Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы

 

      Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері:
      1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
      2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.НАЗАРБАЕВ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлыққа қосымша Тұжырымдама РҚАО-ға келіп түскен жоқ.

 

Жарияланған күні: 31.03.2018

Жаңартылған күні: 31.03.2018

Қаралым саны: 1112