Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Айнакөл селолық округі әкімінің есебі

«Айнакөл селолық округінің 2019 жылдағы әлеуметтік- экономикалық даму қорытындылары туралы және 2020 жылға арналған негізгі міндететрі туралы»

 

Айнакөл селолық округінің әкімі А.Р.Тайтілеуованың

халыққа есеп беруі

 

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес осы күндері біздің республикамыздағы елді мекендердін барлық әкімдерімен есеп беру жиналыстары  өткізілуде.

2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Конструктивті қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты кезекті Жолдауында Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев 2050 жылға қарай дамыған экономикасы, жалпыға бірдей еңбек ету мүмкіндігі және Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының өсуі үшін мықты мемлекет құру - басты мақсатты анықтады.

2020 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Айнакөл селолық округі тұрғындарының саны 320 адам, олардың ішінде  Айнакөл ауылында – 258 адам, Острогорка селосында - 62 адам. Зейнеткерлер- 48 адам, мүгедектер 9 адам, оның ішінде 1 мүгедек бала, 18 жасқа дейінгі балалар саны - 88 бала. Еңбекке жарамдылар: 163 адам.

Округте тұрып жатқан 100 жанұяның ішінде 5 жанұя (30 адам) әлеуметтік статусы бойынша - көпбалалы;  толық емес 4 жанұя; жалғыз тұратын зейнеткерлер  жанұя саны- 13.

Округ аймағында 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді: олар  «Журавлевка-1» ЖШС, «Астра» ЖШС және 1 шаруа қожалығы. Округте барлығы 27603 га жер учаскесі бар, оның ішінде – 3456 га пішендік жер, жайылым – 9825 га, егістік жерлер – 11287 га. Шаруашылықтар дәндi-дақылдардың өсiрулерiмен шұғылданады. Мал шаруашылығының дамытуына мемлекет тарапынан соңғы жылдары  мағыналы көмек көрсетіліп жатыр, бірақ округте мал шаруашылығын дамыту үшін барлық  алғы шарттар болғанмен, бұл мәселемен ЖШС  шұғылданғысы келмейді. 2020 жылдың 1 қаңтарына округ бойынша  тұрғындардың жеке меншігінде  ІҚМ – 398 бас (2019 жылы - 414 бас), қой - 457 (2019 жылы - 475 бас), жылқы -295 бас (2019 жылы-336 бас), шошқа - 41 бас (2019 жылы - 70 бас). Мал есебінің дұрыстығын  жолға қою мақсатымен, ветеринарлық-алдыналу шараларын өткізуді жақсарту үшін ауылшаруашылық  малдарын  теңестiруi өткiзiлген және компьютер деректер қорына енгiзiлген. Округ аймағында  ветеринарлық-алдыналу шаралары  100 пайыз орындалды.

 Білім беру саласының сапалы дамуы біздің Республикамыздың жалпыхалықтық даму бағдарламасының басымды бағыттарының бірі болып табылады. 2011-2020  жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының  басты міндеті – білім беру саласының  бәсекеге қабілеттілігін көтеру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білім беру  мүмкіндігін қамтамасыз ету  арқылы адам капиталын  дамыту. Округте білім беру жүйесі 1 орта мектеппен құрылады. Айнакөл ауылындағы орта мектептегі оқушылардың саны 60, шағын орталықтағы балалардың саны -14. Острогорка селосынан  14 бала Айнакөл орта мектебіне тасымалданады. Оқу барысын 24 ұстаз  жүзеге асырады, олардың iшiнде жоғары білімді-19 ұстаз, 5 ұстаз орта кәсіптік білімі бар, жоғары санатты - 5 ұстаз, бiрiншi - 5, екiншi - 11 ұстаз бар. Мектептерде  балаларды  ыстық тамақтандырылуы ұйымдастырылған, бұлардың арасында   көпбалалы толық емес отбасылардан балалар тегін тамақтандырылады. Орта  мектепте жылы дәретханалар   жұмыс істейді.

Айнакөл ауылында медициналық пункт жұмыс істейді. Ауылдағы дәрігерлік қызметкер денсаулықты сақтау және аурудың алдын алу жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. «Саламатты Қазақстан» атты автопоезд ауыл аймағында жұмыс істеді.

Селолық округ  аумағында «Казпочта» бөлімшесі бар. Почта бөлімшесінде почталық қызмет көрсетіледі, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы беріледі, салық және басқа да төлемдері қабылданады. Елді мекендер телефонмен қамтамасыз етілген, бұрын тегалайн сапасына тиісті.

Жыл сайын округіміз көркемөнерпаздар байқауына қатысып отырады. Жаңа жыл, Наурыз мейрамы, Жеңіс күндерін,  тағы басқа айтулы мереке күндерін атап өтеді. Мерекелік іс-шаралар   клубтың жоқтығынан мектепте жүргiзiледi. Барлық күнтізбелік мерекелерiне  ауыл кiтапханасында дөңгелек столдар жүргiзiледi, кiтап көрмелерi ұйыдастырылады. Наурыз Мейрамын тойлауға ауылдың барлық тұрғындары шақырылды. Мерекенiң барлық қонақтары  наурызкөжеден  дәм татты. Спорттық ойындар  жүргiзiлдi, мерекелiк концерт көрсетiлді. 9 Мамыр-    Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған шаралар өткізілді.  ҰОС қаза тапқандардың  ескерткішіне  гүл шоқтары қойылып, митинг өткізілді, мектепте мерекелік концерт қойылды. «Зейнеткер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек» атты акция барысында ЖШС «Журавлевка- 1» барлық зейнеткерлерге жалпы соммасы 100 мың теңгеге азық-түлік наборларын ұсынды. Айнакөл орта  мектебінің оқушыларының күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылып, мектеп асханасында   ас берілді.

 Айнакөл селолық округі әкімінің аппараты халыққа мемлекеттік қызмет көрсету құзырына сәйкес  жұмыс атқарады

Өткен жылда 5 ауыл  азаматтардың жиналысы болып, онда келесі сұрақтар қарастырылды:

- селолық  округтің 2019 жылдағы  әлеуметтік-экономикалық дамуы туралыҢ

-  ҚР Президентінің халыққа Жолдауын  талқылау және түсіндіру;

- Селолық округ аумағында санитарлық тазалау, абаттандыру, жасылдандыру  бойынша іс-шаралар өткізу туралы;

- жеке меншік малын бағуды ұйымдастыру туралы;

- жануарларды және құстарды  ветеринариялық  өңдеу өткізу туралы.

 Сонымен қатар, актив отырыстары,  жоспар-кестеге сәйкес үнемі жұмыс істейтін комиссия отырыстары өткізіледі, азаматтарды қабылдау, кәсіпкерлермен, шаруашылық басшыларымен, жастармен кездесулер өткізілді. Әкімнің аппараты өз жұмысын  әзірленген айлық жоспарларға сәйкес жүргізеді:

- әскери міндеттілік бойынша жұмыс ұйымдастырылып орындалады; 

- салық жинауды қадағалайды;

- халықты жұмыспен қамту жұмыстары жүргізіледі (қоғамдық жұмысқа 2 адам қабылданды);

Құрметті ауылдастар,  біздің тұрақты және үйлесімді дамуымыздың кепілдігі – ішкі тұрақтылық болып келеді. Ауылымыздың көркеюі мен гүлденуі өзімізге байланысты. Әрбіреуіміз ауыл өмірінің дамуына ат салысуымыз керек. Тек осы жағдайда біздің ауылымыз жайлы, жақсы бола алады.

Құрметті қонақтармен ауыл тұрғындары, сСздерді аяқ басып келген 2020 жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Отбастарыңызға, туыс-туғандарынызға амандық,  молшылық жыл болсын деп тілеймін!

 

Назарларыңызға рахмет.

 

 

Жарияланған күні: 31.12.2019

Жаңартылған күні: 31.12.2019

Қаралым саны: 1862