Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Амангелді ауылдық округі әкімінің есебі

 

«Амангелді ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары туралы және  2020 жылға арналған негізгі міндеттері туралы»

 

Амангелді ауылдық округінің әкімі

Н.Қ. Құманғалиевтің халыққа есеп беруі

 

Құрметтi Талгат Аманбайұлы.

Құрметтi аудан басшалар және жерлестер!

 

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес республикамызда  барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу  барысында елдегі реформалардың жүзеге асырылуы, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күрес аясында қабылданған шаралар, есепті кезеңдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оларды одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы ақпараттандыруда.

Амангелді ауылдық округінің 2019 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы және ағымдағы 2020 жылға арналған міндеттер туралы есеп беруге рұқсат етіңіз.

Амангелді ауылдық округі екі елді мекенінен тұрады, ауылдық округінің орталығы – Партизанка ауылы, бөлімшесі – Ортақшыл ауылы. 1997 жылдан бастап еңбек қызметтерін «Қалқаман» бірлестік фирмасы жүргізеді, шаруашылықтың негізгі бағыты – бидай өнімі, жер көлемі 30993 га, жыртылған жер – 23912 га, жайылым – 7081 га, тұрғындар жері – 3328 га.

Амангелді ауылдық округінде тұрғындарды және ауылшаруашылық малдарын есепке алу жұмысын мамандар жүргізеді. Округте 01.01.2020 жыл жағдайы бойынша 845 адам тұрады. Барлық аула – 253, зейнеткерлер – 108 адам, мүгедектер - 38 адам, туылған балалар – 11, қайтыс болғандар – 9 адам, округте 16 батыр аналар тұрады, Нұр Отан партиясы құрамында – 45 адам.

Тұратын үлттар: қазақтар - 396 адам , орыстар - 250 адам, немістер - 116 адам,  украиндар- 38 адам, белорустар - 32 адам, ұйғырлар - 4 адам, татарлар - 2 адам, өзге ұлт өкілдері – 5 адам.

Әкім мамандарымен ауылшаруашылық малдарын теңестіру жұмыстары толық жүргізілді. Берілген мәлімет бойынша жекеменшік секторда ІҚМ - 854 бас, ҰҚМ-1609 бас, жылқылар -561 бас, шошқалар - 343 бас, құстар – 4103 бас.

ЖШС «Партизанское-1» ІҚМ -292 бас, жылқылар - 15 бас.

Аудандық мал дәрігерлері мен жергілікті дәрігерлер ауылшаруашылық малдарына барлық алдын-ала емдеу шараларын жұргізді, бруцеллез ауруына қан алу жоспарында –2460 бас, зерттелген -2460 бас, ҰҚМ жоспарда 3143 бас, тексерілген 3143 бас. 

Кәсіпкерлік: Халыққа 5 дүкен қызмет етеді, Партизанка - Макинка, Партизанка - Нұр-Сұлтан бағытыңда үнемі автобустар жүреді.

Коммуналдық шаруашылық: Округте үнемі орталық пешқазан клубты, кеңсені, тойхана жылытады. Шаруашылық арқасында жиі монша істейді. Наубайхана тұрақты, өнімділігі тәулігіне 400 орама, нанның салмағы 700 грамм, бағасы 75 теңге.

Бүгінгі қүннің өзекті мәселесі тұрғындардың ішетін ауыз таза суы, су құбыры ескі 1974 жылғы, көптеген құбыр  жарығы болады, «Партизанское-1» ЖШС-гі мен еңбеқ құрылыс бастығы И.Э. Шпрунг арқасында жөндеу дер кезінде көрсетіледі. Геологтармен жерасты су қорын іздеу жұмыстары жүргізіліп бітті.  09.12.2013 жылғы №1406 хаттама.

Әлеуметтік сала: 2013 жылғы 1 қыркүйекте Партизанка ауылында 120 орындық типтік жаңа мектеп салынған.  Мектепте  екі кезендік оку. Балалардың саны - 145 оқушы, бастауыш сыныпта - 9 оқушы, мұғалімдер саны – 28 адам.  Ортақшыл ауылына  ПАЗ автобусымен 21 оқушылар тасымалданады. Округте «Айналайын» 40 орындық балабақшасы мемлекеттік тілде қызмет етеді. «Айналайын» ​​балабақшасы 1970 жылы салынған. Бүгінде күрделі жөндеу қажет.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 2019 жылы «Партизанское-1» ЖШС 6800 мың теңге көлемінде меморандумға қол қойды.

Пошта бөлімшесі жұмыс істейді, газетке жазылу жоспары орындалуда.

Кітапхана:  кітап қоры 17470 дана ауылдық кітапхана бар. Ауылдық мәдениет үйі мен бірге олар мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралар өткізеді.

Телефон: байланысында 246 абонент түгелімен қамтамасыз етілген.

 «Партизанское - 1» ЖШС әлеуметтік салада көптеген сұрақтарды шешеді, Жаңа жыл мейрамын, Наурыз мейрамын, Жеңіс мейрамын өткізеді, сонымен бірге  «Партизанское-1» ЖШС-гі жол ережесін сақтайды, қоқысты шығаруда көмек көрсетіледі, ат жарыстарының қатысушыларына материалды көмек көрсетілді.

 Денсаулық сақтау: Округте ФАО-н жұмыс істейді, халықты дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етеді.

Мәдениет және спорт объектісі: Округте АМҮ-і жұмыс істейді, демалыс және мейрам күндері демалыс кештерімен концерт өткізіледі. Бүгінгі күнде АМҮ-не күрделі жөндеу қажет. Округ бойынша волейбол үйірмесі, «Көкпар» ұлттық ойын  тобы құрылды. Амангелді ауылдық округінің спорттық тобы барлық аудандық іс-шараларға қатысты.

Көріктендіру:  Округте көріктендіру қыстан басталады, әрбір тұрғын қиды, қоқысты белгілі орынға үйеді. Тазалықтан, жасылдандырудан үшайлық өтті. Шаруашылықпен тұрғындар ауласынан 2250 тонна қи шығарылды. Сегіз  сенбілік өткізілді, үнемі орталық саябақты тазалау жұмыстары жүргізіледі, ҰОС жөндеу жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ, қараусыз қалған 3 үй алынып, қалпына келтірілді. Партизанка - Мат, Партизанка - Буденовка автомобиль жолдарының төсемі 500 мың теңгеге жүргізілді. Қыста жолды үнемі «Партизанское-1» ЖШС күтіп-ұстайды. Мал жайылымы кезеңінде «Партизанское-1» ЖШС жеке меншік секторға 8 бұқа өндірушілерін ұсынады.

Құқық қорғау орнының жұмысы: Ауылда үнемі құқық қорғау орнымен тәртіп сақталады, округтегі мамандар арасында кезекшілік құрылған, қоғамдық кеңес тобы ұйымдастырылған.

Өз сөзімді аяқтауда аудан басшылығына, шаруашылық басшыларына, округ тұрғындарына көрсеткен көмектерімен біздің округтің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдіремін. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырысын орындауда алда болу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес - «мемлекеттік органдар қызметіндегі басты басымдық - бұл ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою, билік пен қоғам арасындағы конструктивті диалог арқылы үйлесімді мемлекет құруға болады». 2020 жұмысымызда жемісті жыл болсын, бай, болашағы бар, өмірдің барлық саласында позитивті болсын, баршаңызға денсаулық, бақыт және отбасылық амандық тілеймін!

Жылымыз сәтті, берекелі болсын.

Жарияланған күні: 31.12.2019

Жаңартылған күні: 31.12.2019

Қаралым саны: 371