Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Бұланды ауданында Ақмола облысында барлық құқық бұзушылық түрлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары іске асыру туралы

Ақмола облысында барлық құқық бұзушылық түрлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Бұланды ауданы әкімінің ресми сайтында арнайы бөлім жұмыс істейді, бұл бөлімде Бұланды ауданының мемлекеттік органдардың  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы ақпарат жарияланады.

          Бұланды ауданы әкімдігінің  жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссияның жұмысының жоспарына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселе енгізілген. «Бұланды Ақпарат» аудандық газетінде арнайы айдары бойынша апта сайын жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мақалалар жарияланады, аталған тақырып бойынша қоғамдық орындарда көрнекі — құралдар орналастырылған, ай сайын қоғамдық орындарда ақпараттық буклеттер мен плакаттар таратады және орналастыруды жүзеге асырады.

Келесі ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында, 02.12.2016 ж. №А-13/563 Ақмола облысы әкімдігінің білім бөлімі бойынша қаулысын орындау шеңберінде іс-шаралар жоспары  жасалды.

Өткен іс-шаралар:

Суреттер байқауы «Жемқорлық балалардың көздерімен».

1-4 сыныптар

Мемлекетке адалдық және құрметпен қарауды  арналған өлең байқауы.

1-11 сыныптар

«Бәріміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты плакаттар мен баннерлер байқауы.

5-11 сыныптар

«Адал жұмыс істеу және Отанды сүю» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар көрмесі.

 

«Мемлекеттік қызметшінің келбеті» атты тақырыптық аптаның өткізу.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттары әдебиет көрмесі.

 

 

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша  «Сыбайлас жемқорлық не әкеледі» тақырыбында сынып сағаты

5-7 сыныптар

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша  «Көмек үшін қалай негізделу керек» тақырыбында сынып сағаты

1-4 сыныптар

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша  «Еңбек этикасы» тақырыбында сынып сағаты

8-11 сыныптар

 

Ақмола облысы орта білім беру мектептерінің арасында Макинск қаласының мектеп-гимназия және Капитоновка ОМ оқушылары «АдалУрпак» клубтарына арналған логотиптер мен белгілер жобалардың облыстық байқауға қатысып, Капитоновка ОМ-2 орынға ие болды, мектеп-гимназия қатысқаны үшін диплом алды.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының оқушылары «Транспарентті және есеп беруші мемлекет»  атты бейнероликтер  бойынша облыстық байқауға қатысқаны үшін дипломдар табысталды.

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым міндеттеріне сәйкес, «Бұланды ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ ай сайын коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімі Бұланды ауданы әкімінің ресми сайтында жаңартылады. Сондай-ақ, тізімде өзгерістер мен толықтырулар  болған жағдайда аудан әкімінің сайтына және «Бұланды Ақпарат» аудандық газетте орналастырылады.

         «Бұланды ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ әр тоқсан сайын Бұланды ауданы әкімінің ресми сайтында жер учаскелерін алуға кезекте тұрған тізімдер бойынша ақпарат орналастырылады.

«Бұланды ауданының құрылыс бөлімі» ММ құрылыс жұмыстарын орындауында сыбайлас жемқорлыққа фактілеріне жол бермеу туралы барысында, бөлімінің қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдар  арасында тұрақты негізде ауызша профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

«Бұланды ауданының ветеринария бөлімі» ММ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу және ветеринариялық алдын алу іс-шаралары дұрыстығын үнемі бақылауда.

«Бұланды ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ  ашықтық және қолжетімділік мемлекеттік субсидиялар қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімінің ресми сайтында, аудандық газетінде тұрақты негізде субсидиялар стандарттары, ережелері мен нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары орналастырылады. Бұл ақпарат мемлекеттік мекемесінің  ақпараттық стенділерінде бар.

         «Бұланды ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ  коммуналдық сауда алаңдарын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұланды ауданының аумағында 3-санаттағы «Ацарат »  ЖШС базары қызмет етеді «, ол әмбебап болып табылады және нарығының сауда орындар беру жөніндегі қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта өз өнімдері сатуға үшін екі әлеуметтік базар ашу қарастырылуда. Ағымдағы жылдың сәуір, шілде айларында  ауданның жеке  кәсіпкерлер  арасында мемлекеттік бағдарламалар іске асыру жөніндегі түсіндіру шаралар өткізу мақсатында, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өкілдері қатысуымен кездесулер өткізілді, сондай-ақ «Сұрақ-жауап» ашық диалог өтті.  Кәсіпкерлердің пайда болатын мәселелерді, сұрақтарды талқылау мақсатында бизнес-қоғамдастықтардың басшыларымен жұмыс кездесулер  өткізілген. өндіру «POLITERM» ЖШС  жұмыс атқаруда жобасы базальт негізінде өндіру бойынша туындаған мәселелерімен байланысты бірнеше рет аудан әкімінің деңгейінде кеңестер өткізілген.  Бірнеше рет «TransTechMachLTD» ЖШС кеңестер өткізілді.

«Бұланды ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі бойынша мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметшілер, БАҚ өкілдері, этномәдени, діни, кәсіподақ, жастар  ұйымдары өкілдерінің қатысуымен диалогтық алаңдар, дөңгелек үстелдер, кездесулер  өткізілді. Бөлім «Адал жол-Честный путь» » атты жыл сайынғы дәстүрлі жемқорлыққа қарсы марафон, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау үшін әлеуметтік сауалнамалар өткізілді, апта сайын МҚІжСЖҚІҚА   Департаментіне «Бұланды Ақпарат» аудандық газетінде жарияланған  мақалалар туралы есептер, әр тоқсан сайын ақпараттық буклеттер мен плакаттар тарату бойынша атқарылған жұмыс туралы есептер беріледі.

Аудандық білім беру бөлімі мектептерде оқушылардан, мұғалімдерден және ата-аналардан ақша жинау жағдайларын болдырмау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.

Есепті кезеңде Бұланды ауданында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер анықталған жоқ, осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссияға өзекті мәселелер енгізілмеген.

 

Жарияланған күні: 31.03.2018

Жаңартылған күні: 31.03.2018

Қаралым саны: 944