Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Өңір туралы

Бұланды ауданының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының

ТӨЛҚҰЖАТЫ

01.01.2018 жылға  Бұланды ауданының СИПАТТАМАСЫ

 

  1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.1. Аудан тарихы

Макинск (1997 жылдың қараша айынан Бұланды) ауданы 1935 жылдың қаңтар айында құрылып, орталығы Вознесенка ауылы болған, 1936 жылдың шілде айына дейін Қарағанды облысының, 1939 жылдың күзіне дейін Солтүстік Қазақстан облысының құрамдарына кірген, ал 1939 жылдың қазан айынан Ақмола облысының құрамына енді. Макинск ауданының құрылуы Қазақстанның солтүстігі мен орталығында өндірістік күштерді дамытудың салдары болып табылады.

1939 жылдың қазан айында Макинск ауданының құрамына 14 ауылдық және селолық кеңес кірген, тұрғындар саны 32 210 адамды құраған барлығы 77 елді мекен (75 селолық елді мекен және 2 жұмысшы поселкесі) болды. Қазақтар саны 25,5 пайызды, ал орыстар – 58,5 пайызды құраған болатын.

Шамамен 115 шағын өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс атқарған, оның ішінде 19-ы мемлекеттік және 96-ы колхоздық-кооперативтік.

Ауданда 25 колхоз болған, олар 47 376 га егістік жерге дақылдар еккен, 15 277 бас ірі қара мал, 25 298 бас қой, 3 103 жылқы, 4 118 бас шошқа, 7 түйе ұстады. Колхозға қызмет ету үшін екі МТС –те 153 трактор, 84 комбайн болды. Дәнді дақылдардан әр гектарынан 17 центнерден жоғары өнім алынған.

1942 жылы Тамбы облысы Мичуринск қаласынан Ленин атындағы поршень сақина зауыты Макинка жұмысшы поселкесіне көшіріп әкелінді. Зауыт майданға өнім (миналар, поршень сақиналары және ауыл шаруашылығы саласының мұқтаждығы үшін қосалқы бөлшектер) шығаратын бірден-бір әрекет еткен кәсіпорынға айналды. 1942 жылы барлығы 75 мың поршень сақина шығарылып, тиеп жөнелтілді.

1945 жылдың мамыр айында Макинка жұмысшы поселкесі аудандық бағыныстағы Макинск қаласына өзгертілді. Өндірістік даму мен халық санының өсуіне байланысты 1957 жылдың шілде айында аудан орталығы Вознесенка ауылынан Макинск қаласына көшірілді.

 

1.2. Географиялық орналасуы

Бұланды ауданы облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан, солтүстігінде - Бурабай, солтүстік-батыста – Сандықтау, оңтүстікте – Ақкөл, оңтүстік-батыста - Астрахан, Атбасар және оңтүстік-шығыста Еңбекшілдер аудандарымен шекараласады. Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 180 км қашықтықта, оңтүстік-шығыста Көкшетау қаласынан 120 км қашықтықта орналасқан.

Аудан  аумағы 5,1 мың шаршы шақырымды құрайды. Аудан аумағында 11 селолық (ауылдық) округ, 1 аудандық маңызы бар қала және 37 селолық елді мекен орналасқан. Әкімшілік орталығы – Макинск қаласы. Макинск қаласы арқылы Алматы-Петропавл теміржол магистралі және Петропавл-Көкшетау-Астана автотрассасы өтеді.

Аудан халқының саны 34 617 адамды құрайды, соның ішінде 17 670 адам (51%) – қала халқы, 16 947 адам (49%) – ауыл халқы. Халықтың тығыздығы жағынан орташа алғанда 1 шаршы шақырымға 7 адамнан келеді. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 40,1 пайызды, орыстар – 41,9 пайызды және басқа да ұлттар – 18 пайызды құрайды.  Зейнеткерлер саны – 4 992 адам,  оқушылар саны – 4 845 адам.

 

1.3. Табиғи-климаттық жағдай

Аудан екі аймақта  орналасқан: шеткі солтүстік бөлігі бірқалыпты шөлейтті орманды дала аймағында, орталық және оңтүстік бөлігі шөлейтті дала аймағында жатыр. Осы екі аймақтың климаты шұғыл континенталды, жазы ыстық болса, қысы қытымыр суық және атмосфералық жауын-шашынның тапшылығымен ерекшеленеді. Көбіне көктем мен күз айларында температураның тәуліктік ауытқу амплитудасы 10-15 градусқа жеткен кезде тәулік бойы ауа температурасының күрт өзгеруі байқалады. Жауын-шашынның  жылдық орташа мөлшері 280-300 мм. Аудан үшін оңтүстік бағыттағы желдердің басымдығы бар интенсивті жел қызметі тән.

Аудан аумағы бедерінің сипаты бойынша бірыңғай емес. Оның шегінде сумен бөлінген ұсақ шоқы, жеке тұрған шоқысы бар жалпақ және бұдырлы шоқыаралық жазық жерлер, көлбеу жазық жерлер, террассалар кешені бар өзен жазықтары, бөлшектелген өзен және көл маңындағы тік баурайлар ерекшеленеді. Ауданның барлық  аумағы Орталық Қазақстанның  ұсақ шоқысы шегінде жатыр. 

Топырағы кәдімгі қара, негізінен қоңырқай қара, саздақ. Сәбіз түстес және қызыл-селеулі далаларда түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. Олар егістік егілмеген жерлерде селеу, жусан, бетеге, қияқ, тобылғы және қамыс түрінде келеді. Көбіне олар қарағайлы, қарағайлы – қайыңды және қайыңды ормандармен қосылып жатыр.

Ормандар мен далаларды бұлан, бұғы, қабан, қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, суыр және атжалмандар мекендейді, сондай-ақ онда саңырау құр, құр тіршілік етеді. 

 

1.4. Пайдалы қазбалар (оның ішінде игеру үшін болашағы бар)

Өнеркәсіптік маңызы бар пайдалы қазбалар тек қана тас, кірпіш шикізаты, құм сияқты құрылыс материалдарымен ұсынылған. Түрлі маркадағы кірпіш жасау үшін құм мен құмбалшық пайдалануға болады.

 

1.5. Су ресурстары

Аудан аумағында жалпы ауданы 2 мың гектарды алатын 24 су тоғаны бар. Көлдердің басым бөлігі тереңдігі 2 метрді құрайтын тұщы болып келеді. Аса ірі көлдерге жататындар: Талдыкөл, Жарлыкөл, Жардыкөл, Байтөбет, Алакөл. Тоғандарда мөңке, алабұға, ақбалық, оңғақ, тұқы, шортан, сондай-ақ үйрек, сүңгуір, барылдауық, гагара, сұр қаз, аққу сияқты суда жүзетін құстар мекендейді. Негізгі өзендерге жататындар: Аршалы, Бақсұқ, Жолболды, Қылшақты, Қайрақты. Барлық өзен тораптары ауданның батыс бөлігінде шоғырланған.

                   

1.6. Аудан экономикасының мамандануы

Бұланды ауданы Ақмола облысының негізгі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі, оның дамуының негізгі бағыты - астық өндірісі болып табылады.

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде өңдеуші сала 82,3 пайызды құрайды. Ауданда Қазақстан экономикасының бірқатар салалары үшін қосалқы бөлшектерді жинақтаушы ірі машина жасау өндірісі бар. Ауыл шаруашылығының елеулі әлеуеті тамақ өнеркәсібінің дамуына жағдай туғызады. Пайдалы қазбалар орындарының бар болуы құрылыс материалдары өндірісінің дамуына септігін тигізеді.

Аудан туризмнің барлық түрін дамыту үшін әлеуеті зор  табиғи-климаттық және географиялық жағдайы бар.

         

1.7. Өткен 10 жылда ауданның даму қорытындысы (2008-2017 жж.)

Өткен 10 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 3,4 есеге өсті және 2017 жылы 18 155,3 млн. теңгені құрады (2008 жылы – 5 395,2 млн. теңге).

Өнеркәсіптік өнім 3 359,6 млн. теңгеге өндірілді, өсім 2008 жылға қарағанда 9,1  есеге жоғары (3 078,9 млн. теңге). Нақты  көлем индексі 98,7 пайызды құрады, ал 2008 жылы 93,9 пайыз болған.

Аудан экономикасына 6 456,9 млн. теңге көлемінде инвестициялық салымдар салынды, дегенмен 2008 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1 492,0 млн.теңгені құрады.

2017 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 3 469,9 млн. теңгені құрады, 2008 жылға қарағанда 16,8 пайызға  төмендеген, (7170,0 млн. теңге).

4,9 мың шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2008 жылдың көлемінен 5,8 есеге азайған. 2008 жылы 5,2 мың шаршы метр жеке тұрғын үй енгізілген болатын.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 4,3 есеге өсіп, 3 728,7  млн. теңгені құрады (2008 жылы – 865,6 млн. теңге).

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2,9 есеге өсті және 92 699 теңгені құрады (2008 жылы – 31 548 теңге).

 

 

Бұланды ауданының 2018  жылы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқашақорытындылары  және 2019  жылға

арналған негізгі міндеттері

 

 

          Өнеркәсіп.

Ауданның өндірстік кәсіпорындарымен 5,4 млрд. тенге сомасына өнім өндірілді. 2017 жылмен салыстырғанда ұн мен қоспалар,өндірістік аяқ киімдер,тауарлық бетондар көбірек алынып, жылу энергиясы мен суды өндіру мен бөлу артты. «Макинск құс фабрикасы» ЖШС іске қосылуына байланысты  ет өнімі 15 есеге артты.

2018 жылы «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-нің бірінші кезегінің нысандарын кезең-кезеңмен іске қосу жүргізілді. Бұл инкубатор,әрқайсысында 12 құс үйі бар 4 бройлерлерді өсіруга арналған алаңдар , жемшөп дайындау цехы, құс етін өңдеу зауыты. Жоба 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды және өндіріс көлемдері мен қолданбалы технологиялар бойынша Орта Азия аумағында теңдесі жоқ. Жобалық қуаттылыққа жету - бұл жылына 50 мың тонна құс еті, кәсіпорын бүкіл ел бойынша құс етінің импортын 30% азайтады. Болашақта өндірістік қуаттылықты 100 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Кәсіпорында орташа жалақысы шамамен 200,0 мың теңге 676 адам жұмыс істейді.

Құс фабрикасының бірінші кезеңін  жүзеге асыруға инвесторлармен 31,8 млрд. теңге тартылды,екінші кезеңіне 26,2 млрд. теңге тарту жоспарлануда.

 Өткен жылдың желтоқсан айында Елбасы «Екінші бесжылдық Индустрияландыру жоспары: Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпір барысында Макинск құс фабрикасының бірінші кезеңін іске қосты. Бірінші кезеңнің өндірістік қуаты жылына 25 мың тонна етті құрайды.Құс етінің бірінші партиясы Солтүстік Қазақстан,Қарағанды және Шығыс Қазақстан  облыстарының  етті қайта өңдеу кәсіпорындарына  жөнелтілді.Өткен жылы жалпы 3,5 мың тонна өнім өндірілді. Қаптама жабдықтарын монтаждау  аяқталуда, нәтижесінде құс өнімдері бөлшек сауда айналымында  пайда болады.  

Екінші кезеңді іске қосу 2020 жылға жоспарланған.

Инвесторлар жобаны толықтай жүзеге асыру үшін 45,6 млрд. теңге инвестициялауды жоспарлап отыр.

Мемлекет өз тарапынан өндіріс орындарына жетіспейтін өндірістік (инженерлік) инфрақұрылымды жеткізуді көздейтін кәсіпорынға қолдау көрсетуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту және қолдаудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат көлемі 2,5 млрд. теңгені құрады (2018 ж. - 918,4 млн. теңге).

2019 жылға 1 млрд. теңгеден астам қаражат, оның ішінде 509,7 млн. тенге сумен қамтамасыз ету және суды қайтару желілері мен нысандарының құрылыстарына бөлу қарастырылған.  

 

Ауыл шаруашылығы.

2018 жылдың қаңтар - желтоқсан айларына ауыл шаруашылық өнімінің (қызметтер) жалпы көлемі 20,2 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының физикалық көлемінің индексі 106,6% құрады.

 2018 жылы жиналған егіннің көлемі өткен жылдан айтарлықтай жоғары болды.  Бидайдың жалпы көлемі 7,8%, ал орташа өнімділігі   5,3% артты. Ауданның диханшылары 206,1 мың. га алаңында 284,5 мың. тонна бидай жинап алды. Бидай және бидай дақылдарының  орташа өнімділігі қайта өндеуден кейін  - 13,8 ц/га құрады. Ең жоғары өнім «Журавлевка 1»  ЖШС – 19,0 ц/га, «Даниловское и К» ЖШС – 17,8 ц/га, «Иванковка НС» ЖШС – 17,6 ц/га. Шаруа қожалықтары бойынша 20 ц/га  жоғары өнімді  «Игілік» ШҚ,  «Рамазанов» ШҚ, «Қайрат» ШҚ  алды.

         Майлы дақылдар 16,4 мың га көлемінде  алынды.Тұқым майларының  жалпы өнімі  орташа 10,3 ц/га өнімділігімен 16,9 мың тоннаны құрады.

          Халықты есепке алғанда 14,7 мың тонна картоп (173 ц/га), 1,3 мың тонна жеміс (148 ц/га) жиналды,бұл аудан тұрғындарының ішкі қажеттіліктерін жабуға  әсер етті.

 Мал өсірушілер тірі салмақта 8,4 мың тонна ет, 20,2 мың тонна сүт, 5,4 млн жұмыртқа өңдірді және сатты. Сонымен бірге ет өндіру 195,2%, жұмыртқа 105,1% құрады.

Ет өндіру құрылымында ең көп үлес - 35,9% сиыр етіне келеді. Ауыл шаруашылық субъектілерінің экспорттық әлеуетін кеңейту шеңберінде «KazBeef LTD» ЖШС-де бордақылауға арналған ірі қара малды жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілді, 1035 мал басы пайдалануға берілді.

Өндірістің жақсы көрсеткіштерін «Karim Group» ЖШС (Вознесенка ауылдық округі), «Содружество» АШӨК (Журавлевка ауылдық округі) және «Қайрат» ШҚ (Даниловка ауылдық округі) көрсетуде. «Содружество» ӘШӨК бір мезгілде бірнеше ауданда сүтті сатып алып, «Гормолзавод» ЖШС-мен тарату каналында белсенді жұмыс істейді. Бүгінгі таңда  олармен 87 тонна сүт жеткізілді.

Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру үшін  «Karim Group» ЖШС-де ірі қара мал мен жылқы өсіру бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Инвестициялық жобаның қуаттылығы жылына - 78 тонна көлеміндегі сиыр еті мен 64 тонна жылқы еті, одан әрі ұлғайтумен  180 тонна сүт өндірісі. Қазіргі кезде кәсіпорында 448 ірі қара мал бар,оның ішінде 50 сауынды сиырлар,сондай-ақ 480 бас жылқы.

Ірі қара мал саны - 20,6 мың басқа дейін немесе 4,4 % , қой мен ешкі саны - 17,8 мың басқа дейін немесе 3,1%,шошқа саны -  7,4 мың басқа дейін артты. Сиырлардың саны  10,3 мың басқа  дейін немесе  6,5%, жылқылардың саны - 6,9 мың басқа дейін немесе  15,3 % артты. Құстардың саны айтарлықтай артып ( 25 есе)  1,6 млн. басты құрады.  Асыл тұқымды мал саны артып келеді, олардың саны 5,9 мың басқа дейін жетті ( ІҚМ - 4,3 мың бас, шошқалар - 1,6 мың бас).  ІҚМ тұқымдарының қайта құрылуына 2,1 мың бас аналық және 84 бас асыл тұқымды бұқа-өндірушілер қатысады.Соңғыларға қажеттілік жоқ. Тұқымсыз малдардың продуктивті қасиеттерін жақсарту мақсатында 2018 жылдың барысында 34 асыл тұқымды бұқалар саны сатып алынды. Бұдан басқа, бір реттік ұрықтандыру мезгіліне 10 бұқа жалға алынды.

Ауданда Астана қаласын азық-түлік өнімімен қамтамасыз етуге бағытталған   ет және сүт өндірісі бағытындағы 12 шаруашылық  енетін (сүт– 4, ет– 8) 2020 жылға дейінгі мерзімде жүзеге асырылатын жоба әзірленді. «Нұрлы жол» Қазақстандық аграрлық - мал шаруашылық кәсіпорны» ЖШС  (Даниловка ауылдық округі) «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арқылы 84,6 млн. тенге сомасына несие алды («Ангус» тұқымының 100 ІҚМ басы сатып алынды). «Ель-хан» ШФҚ (Даниловка ауылдық округі) мен «Капитал 2018» ЖШС  (Даниловка ауылдық округі) ІҚМ бастарын, техникалар және құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған өтінімдері мақұлданды және қаржыландырылды. «Ель-хан» ШФҚ шетелден жеке және несие қаражатарына «Ангус» тұқымының 100 басын сатып алды (техника сатып алуға жұмсалған шығындарды есептегенде 62,0 млн. тенге). 3 кәсіпорынның ішінде  тек қана «Капитал 2018» ЖШС сүт өндіру бағытын  игереді. Кәсіпорын ІҚМ 100 бас сүтті тұқымын сатып алды (техника сатып алуға жұмсалған шығындарды есептегенде 82,0 млн. тенге).Даниловка ауылдық округінде  «Сардо» ЖШС сүзбеше өндірісі бойынша жоба әзірленуде.

Сондай-ақ  «Фирма Нанар» ЖШС –де және «Никольское» ЖШС-де  1200 басқа арналған сүт- тауарлық фермаларының жобалары әзірленуде.

«Karim Group» ЖШС мен   «Конай» ШҚ  күштерімен жайылымдағы малдарды суаруға арналған 2 құдық қазылды.

Соңғы жылдары мемлекет ауылшаруашылық құрылымдары өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттіліктерін арттыру мақсатында аграрлық секторға үлкен  қолдау көрсетуде. Ол туралы «Журавлевка 1» ЖШС ауыл шаруашылық кешеніне, Ақмола облысына жұмыс сапармен келген кезде Мемлекет Басшысы айтқан болатын.

Ауыл шаруашылығы саласы субсидиялауға өтінімдер мен төлемдерді  беру біртіндеп электронды форматқа ауысуда. Өткен жылы   құнарландыру бойынша субсидияларды алуға өтінімдер электронды түрде ғана қабылданды. Біздің аудан бойынша жалпы 828,1 млн. тенге мемлекеттік субсидия, оның ішінде 450,5 млн. тенге өсімдік шаруашылығын дамытуға бөлінді.

Бұдан басқа, Мемлекет Басшысы агроөнеркәсіптік кешенінде алдыңғы қатарлы  ғылыми жетістіктер мен  сандық технологияларды қолданудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты 2018 жылдың басынан бастап qoldau.kz. веб-порталында ауылшарушылық мақсатындағы өрістердің электронды карталарын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 116 жерді пайдаланушылар 290,1 мың га көлемінде (жоспардың 100 %)егістік жерлерді,71 жерді пайдаланушылар - 71,8 мың га көлемінде (жоспардың 71 %) өріс жайылымдарын цифрлауды жүргізді. Сондай-ақ, цифрландыруға шөп шабындықтары, көпжылдық екпелер (6,7 мың га немесе 147,6% цифрландырылды)алып жатқан жерлер жатады. Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Пилоттық режимде облыстың үш негізгі кәсіпорында, соның ішінде «Журавлевка-1» ЖШС-де нақты ауылшаруашылық өнімдерін енгізу бойынша жұмыс  басталды.

Агроөнеркәсіптік кешенде цифрландыруды енгізу еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсер етуі тиіс. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін қызметшілердің орташа жалақысы 7,2% -ға 126,9 мың теңгеге дейін өсті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша осы салада жұмыс істейтін бір адамға еңбек өнімділігі 1,6 млн. теңгені құрады.

 

Инвестициялар және құрылыс жұмыстары.  

Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындарының  бірі болып табылатын Макинск құс фабрикасы құрылысының қарқынды дамуы негізгі капиталға салынған инвестициялардың (жалпы аудан бойынша  21,2 млрд. теңге) және құрылыс жұмыстары  (жалпы аудан бойынша 8,8 млрд. теңге) көлемдерінің өсуін қамтамасыз етті. Біріншісі - 3 есеге, екіншісі - 1,9 есеге артты. Бюджеттік инвестициялар 1,2 млрд. теңгені құрады.

Мемлекет басшысының қазан айындағы Жолдауында анықталған маңызды басымдықтар қатарында жоғары сапалы және қолжетімді баспана болып табылады.

Халықтың өз қаражаты есебінен 4,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға жоғары. Тұрғын үй жағдайларын 18 отбасы жақсартты. Тұрғын үйдің басым бөлігі қалалық жерлерде пайдалануға берілді.

 Екі көппәтерлі үйдің құрылыстары жүргізіліп жатыр. «DCT KAZAKHSTAN» ЖШС Бөгенбай батыр көшесінде 45 пәтерлі тұрғын үйдің, «СК Регион строй» ЖШС Макинск қаласындағы Лесная көшесіндегі 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыстары салынуда.Тұрғын үйлердің жалпы көлемі  4,5 мың кв.м. құрайды. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. 2018 жылы саынып басталған үйлердің құрылысына облыстық бюджеттен 55,7 млн. теңге бөлінді.

Бұдан басқа, облыстық бюджет қаражаты есебіне (17,3 млн. теңге) Макинск қаласының З.Космодемьянская көшесіндегі екі 60 пәтерлі үйдің және Тас Карьеріндегі бір 40 пәтерлі тұрғын үйдің  құрылысы бойынша  тиісті сараптамамен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бюджеттік өтінімдер салалық басқармаға жіберіледі.

Жобалар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қатысуымен «Макинск құс фабрикасы» ЖШС қызметшілеріне арналған  45-пәтерлі тұрғын-үйдің құрылысын бастау жоспарлануда. 

Макинск қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде 3,2 млн. теңге сомасына 10 көппәтерлі тұрғын үй құрылысын егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары әзірленді. Биылғы жылы «7-20-25» ипотекалық несиелендіру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын бес 60 пәтерлі үйлердің құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты бастау жоспарлануда.

Алдағы жылдарда тұрғын үйлерге мұқтаж адамдарды үймен қамтамасыз ету мәселесі біртіндеп шешілетін болады. Тұрғын үй кезегінде 554 адам бар.

 

Шағын және орта бизнес.

Мемлекет Басшысы шағын және орта бизнес экономиканың өркендеуінің негізі болып табылатынын атап өтті.

Шағын және орта бизнесте 1,9 мың субъект бар. Оның ішінде 1,3 мың субъекті жұмыс істейтін кәсіпорындар болып табылады.

Жұмыс істейтін субъектілер құрылымында жеке кәсіпкерлердің үлесі басым – 78 % (1036 бірлік), шаруа (фермерлік)  қожалықтары – 11,6% (154 бірлік).

2018 жылы Макинск қаласында келесі нысандар іске қосылды: «Scandi home» қонақ үйі (ЖК Зайцев В.), шәйхана (ЖК Құсайынов Қ.), «Bravo» сұлулық салоны (ЖК Габзалилова Т.), «Муравей» құрылыс материалдар дүкені (ЖК Гарифуллин Р.).Бұдан басқа, «Абылай хан» кафесі  300 орынға арналған «Айзере» мейрамханасына қайта құрылды (ЖК Мырзахметова П.). Жеке кәсіпкер П.Мырзахметова «Бизнестің жол картасы-2020» бадарламасының қатысушысы болып табылады. Оған алынған несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. «Партизанское 1» ЖШС-мен  Партизанка ауылында тойхана іске қосылды. 2017-2021 жылдарға арналған «Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» шағын бизнесті дамытуға қуатты серпін беретін «Еңбек» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасының аясында бизнес жүргізудің негіздерін оқуға  143 адам жіберілді, оның ішінде 124 адам өз бизнес-жоспарларын сәтті қорғап, сертификаттар алды.

47 адам өз бизнесін ашу үшін 165,8 млн. теңге сомасына микрокредиттер алды. Старттық бизнесті жүзеге асыратын немесе жоспарлайтын 20 адам мемлекеттік грант иегерлері болды. Оларға 4,8 млн. теңге берілді. Мемлекеттік гранттар тегін ұсынылады және қайтарылмайды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бүкіл ауданның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Ауылшаруашылық құрылымдары тарапынан әлеуметтік сала нысандарының ағымдық жөңделуіне, жолдарды себуге және грейдерлеуге, қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстауға, аймақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға,  мәдени іс-шаралар және т.б. өткізуге қаржылық көмек көрсетіледі.

«Новодонецк» ЖШС өз қаражаты есебінен Новодонец ауылында  Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткішті қайта құрды . «Журавлевка 1» ЖШС Қараөзек ОМ автобусына арналған қозғалтқышты сатып алуға және Аққайын ауылындағы  ұңғыма сорғыны жөндеуге көмек көрсетті. «АСКОП» ЖШС-нің көмегі арқасында Тоқтамыс орта мектебінің мәжіліс залына жөндеу  жүргізілді.

 

          Тіршілікті  қамтамасыз ету инфрақұрылымының дамуы.

          Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы - кез-келген ірі қаланың және шағын елді мекеннің проблемалық салаларының бірі. Бұл сала сұранысқа ерекше ие, ол әрбір азаматқа тікелей қатысты, сондықтан үлкен бюджеттік қаражаттарды талап етеді.

Облыстың қолдауымен  2018-2019 жылдарға арналған жылу беру маусымы уақытылы басталып, қажетті отын қорымен қамтамасыз етілді және жылу нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бюджеттен бұл мақсаттарға жалпы 384,1 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 100,0 млн.теңге Макинск қаласының  жылу трассасының және қазандық құрал-жабдығының ағымдық жөнделуіне және 284,1 млн.теңге отын сатып алуға бөлінді. Барлық қазандықтар тұрақты,апатсыз жағдайда жұмыс істейді.

Бөлінетін сомаға мынадай жұмыстар жүргізілді: ДКВР-6,5 қазандықтың экрандық құбырларын,  ұзындығы 1,8 км жылу желілері және ТЗВК-2.0 қазандығын бөлшектеу және монтаждау,Тас Карьері поселкесінде 6 сорғы қондырғылары, 5 данада Villo IL 125 / 60-22 / 2 насостары орнатылсын.

Сонымен бірге 20 млн.теңге Макинск қаласының сумен қамтамасыз ету және суды қайтару желілерін жөндеуге жұмсалған.Жөндеу жұмыстарымен 2 км инженерлік желілер қамтылып,сумен қамтамасыз ету бойынша 16 проблемалық учаскелер мен суды қайтару бойынша 3 учаске анықталды.

Макинск қаласының жинақтағыш тоғанының құю станциясының құрылғыларын ауыстырудың күрделі жөнделуі жөніндегі мәселе ұзақ уақыт   бойы  шешілмей келген.Аталған сұрақты шешуге 31,5 млн.теңге бөлінді.

Ауданның территориясында  мемлекеттік - жеке серіктестік  механизмін қолданумен  «Макинск қаласындағы автономды жылумен қамтамасыз ету жылу желілерінің құрылысы»  жобасын жүзеге асыру  жоспарлануда. Жобаны толық жүзеге асыру Макинск қаласындағы 1,3 мың халықты қамтумен 16 көп пәтерлі тұрғын үйлер мен 10 әкімшілік ғимараттарды қамтумен орталық бөлікті орталықтандырылған жылумен  қамтамасыз етеді.

Ақмола облысының мемлекеттік-жеке серіктестік аймақтық орталығымен конкурстық құжаттаманы әзірлеуге және жобаны сүймелдеуге  облыстық бюджеттен 7,0 млн.теңге бөлінді. Конкурстық құжаттама «Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы» ММ -мен  әзірленуде.  Жобаны конкурстық іс-шараларды есептегенде  5-6 айдың ішінде жүзеге асыру жоспарлануда. Жобаның алдын ала есебінің құны 399,0 млн.теңгені құрайды.

Сондай-ақ, білім беру және мәдениет нысандарының қазандықтарын  15 жыл мерзіміне «Бұланды жылу тарату компаиясы» ЖШС сенімгерлік басқармасы мен «Макинск жылу тарату компаниясы» ЖШС тапсыру бойынша мәселе шешілді. Сонымен бірге кәсіпорын  9 жыл бойы пешпен жылытылатын немесе бастауыш мектеп мәртебесі бар  мектептерді есептемегенде мектеп ғимараттарынан салынған қазандықтарды  шығаруды қамтамасыз ету қажет. Қазандықтарды  сенімгерлік  басқармасына тапсырған жағдайда қызметшілердің  еңбек ету жағдайлары  жақсарады,барлық санитарлық нормалар  қадағаланады және онлайн тәртібінде жұмыс істейтін  қазандықтарда келеңсіз жағдайлар туындаған кезде тез арада әсер ететін жедел топ жұмыс істейтін болады.

Білім беру мекемелері бойынша  сенімгерлік басқармасына барлығы 37 нысан тапсырылды (4 мектепке дейінгі ұйымдар, 23 негізгі және орта,9 бастауыш мектеп, балалар музыкалық мектебі), оның ішінде пешпен жылытылатын 3 нысан. 2019 жылы Макинск қаласының мектеп-лицейін  сенімгерлік басқармасына тапсыру жоспарлануда. Мәдениет мекемелері бойынша 3 нысан тапсырылды (АМҮ,Тоқтамыс ауылындағы АМҮ, Капитоновка ауылындағы АМҮ).

Абаттандыру сұрақтарын шешу бөлігінде үлкен жұмыстар жүргізілуде.Бұл жұмыс жылдан жылға жалғасуда: экологиялық акциялар, таза бейсенбілер мен сенбіліктер, тазалау, жаяу жүргіншілер жолдарын,құбырларды қалпына келтіру мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі, қоқыстар шығарылады,көшелерді жарықтандыру элементтерін  қалпына келтіріледі және т.б.

 Өткен жылы 3,9 мың  дана ағаш пен бұталар, 55 мың дана гүлдер отырғызылды. Аудан орталығының шығу тобы қалпына келтіріліп, 4,2 млн.тенге сомасына  бетоннан жасалған декоративті  қоршаулар орнатылды. Макинск қаласының орталық алаңында «Я люблю Буланды» дегенді білдіретін жазбасы бар шағын сәулетті форма орнатылды.Форманың биіктігі - 1,5 м.,ұзындығы - 8,2 м.Бұдан басқа, аудандық бюджеттің 1,2 млн. теңге сомасына 96 жол белгілері және одан бөлек «Мүгедектерге арналған орын»  белгісі бар 4 жиын сатып алынды және орнатылды (60,0 мың теңге).

Ауданның елді мекендерінің санитарлық жағдайын ұстау үшін аймақтарда 12 заңсыз қоқыс жиналған жерлерді жою бойынша жұмыстар  жүргізілді.Сондай-ақ, қоқысқа арналған 150 контейнер сатып алынды,бұл мақсаттарға аудандық бюджеттен 3,0 млн.теңге бөлінді.

Абаттандыру шараларының бірі  балаларға арналған ойын алаңдарын орнату болып табылады. «Арна» НҚП ЖШС күшімен АІІБ маңында ойын алаңы ұйымдастырылды.

Мемлекет Басшысы өзінің қазан айындағы Жолдауында көліктік және  логистикалық инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі туралы міндеттерді қойды.

Аудан территориясындағы жалпы қолданыстағы автомобиль  жолдарының ұзындығы - 343,7 км. құрайды,оның ішінде қатты жабынды жолдар 56,6 % құрайды.Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары - 202,7 км. құрайды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша   жақсы  және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі  61,8 % құрады.

2019 жылы 50,0 млн.тенге  сомасына  Макинск қаласының көше бойындағы  жол желілерінің  ағымдық жөнделуін жүзеге асыру жоспарлануда. Жөңдеу  ұзындығы 3 км. құрайды. Жөңдеу жұмыстары келесі учаскелер бойынша жүргізіледі:  «Каравай» дүкенінен бастап Тас Карьеріне дейін, Московская - Лесная көшелерінің бұрылысынан бастап орталық аудандық ауруханасына дейін, Сейфуллин-Ғабдуллин көшелерінің бұрылысынан бастап Сейфуллин - Ғабдуллин көшелерінің бұрылысына дейін.

672,9 млн. теңге сомасына «Жалтыр-Макинск»  облыстық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөнделуі жүргізілді.43-51 км.,сондай-ақ  60-75 км., учаскелерінде жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық бюджет қаражаты есебінен «Жалтыр Макинск» автожолының 55 км көпір құрылысы бойынша кешенді ведомстводан тыс  сараптаманы өткіздірумен ЖСҚ әзірленді.

 

Еңбек нарығы мен әлеуметтік қорғау.

Ауданның еңбек нарығындағы қалыптасқан ахуал жұмыс орындарынан айрылған және жұмыстан шығарылу қаупі бар азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі тұтастай алғанда жақсаратындығын көрсетеді.

Ауданда териториясында барлығы 1 047 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-де 676 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 761 тұрақты жұмыс орындары.

1 309 адам бос және құрылған  орындарға жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамту қызметіне жұмысқа орналасуға өтініш білдірген адамдардың жұмыспен қамтылғандардың үлесі 99,6% -ды құрады.

«Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілуде. Оның аясында еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді курстарға 101 адам жіберілді. «Хатшы-референт» мамандығы бойынша - 20 адам, «Жануарларды ветеринариялық емдеу жөніндегі оператор» мамандығы бойынша - 11, «Слесарь-жөндеуші»- 14, «Слесарь-сантехник» - 18,  «Машинист-жүктеуші» - 15, «Қазандық қондырғылардың операторы» -23. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған 95 адамның 93-і жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 27 жұмыссыз, білім беру мекемелерінің 20 түлегі - жастар тәжірибесіне, 123 адам - ​​қоғамдық жұмыстарға тартылды. 2018 жылы уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға 27,7 млн.теңге жұмсалды.

Бір жыл ішінде салалық бағдарламаның барлық салаларын кезең-кезеңімен іске асыру тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,1% (27 жұмыссыз) деңгейін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Былтырғы жылдан бастап, жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ, лайықты жұмыс немесе мамандарды табуға болатын бірыңғай электронды еңбек биржасы бүкіл елде жұмыс істейді. Электрондық еңбек биржасы www.enbek.kz интернет-ресурсының негізінде жұмыс істейді.

Мемлекет Басшысы әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. 3 мыңнан астам (3 232 адам) алушыларға жалпы саны 43,6 млн. теңгені құрайтын  әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды, соның ішінде 88  отбасы 15,1 млн.теңге сомасында  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке ие болды. Ауылдық жерлерде жұмыс істеуге келген және әлеуметтік сала мамандарына 505,1 мың теңге көлемінде бюджеттен көтерме жәрдемақы төленді. 2019 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі жұмыс жалғасады. Осы мақсаттарға арналған бюджет 43,7 млн. теңгені құрайды.

Мүгедек балаларды оңалту үшін күндізгі бөлімше (жартылай стационар) жұмыс істейді. Жартылай стационарға тұрақты 10 адам барады.

Әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығындағы № 2 қойма мен көлікжайдың ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,оған  15,1 млн. теңге сома жұмсалды. Ағымдағы жылы 10,4 млн. теңге сомасына №1 және №3 гараждардың  ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

 

Білім.

Мемлекет Басшысы мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігін атап өтті. Білім берудегі баса назар 4K моделіне ауысады: шығармашылықты дамыту, сыни ойлау, коммуникативтік дағдылар және командалық жұмыс.

Мектепке дейінгі білім беру саласында 8 балабақша, 23 шағын орталық бар. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 2 499 адам, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылғандар саны 1 187 адам немесе 64,2%. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100% -ға дейін өсті. 2018 жылдың 1 қазанынан бастап Макинск қаласында балабақшалар қызмет көрсету провайдерінің байланыс операторымен байланысын жоққа шығаратын кезекті қалыптастыру және бағыт беру бағытындағы жаңа автоматтандырылған жүйеге ауысты.

Облыста барлығы 36 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде 18 жалпы білім беретін мектеп, 7 негізгі мектеп, 11 бастауыш мектеп.

Жалпы білім беретін мектептерде 812 мұғалім жұмыс істейді. Бірақ ауылдық жерлерде педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі әлі де бар. Химия, ағылшын және орыс тілі мамандары  өте аз.

Педагог кадрларды тарту және ұстап қалу мәселесі көтеру жәрдемақысын төлеу және ауылдық жерлерде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие бөлу жолымен шешіледі. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұрып жатқан 18 білім мамандарына 13,2 млн. теңге сомасында әлеуметтік қолдау (көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие) көрсетілді.

135 түлек қатысқан Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша аудандағы орташа көрсеткіш 73,4 баллды құрады.

14 түлек өз білімдерінің жоғары сапасын растады және «Алтын белгі» иегері атанды. 9 түлек үздік дипломмен марапатталды.

Мемлекет Басшысымен цифрландыру басталды, аудан мектептері цифрлы технологияларды белсенді енгізуде.

Мектептердің 100% электронды журналдар мен «Күделік» күнделіктерінің жаңа жүйесіне ауысты. «Bilimland» білім беру порталында жұмыс істеу үшін 7,2 млн. теңгеге 20 дана мультимедиялық құрал сатып алынды. 27 мектеп желіге қосылған және онлайн тәртібінде жұмыс істейді.

Барлық мектептер компьютерлендірілген және кең жолақты Интернетке қосылған. Интернеттің жылдамдығын арттыру үшін спутниктік технологиялар пайдаланылады, оларға 15 мектеп қосылған.

Цифрлық сауаттылықты жақсарту шеңберінде екі IT сыныптары ашылды, біреуі Капитоновка мектебінде, екіншісі Балуан Шолақ атындағы мектеп- лицейінде. Өз кезегінде, «Журавлевка-1» ЖШС және «Арна» НҚК оқытушының еңбегін  төлеуге міндеттеме алды. Облыстық бюджет қаражаты есебінен барлық жалпы білім беретін мектептерде IT-сыныптарын ашу жоспарланып отыр.

Қалалық мектептерде, сондай-ақ Никольск орта мектебінде робототехника бойынша үйірмелер  мен қосымша сабақтар  өткізіледі.

Барлық қалалық мектептер, сондай-ақ Қараөзек, Вознесенка, Капитоновка, Алтынды және Никольск орта мектептері Wi-Fi желісіне қосылған (6,1 млн. теңге - республикалық бюджеттен бөлінген қаражат).

Барлық оқу орындарында автоматты өрт дабылы орнатылған. Вознесенка орта мектебіне 14,0 млн. теңгеге 1 автобус сатып алынды.

Облыс әкімінің қолдауымен апаттық жағдайда болған Алтынды орта мектебінің 10 жыл бұрынғы мәселесі шешілді. Облыстық бюджет есебінен 200,0 млн. теңге көлемінде A және B блоктары жөндеуден өткізілді, автономды қазандық салынды. Мектепте өткен жылы қыркүйекте ашылған 25 орындық шағын орталық бар. 2019 жылы жөндеу жұмыстары жалғасады, «С» блогын реконструкциялауды жүзеге асыру жоспарлануда, бұл мақсаттарға 176,2 млн. теңге бөлінді.

Макинск қаласының № 3 ОМ спорттық залын күрделі жөндеуіне 32,0 млн. теңге бөлінді.

 

Денсаулық сақтау.

Халықтың әлеуметтік әл-ауқатының маңызды құрамдас бөлігі медициналық қызметтердің сапасы болып табылады.

Медициналық мекемелердің желісінде орталық аудандық аурухана, 87 орындық күндізгі стационарымен және күндізгі 78 орынға арналған ауруханасы, соның ішінде аудандық емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП, 23 медициналық пункт пен жедел медициналық көмек бөлімі бар. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінде 41 дәрігер және 211 медбике жұмыс істейді. Халықтың 10 мың тұрғынына шаққандағы дәрігерлік көмек 11,9, орташа медициналық қызметкерлер 61,4 құрайды.

Сонымен қатар аталған салада кадрлар жетіспейді. Дәрігерлердің тапшылығы - 12 адам, медбикелер - 5 адам. Өткен жылы медицина қызметкерлерін тарту мақсатында ауылдық жерлерге келген 2 денсаулық сақтау қызметкеріне 336,7 мың теңге сомасында көтерме жәрдемақы төленді, облыстық бюджеттен төмен отбасылардан шыққан 6 студентке 4,8 млн. теңге сомасында оқу ақысы төленді.

2017 жылмен салыстырғанда онкопатология 24,2%, нәресте өлімі 36,3% -ға төмендеген. Туберкулез ауруының көрсеткіші 0,8%, қан айналымы жүйесінің аурулары 92,5% артты, бұл халықты скринингтік шараларды кеңінен қамтуға байланысты.

Аудандық бюджеттен әлеуметтік маңызды ауруларды жыл сайын азайту мақсатында қаражат аз қамтылған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетеді. Туберкулезбен және онкологиялық аурумен ауыратын 304 адамға 7,7 млн. теңге сомасында әлеуметтік төлемдер тағайындалды.

2019 жылғы 1 сәуірден бастап медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық басқаруды 100% -ға ауыстыру жоспарланып отыр. Электрондық денсаулық паспорттары 98,4% құрады. «Damumed» мобильдік қосымшасына 5,5 мың адам қосылған, оның ішінде 5,2 мың (93,4%) 20-дан 60 жасқа дейінгі адамдар. Ұялы қосымшаны қолдану арқылы  дәрігерге қабылдауға, дәрігерді үйге шақыруға, зертханалық зерттеулердің, рецептілердің, аурухана парақтарының нәтижелерін алуға болады.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Никольск дәрігерлік амбулаториясының және  Алакөл ауылындағы медициналық пункті ғимараттарының күрделі жөнделуі аяқталды,оған  84,4 миллион теңге жұмсалды.

10,7 млн. теңгеге жедел жәрдем көлігі мен түрлі медициналық техника сатып алынды. Нәтижесінде денсаулық сақтау мекемесінің медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталуы 78,31% құрады.

 

Мәдениет және спорт.

Ауданның әлеуметтік өміріндегі ерекше орынды мәдениет пен спорт салалары алады. 2018 жылы мәдениет пен спорт салаларын  қаржыландыруға 192,9 млн. теңге қарастырылды.

Тұрғындарға 24 кітапханаға, 8 клуб қызмет көрсетеді. 2018 жылы 3 кітапхана аудандық кітапхана, Журавлевка және Капитоновка ауылдық кітапханалары болып үлгілік  кітапханаларға қайта құрылды. Біздің аудан бойынша барлығы үлгілік 5 кітапхана  бар.

 Бүгінде кітапханалардың кітап қоры 255,4 мың дананы құрады, 2018 жылы ол 6,3 мың данамен толтырылды. Жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдарды (газеттер, журналдар) сатып алуға 2,5 млн. теңге жұмсалды, қаражат аудандық бюджеттен бөлінді.

Оқырмандардың жалпы саны 12,2 мың адамды құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде 7,1 мың адам. № 3 үлгідегі қалалық кітапхана базасында бос уақытта балаларға арналған коворкинг орталығы ашылды.

Клуб мекемелерінде 971 іс-шара өткізілді,ауданда 1 150 қатысушымен  122 клуб құрылымдары жұмыс істейді.

Өткен жылы облыстық көркемөнер көрмесінде «Виртуоз» халықтық цирк студиясы «Даңқ аренасы» цирк жанрындағы ең үздік номинацияны жеңіп алды, осылайша аудан деңгейін облыстық деңгейде көтерді.

Тілдік саясатты дамыту үшін мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқытатын 1 тілдерді оқыту орталығы бар. 11 топта 111 адам оқиды.

2017 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тілде сөйлейтін ересек тұрғындардың үлесі 78% -ға дейін өсті.

Сондай-ақ, қазан айындағы Жолдауда айтылған басымдықтардың бірі бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Ауданда 105 спорт кешені бар. Бұл материалдық-техникалық база дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысатын азаматтарды қамтуды 28,4% -ға арттыруға мүмкіндік берді.

Ауданымыздың спортшылары мүмкіндігі шектеулі спортшылардың «Үміт» облыстық олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті. Біздің аудан 2017 нәтижесін сегіз позицияға жақсартып  5-ші орынға ие болды.

2016 жылдан бастап қалалық және ауылдық округтердің спорттық командалары арасында «Ақ бидай» жазғы спартакиадасы жаңартылды. 2018 жылы эстафетаны Ерголка ауылдық округі алды, қатысушылардың саны 400-ден асты.Журавлевка ауылдық округі 1 орынға ие болды.

Биылғы жылы  спартакиада Қарамышевка ауылдық округінің аумағында өтеді.

         Осы жылдың ақпан айында «Хрустальный колос» 33-ші қысқы облыстық спартакиаданың өтуі жоспарланған. Осыған байланысты Балуан Шолақ атындағы стадион алаңында жабық хоккей кортының құрылысы салынуда. Оған 59,3 млн. теңге сомасында  қаражат бөлінді.

 Макинск қаласындағы Степгеология поселкесіндегі спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманың қарастырылуы аяқталуда. Жобаның жобалық құны - 350,0 млн. теңге.

Мемлекет Басшысының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалардың мақалалары патриотизм рухын нығайтуға және ұлт болашағына деген сенімділікті нығайтуға серпін берді.

Макинск қаласының мектеп-лицейі базасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп тарихы мен мұражайының ашылуы болды. Жалпы білім беру мекемелерінде жалпы саны 2,5 мың бірлікті құрайтын 11 өлкетану мұражайы жұмыс істейді.

 Үлгілі аудандық кітапхананың ғимаратында Бұланды ауданының тарихи-өлкетану мұражайының ашылуы жоспарланып отыр, ол лайықты түрде мәдениет орны болуы қажет және аудан тарихындағы барлық материалдарды жинайтын болады. Бұл жерлерге туристерді тарту үшін аймақтың қасиетті жерлерінің картасы әзірленді.

Біздің ауданнан «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер» негізгі бағыты бойынша облыстық тізілімге енгізілген 2019 жылға дейінгі мерзімде «Туған жердің бұлағы», «Балуан Шолақтың еске алу кітабы» атты 2 жобаны қамтыды. Бұл жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2019-2020 жылдарға арналған «Рухани Жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы әзірленді.

Мемлекет Басшысы қазан айындағы Жолдауында азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған  мемлекеттік аппараттың жұмысын атап өтті.

          Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызмет көрсетудің 101 түрін көрсетеді. (ХҚКО ақпараттық жүйесі арқылы, «E-әкімдік», «Еңбек нарығы», «E-Лицензиялау», «E-собес» және «Әлеуметтік көмек» ААЖ ақпараттық жүйелері арқылы). Аудан тұрғындарына 14 088 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 3 730 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2018 жылы жеке және заңды тұлғалардан 1 527 өтініш келіп түсті, оның ішінде 31 өтініш электронды түрде берілді. Өтініштердің 36,5% жер және жерді пайдалану, 31,4% тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне тиесілі.

Аудан әкімімен 92 адам қабылданды. Қабылдау кезінде барлық азаматтарға түсініктеме берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылды. Есепті жылы ешқандай сыбайлас жемқорлық әрекеттер анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 2 баннер, 120-дан астам плакат және т.б. орналастырылды.

2018 жылдың сәуір айында біздің ауданымыз «Адал жол - Честный путь» жыл сайынғы жемқорлыққа қарсы марафонға қатысып, 25 іс-шара өткізілді.

 

Ағымдағы жылы ауданда жастар саясатына ерекше  көңіл бөлінеді, өйткені 2019 жыл Мемлекет Басшысымен жастар жылы деп жарияланды.

Ауданның экономикасын дамытудың негізгі басымдықтары 2019 жылы өзгеріссіз қалады: бұл - тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, шағын бизнесті одан әрі дамыту және қолдау, бүкіл әлеуметтік сектордың жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау,сондай-ақ  аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғау.

Жарияланған күні: 26.03.2018

Жаңартылған күні: 07.02.2019

Қаралым саны: 4920