Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Бас жоспар бойынша ақпарат

Бұланды ауданының  Макинск  қаласының  бас  жоспар жобасы   ҚР ҚН ж Е 3.01-01-2002 «Қалалық және ауылдық елді мекендерді жобалау және салу сәйкес жасалған».

        Жобаны жасау кезеңінде  қалақұрылысы жүйесі демографиялық жағдай, қоғамдық қызмет көрсету орталығының жүйесі және ұйымдарды жобалау, көлік және инженерлік құрылымдардың қазіргі жағдайына талдау жасалды.

Қазіргі бас жоспар Макинск  қаласының 2024 жылға дейінгі перспективалық дамуына жасалған. Жоба бойынша құрылыс салу мерзімі -15 жыл. Қала халқының перспективалық саны 23,5 мың деп анықталған(01.01.2008 ж. 17,8 мың адам). Өткен кезенде аралығында әлеуметтік – экономикалық тубегейлі өзгерістер орын алды,олардың нәтижесінде 1981 жылғы бас жоба қала дамуын реттеп отыруға жарамсыз болып қалды. Жобамен барлық турғын, әкімшілік, мәдени- тұрмыстық, өнеркәсіптік- қоймалық және коммуналдық құрылыстарды қаланың жерқолданыс шекараларында орналастыру қарастырылдады (Макинск қаласының аумағы- 4,4 мың га). Келешекті тұрғын және мәдени- тұрмыстық құрылыстарды қаланың орталық, солтүстік-шығыс, батыс және оңтустік бөліктерінде, сонымен қатар төтенше жағдайдағы объектілерді бұзу арқыны орналастыру жоспарланған.

       Бас жоспардың мақсаты қала дамуының келешектілігін анықтау және оның барлық функционалды элементтерін және қоғамдық қызмет көрсету, аббаттандыру және қала көлігінің келісімді шешімін табу болып табылады.

       Белгілінген тәртіппен бекітілген бас жоспардың жобасы аудан орталығының жерқолданысы шекарасында және құрылыс шегінде жерлерді оңтайлы қолдану шартын орындай отырып, бірінші кезекті құрылысты, өнеркәсіптік аумақтарды, инженерлік коммуникацияларды, қала көлігін, аббаттандыру, көгаландыруды жоспарлауды және салуды орналастыру жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

        Қала бюджетінің аздығын ескере отырып, ең алдымен салынбаған аумақтарды меңгеру ұсынылады, кейін қала орталығындағы оранласқан бар ескі үйлерді бұзу қажет. Бұл жерлерде салынған үйлер ескі және апатты, төтенше жағдайда. Олар қаланың орталық бөлігінде орналасқандықтан, олар Макинск қаласының архитектуралық келбетін бұзады. Сондықтан аталған бас жоспармен есептік мерзімге дейін бұл үйлерді бұзып, ал олардың орнына 2-3-5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу бастау ұсынылады.

         Қаладағы үйлердің қөп үлесін ағаш үйлер (25% көбі ) құрайды, олардың 30% артығы апатты, кейбіреулері тіптен төтенше жағдайда.

        Соған қоса қала орталығындағы бұзылатын жер телімдерінде 2-3, 4-5 қабатты құрылыстардың үлесін өсіру де орынды.  Макинсктің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аумақтар қалың дамуына перспективті сақтық қор болуы мүмкін.

        Осылайша, құрылыстарды тығыздандыру, бос аумақтарды меңгеру есеп айырысу мерзіміне дейін құрылыстың барлық турлерін орналастыруға, сондай-ақ қажетті аумақты сақтық қор жасауға мүмкіндік береді.

       Макинск қаласының орталық бөлігінің архитектуралық жоспарлық композициясының негізін екі бір-біріне перпендикуляр біліктер құрайды — Ш. Уалиханов көшесі және С. Сефуллин көшесі.

 

 

 

      Қаланың бас көшесі – Ш. Уалиханов көшесі өз бастауын темір жол вокзалынан алады. Бар теміржол, автовокзал және жобаланып отырған ғимараттар қалаға кірер қақпалар ретінде бола, көліктік қызмет көрсету орталығын құрады.

       Қазіргі таңда вокзал аумағында орталық базар жалғастырылған. Аталған базар темір жолға жақын орналасқан, болашақта бас жобамен, сауда аумақтарының жеткіліксіз болған жағдайында, қосымша жаңа базар құрылысы Ш. Уалиханов көшесінде орналасқан бұрыңғы поршн сақиналары зауыты аумағында салу қарастырылып отыр.           

        Ш.Уалиханов көшесін салу бойынша жоспарлық  ұсыныстар, қала және бар капиталды құрылыстар масштабының есепке ала отырып берілген.         Қаланың шығыс бөлігінде, жоспарларын отырған стадионның аумағында 450 орындық лицей және 500 орындық кәсіби- техникалық мектеп орналастыру ұсыналады.        Клубная көшесіндегі жаңа коттеджді ауыл аумағындағы ескі, аппатты 2 қабатты көппәтерлі уйлерді бұзу қарастырылады. Аталған аймақта бас жоспармен  4-5 қабатты көппәтерлі үйлердің құрылысы қарастырылып отыр.       Қазіргі таңда қаланың шығыс білігінде қолданыстағыхристиандың дәстүрлі жерлеу зираты бар. Аталған зират кеңейік келеді және  сәйкесінше тұрғын үйлерге дейінгі санитарлық- қорғаныс аушағы азаюда. Құрылыс негізінен солтүстік-шығыс бағытында қарастырылуына байланысты аталған қорым бас жоспар бойынша жабылары. Қорымның айналасын 100 м. Көлімде көгалдандыру қажет. Әрі қарай қорым аумағын қалаға қарай кекіту жіберілмейді. ҚР ҚН ж Е 3.01-01-2002-нің 7 қосымшасына сәйкес, қорымның жер бөлімінің өлшемі 1 мың адамға шаққанда 0,24 га, яғни, қаланың істеп турған.Қорымының колемі шамамен 6 га келешекте улғайы мумкін. Осыған байланысты бас жоспарда қаланың оңтүстік бөлігінде, істеп турған мусылман қорымымен қатар христиан қорымын ашу ұсынылады. Қазіргі уақытта Макинск қаласында диаметрі 160-300мм өзі ағатын канализациялық желі жумыс істеп тур.Жобада диаметр 160-500 мм пластикалық трубадан тармоқталған канализациялық желі қарастырылған.

Қалалық Батыс жағында тәулігіне 4,2 мың м3 өткізу мүмкіндігі бар биологиялық тазалау станциясын орнату ұсынылады.

       2024 жылға барлық тұрғын аймақтағы қазандақтарды жауып, жобадағы қазандықты іске қосу жоспарланған себебі олардың ауа ластаун шектеп тыс көп.

       Межеленген уақытта Макинск қаласын жылумен қамтамасыз ету, темір жол бойындағы солтүстік батыс бөліптегі жоспарланған қазандықтан қарастырылуда.

       Жылу беру мөлшері үлкейтілген көрсеткіштер бойынша алынған. Қазаңдықтың жылу беру мөлшері 40 калл/сағ немесе 46512 квт/сағ есептелген.Магистралдық жылу жүйесіндегі судің параметрі-70-950 С. Жобамен жабық 2 құбырлық жылумен қамту жүйесі қарастырылған.

 

        Әкімдіктің 2014 жылдың 8 сәуірінен № а-04/99 қаулысымен бекітілген Макинск қаласының егжей-тегжейлі жоспарлауы әзірленген:

  • № 1 шағын ауданы (көпқабатты тұрғын үйлердің);
  • № 2 шағын ауданы (жеке тұрғын үйлердің)
  • № 3 шағын ауданы (тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны)

        Жобаланатын шағын аудандардар қаланың бос аумағында орналасқан.

        № 1 шағын ауданы (көпқабатты тұрғын үйлер) инженерлік желілер және көпқабатты тұрғын үйлердің іргелес аумағында жобаланған, ауданы 20,4 га.

№1 шағын ауданының ЕЖЖ құрамына:

  • 45-пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй – 9 дана;
  • Автокөліктерді уақытша қоятын орын – 4 дана кіреді.

        № 2 шағын ауданы есеп мерзімге қолайлы даму есебімен Макинск қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде жобаланған. Ауданы 39,2 га құрайтын, инфрақұрылымсыз 203 жер теліміне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленген.  Жер телімдері инженерлік желілерді салғаннан кейін беріледі.

   №2 шағын ауданының ЕЖЖ құрамына:

— шаруашылық құрылыстары және көлікжайы бар 1 пәтерлі үй-жайлық тұрғын үй – 203 дана;

— 120 орындық балабақша;

— спорт алаңы – 2 дана;

— әлеуметтік-мәдени нысандарын салуға арналған бос алаң;

Шағын бизнес нысандарын салуға арналған бос алаң.

       № 3 шағын ауданы ТҚҚ полигонының ауданы 9,0 га құрайды.

       Перспективалық аумақтары және ЕЖЖ құрылымы қалыптасқан аймақтандыруды сақтап, қаланың әрі қарай дамуына мүмкіндік береді.

        Мәслихаттың 2016 жылдың 23 қарашасынан № 6С-7/5 шешімімен Бұланды ауданы Макинск қаласының оңтүстік өнеркәсіптік аймағында сұйылтылған газды сақтау және сатуға арналған газжинақтаушы станцияны салу бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары әзірленіп бекітілген.

Жарияланған күні: 28.03.2018

Жаңартылған күні: 28.03.2018

Қаралым саны: 1357