Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы

 2016 жылдың 15 қарашасындағы Бұланды ауданының әкімінің №11-65р   өкімі негізінде  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу» бойынша ақпараттандыру жұмыстарын өткізу бойынша аудандық топ құрылды.  Ақпараттандыру жұмыстарын  өткізу бойынша іс-шаралар  жоспары әзірленді.  Кәсіпорындар және қызметкерлер тізімі жасалды.  Кәсіпорныдар және ұйым басшыларына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы бейне роликтер, ақпараттық буклеттер   таратылды.

        «Бұланды ақпарат» аудандық баспасында  тұрғындар және жұмыс берушілер  үшін 2900 дана газетте мақала жарияланды.

          МӘМС бойынша 203 орта медициналық қызметкер, бас дәрігер, бас дәрігердің емдік – профилактикалық жұмыс бойынша орынбасары, бас экономист семинарлық оқудан өтті. ОАА-ның әкімшілігімен  медицина қызметкерлері үшін 2 семинар оқулары өткізілді. Аудандық МӘМС бойынша топ оқытылды.  

         2017 жылдың 27 қаңтарында аудан тұрғындарымен 92 кездесу өткізілді, 1812 адам жұмылдырылды. Оның ішінде: тұрғындар саны-386, медицина қызметкерлері-477, бюджет қызметкерлері-503,  қоғамдық ұйымдар-65, кәсіпкерлер-50,  ауыл –шаруашылық жұмысшылары-144, жеке кәсіпкелер-53 зейнеткерлер-133, БАҚ қызметкері-1.

         МӘМС бойынша бейнероликтер көрсетілуі жүзеге асырылуда.

Жарияланған күні: 31.03.2018

Жаңартылған күні: 31.03.2018

Қаралым саны: 655