Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер қатынастары саласында

1

Шетел азаматтары Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық жерлерін алуы мүмкін бе және Қазақстан Республикасының азаматтары үшін осы мәселеде шектеулер бар ма?

«Жер заңнамасының кейбір заңнамалық нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Елбасының 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 Жарлығына сәйкес бүгінде мораторий қолданылады: 1) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыз дана сатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жер пайдалану құқығын беруге 2) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге.Мораторий 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

2

ҚР азаматы жалға алынған жерді сатып алуы мүмкін бе?

Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бұған дейін оған жер пайдалануға берілген жер учаскесін сатып алу ниетін білдірген кезде, бұл тұлға аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне өтініш береді.Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті орган кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық құнын (бағасын) бекітеді және 2021 жылға дейін мораторий жарияланған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.

3

Мемлекет егер жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаса, оны алып қоюы мүмкін бе?

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 бабына сәйкес – жер учаскесін игерудің мерзімі мен жағдайларын жергілікті атқарушы органдармен осы аумақта жерді аймақтарға бөлуге және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленген берілетін жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен жердің құқықтық режиміне қарай айқындалады.Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

4

Жер учаскесін жалға алу шартын ұзарту үшін қандай органға және қандай мерзімде өтініш білдіру қажет?

ҚР Жер кодексінің 37-бабына сәйкес - Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

 

Ауыл шаруашылығы саласында

1

Астық нарығын мемлекеттік реттеу қалай жүзеге асырылады?

Астық нарығына қатысушыларының қызметтерін мемлекеттік реттеу төмендегілер арқылы жүзеге асырылады: 1) уәкілетті органмен бекітілетін біліктілік талаптарының негізінде астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиялау; 2)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу; 
 3) Астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелінген зертханалардың қызметін бақылау; 4) астық қолхаттары айналымын құқықтық реттеу; 5) астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтерді жүзеге асыруды лицензиялық бақылау.

2

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылды жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға не қарастырылған?

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы еңбек нарығында талап етілген кәсіби дағдылары және біліктілігі бойынша тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қолдауын қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағдарланған.Бағдарламасының негізгі мақсаты – халықтың нәтижелі жұмыспен қамтылуына қолғабыс ету және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.Бағдарламаның негізгі міндеттері – еңбек нарығының қажеттілігі есебімен техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындау, еңбек нарығында талап етілген кәсіби дағдылары және біліктілігі   бойынша жұмыс кадрларының қысқа мерзімді кәсіптік оқыту,  кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда және қалада шағын несиелеуді кеңейту, еңбек ресурстарының жұмылдырылуын  арттыру, жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлы алаң құру.Микробизнесті ашу, ісін жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлердің қызметін қеңейту үшін, зәкірлі кооперациясындағы қатысушылардың қызметін дамыту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін облыстың барлық аудандарында және Степногорск қаласында бағдарлама іске асырылатын болады.Ауылды елді мекендерде және шағын қалаларда іскеасырып  жүрген және жоспарлап отырған бизнес-жобаларды іске асыру үшін, микронесиелер Бағдарлама қатысушыларына беріледі.Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған және тұрмаған жұмыссыз азаматтар, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарлама қатысушылары болып табылады.Бағдарламаның іске асырылуы, ауылда кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер санын арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.Кепілзаттық қамсыздандыру жетіспегенде алған микронесиелерді  кепілдендіру бойынша Бағдарламамен мемлекеттік қолдау көзделген.

 

Ветеринария саласында

1

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қандай рәсімдерді көздейді?

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру: 1) ауыл шаруашлығы жануарларына жеке нөмір беруден; 2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорға мәліметтерді енгізуден; 3) ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ветеринариялық паспорт беруден тұрады.

2

Неге мал иелері ветеринария мамандарына өз жануарларын бірдейлендіруге берулері керек?

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет ауылдық округтарда филиалдары – ветеринариялық пункттер бар аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен көрсетіледі.«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабындағы 5 және 6-тармақшаларына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге; жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

 

ТҮКШ саласында

1

Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру үшін қайда өтініш білдіруіме болады?

Сізге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне есепке тұру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе электронды-цифрлы қолтаңбасы бар «электрондық үкіметтің» веб-порталына www.egov.kz. өтініш білдіруге кеңес береміз.

2

Тұрғын үй алуға кезекке қою үшін қандай құжаттар қажет?

1) өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге жергілікті атқарушы органның келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өтініш берушімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы аумақтық әділет органының анықтамалары.4) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;5) өтініш беруші (отбасының) бір сатыға жататындығының тиесілігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынады.

3

Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне кім тұра алады?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67- бабы, 1-тармағына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұракты тұратын,тұрғын үйге мұктажжәне есепте тұрған: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;көп балалы отбасылар;мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;толық емес отбасыларға жататың) Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

 

Экономика саласында

1

Заң негізінде дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы үй сатып алу үшін жеңілдікті несие және көтерме жәрдемақыны қалай алуға болады?

«Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала және ветеринария (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агрономдар, ветеринарлық дәрігерлер, ветеринарлық фельдшерлер, ветеринарлық техниктер, зоотехниктер, инженер-технологтар, балық өсірушілер, технологтар, фермерлер) мамандарына келесі қолдау шаралары ұсынылады:- 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (2017 жылға – 158 830 теңге) бір жолғы көтермелі жәрдемақы;- 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (2017 жылға – 3 403 500 теңге), мерзімі 15 жылға дейін, жылдық 0,01%.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 8-тармағындағы 2) тармақшасына сәйкес, көтермелі жәрдемақы және үй сатып алуға бюджеттік несие алған кезде маман әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;құжаттарды дұрыс немесе толық топтамасын ұсынбау фактісі әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

Жарияланған күні: 04.10.2018

Жаңартылған күні: 04.10.2018

Қаралым саны: 106