әрекеттерге жол бермеудi, соның iшiнде сыбайлас жемқорлықтың көрiнуiне қарсы тұруды, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңнамамен белгiленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтауды қамтамасыз етедi;

лауазымдық өкiлеттiгiн және олардың негiзiндегi беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерiне пайдалануға әкелетiн әрекеттер жасауға жол бермейдi;

оларға мәлiм болған сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жағдайлар туралы басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына тез арада жеткiзудi;

қажет болған жағдайда тiкелей басшысына мүдделер жанжалы, қызметтiк мiндеттерiн орындаған кезде жеке қызығушылық бiлдiру туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық жасауға және сыйлық алуға көндiру туралы мәлiметтi жеткiзедi;

қызметтiк өкiлеттiгiн орындауға байланысты сыйлық қабылдамайды және сыйламайды;

игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтiк және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;

егер лауазым жақын туыстық (ата-анасы, зайыбы-жұбайы, ағасы-iнiсi, әпкесi-сiңлiсi, баласы) қатынаста тұрған адамдарға тiкелей бағыныстылыққа немесе солардың бақылауына байланысты болса, оған тағайындалудан бас тартады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты ашуда белсендiлiк танытады;

өзiнiң тiкелей басшысына жазбаша түрде орындау үшiн алынған өкiмнiң дұрыстығына күдiк келтiрiлгенi туралы дереу хабарлайды;

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi сақтауды қолдайды;

мүдделер шиеленiсi, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және олардың салдарының ықтимал туындауының себептерi мен жағдайларын жою жөнiндегi шараларды тұрақты негiзде қабылдайды;

қызметтiк тәртiп пен қызметтiк әдептi сақтайды;

 

 

басшылыққа қатысты жеке берiлгендiкке, олардың қызметтiк мүмкiндiктерi есебiнен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермейдi;

өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн азаматтық-құқықтық, тәртiптiк, әкiмшiлiк, қылмыстық жауаптылықта болады.

  1. Басшы:

өзiнiң мiнез-құлқымен бейтараптықтың, әдiлдiктiң, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгiсi болады;

басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады;

қарамағындағылардан лауазымдық өкiлеттiктерiнен тыс тапсырмалар орындауын талап етпейдi;

қарамағындағы қызметшi өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында туындаған мүдделер шиеленiсiн реттеу жөнiндегi толыққанды шараларды уақытында қабылдайды;

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi толыққанды шараларды қабылдайды;

қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан өзiн аулақ ұстайды;

өзiнiң қарамағындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйiне және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына жол бермеуге жеке-дара жауапты болады.

Жарияланған күні: 31.03.2018

Жаңартылған күні: 31.03.2018

Қаралым саны: 746