Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Ерголка ауылдық округі әкімінің есебі

«Ерголка ауылдық округінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары және  2020 жылдың негізгі міндеттері туралы»

Ерголка ауылдық округінің әкімі А.А.Сандыбаеваның халыққа есеп беруі

 

Құрметті Талғат Аманбайұлы!

Құрметті жерлестер!

 

Бүгінгі күнде еліміз, сонымен бірге ауданымыз үлкен жетістіктерге жетіп, талай жақсы өзгерістерге барлығымыз куәгер болып отырмыз. 

Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің  Жолдауларын,  жұмыспен қамту, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды және қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау,  оқу, денсаулық сақтау, бизнесті  дамыту және жастар саясаты бағытындағы мемлекеттік  бағдарламалық құжаттардың талаптары іске асуда.

«Ерголка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңына сәйкес өз міндетін атқарып келеді.

Селолық округте атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты, халықтың әл ауқатын жақсарту мен өмір сүру деңгейін жоғарылату болып табылады.

Ерголка ауылдық округі 4 елді мекеннен құралады:  Тоқтамыс, Иванковка, Гордеевка, Новокиевка ауылдары. 2020 жылы 01 қантарға халық саны 1342 адамды құрады, оның 767 адамы еңбекке жарамды, соның ішінде 277 адам өзін-өзі қамтушы және 490 адам жұмысшы, зейнеткерлер саны - 233 адам,  мүгедектер саны - 46 адам, 20 көпбалалы отбасы, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған 11 көпбалалы аналар.

Атаулы әлеуметтік көмекті 34 адамнан тұратын 6 отбасы алып отырды.

2019 жылы туғандардың саны – 8 бала, қайтыс болғандардың саны – 6 адам. Селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызмешілерінің штаттық саны 3 адам.

 Селолық округ әкімі аппаратының жанында  2 кәсіби емес медиаторлар жұмыс атқарады.

 

Ауыл шаруашылығы

 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтитын экономиканың маңызды саласының  бірі, ауыл шаруашылығы болып табылады.   

Селолық округ аумағында аграрлық өнімдерді шығарумен айналысатын 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 ЖШС пен 26 шаруашылық қожалығы. Барлығы дәнді-дақылдар өсірумен айналысады, оның ішінде, 5 қосымша мал шаруасымен айналысады. 2019 жылы табиғи құбылыстарға қарамай аталған барлық шаруа қожалықтары астық дақылдарын жинап, жұмыскерлермен есептескен.

Мал шаруашылығы

 

Өсімдік шаруашылығының белсенді дамуымен қатар,  ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі - мал шаруашылығы болып табылады.

Селолық округ аумағында мал шаруашылығымен 5 КФХ айналысады, оның ішінде  343 бас ірі қара малы, 834 бас ҰҚМ, жылқылар- 434 бас, шошқалар – 70 бас бар. Үй шаруашылығындағы ауылшаруашылық малдардың жалпы саны: ІҚМ –  1693 бас, ҰҚМ – 1137 бас, жылқылар – 895 бас, шошқалар – 761 бас.

Мал дәрігерлік қызметі  мен жергілікті мал дәрігерлерімен сібірлік қарасан ауруына қарсы ауылшаруашылық малдарына, атап айтсақ: ІҚМ – 2700 басқа, ҰҚМ – 1700 басқа, шошқа – 500 басына вакцинация жүргізілді.  Сонымен қатар, туберкулез ауруына қарсы: ІҚМ – 3000, бруцелез ауруына қарсы: ІҚМ – 2300 басқа, ҰҚМ – 2740 басқа вакцинациялары жүргізілді.

 

Кәсіпкерлік

 

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мен кәсіпкерлікті дамытуды қолдау жөнінде округте бірқатар  жұмыстар атқарылып отыр.

Кәсіпкерлік саласында округ бойынша 6 дүкен азық-түлікпен және тұрмыстық жабдықтармен  қамтамассыз етуде. Ерголка округі облыстық, аудандық жәрмеңкелерге белсене қатысады. Ет өнімдерімен Абрамочкин В.Н.  және Максименко А.А. қамтамассыз етсе, ал сүт өнімдерімен қарапайым халық қамтамассыз етуде. Нан өнімдерін аудан орталығынан кәсіпкерлер  Т.Болатов, К.Шарипов және Кокшетау қаласынан  тасымалдайды.

 

Байланыс

 

Байланыс бөлімшесі  күн сайын 10.00 -14.00 с. жұмыс істейді. Зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақыларды төлеу және төлемдерді қабылдау - халыққа көрсетіліп жатқан қызметтердің негізгі түрлері. Басылымдарға  жазылу жарты жыл сайын жүргізіледі, Басылымдар аудан орталығынан, аптада 3 рет жеткізіліп отырады.

Халық телефондық байланыспен 400 абонент қамтылған және 85 мегалайн байланысы, сонымен қоса 40 Отау ТВ антенналары орнатылған. Пошталық бөлім халыққа тиімді жұмыс істеуде.

Білім беру саласы.

 

Округта 4 мектеп, оның ішінде 1 орта, 2 негізгі, 1 бастауыш мектептері жұмыс істеуде. Жалпы мектеп оқушылар саны – 198 бала, ұстаздар саны – 54. 3, мектепте шағын-орталықтар жұмыс істеп келеді. Мектепке дейінгі балалар саны – 27 бала.

Сонымен қатар, мектептің қоғамдық жұмысына белсенді қатысып жүрген барлық мектептердің жанында ата-аналар комитеті жұмыс атқарады.

Шалғайдағы ауылдарда тұратын балалар «Газель» автокөлігімен мектепке жеткізіледі.

 

Денсаулық сақтау.

 

Тұрғындарға медициналық көмек көрсетумен 1 ауылдық фельшерлік-акушерлік және 3 медициналық пунктері айналысады. Тоқтамыс  медициналық қызметші, қосымша Гордевка  тұрғындарына көмек көрсетеді. Науқастарды қабылдау мен емдеуге жақсы жағдай жасалған. Медициналық қызметшілер халықтың денсаулығын сақтау  және аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын скрининг және жылжымалы флюрографта тұрғындардың денсаулығы тексеріледі. Ауыр науқастарға көмек көрсетуге «Жедел жәрдем» көлігі қызмет етеді. Гордеевка ауылының медициналық пунктінің шатыры жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

 

Мәдениет саласы

 

Округта 3  ауыл үй мәдениеті және 3 кітапхана жұмыс істеуде. Жалпы кітап қоры 16076 кітап болса, оның ішінде 4234 мемлекеттік тілде. Үнемі аталған мекемелерде алдын-ала жоспарланған іс-шаралар өткізіледі.

Ауыл тұрғындары мемлекеттік мейрамдар : Тәуелсіздік күні, Ата заң күні, Қазақстан халқы бірлігі күні, Жеңіс күні, Жаңа жыл, тағы да басқа мерекелік іс-шараларға белсене қатысады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жыл сайын «Наурыз мейрамы» өткізіледі. Дәстүрлі түрде  9 мамыр күні тыл және еңбек ардагерлеріне, қарттар мен мүгедек айлығында зейнеткерлер мен мүгедектерге, ауыл шаруашылық еңбеккерлеріне құрмет көрсетілуде.

          Барлық өткізіліп жатқан іс-шараларға басты демеушілер «Ергольское», «Иванковка НС», «АСКОП», «Олюшка» ЖШС-тер, «Ткачев», «Бегельдинов», «Мадина», «Кабанец» және т.б. ШҚ болып табылады.

          Барлық ЖШС, ЖК мен ШҚ басшыларына көрсетілген көмектері мен ықыластықтары үшін алғысымды білдіргім келеді.

          .

Спорт

 

Округ аумағында Гордеевка НМ мен Тоқтамыс ОМ 2 спортзал өз жұмысын атқаруда. Үнемі спорттық үйірмелер өткізіліп келеді.

Волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі бойынша жаттықтырулар өткізіледі.

 

Елді мекендерді көркейту жұмыстары.

 

      Округті көркейту мәселесі  негізгі мақсатымыздың бірі болып табылады.

       Округ аумағы тұрғындары тазалыққа аса зор мән беріп, соның арқасында үш тазалық айлары өткізілді. Барлық округ аумағындағы ескерткіштер мен обелисктер жөндеу жұмыстарынан өткен.

Су тасқыны уақытында төтенше жағдайларды алдын алу мақсатымен  аудандық төтенше жағдай бойынша бөлімнің мамандары мұзды жару жұмыстарын жүргізеді.

Жүйелі түрде ауыл ішіндегі және ауыл арасындағы жолдар жөнделіп тұрады.

Барлық әлеуметтік саладағы объектілер жылыту маусымына сәтті кірісті, отынмен қамтылды. Әлеуметтік объектілерге қөмір уақытылы жеткізілуде.

 

Коммуналдық шаруашылығы

Округта 3 су құбыры бар. Өкінішке орай 2 өте нашар жағдайда, атап өтетін болсақ (Новокиевка мен Гордеевка селолары). Су құбырлары 100 % тозығы жеткен. Иванковка селосында су тасымалданады. Ондай міндетті өз мойнынан алып отырған «Иванковка НС» ЖШС.  Уақытылы су құбырлары дезинфекцияланып, құбырлар шайылып отырылады.

 

Қоғамдық қауіпсіздік

 

       Ерголка ауылдық округіне 1 учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. 2019 жылы УПИ әртүрлі заңбұзушылық үшін 185 әкімшілік құжаттар толтырылды, ашылмаған қылмыс жоқ. Тұрмыста, көшелерде қылмыс жасауды алдын алу бойынша және әртүрлі оперативтік алдын алу іс-шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Жасөспірімдер қылмысын алдын алу шаралары тұрақты түрде бақылауда тұрады. УПИ селолық округінің мамандарымен бірлесіп тексеру шараларын өткізеді.

       Әкімдік аппаратында заңды тұлғалармен қарапайым азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдап, шаруашылық анықтамалар берілуде, ӘМК құжаттарын рәсімдей шаралары жүргізілуде.

   Әкім мен аппарат жұмысы азаматтардың тұрмыс әл-ауқатын жақсарту мен селолық округте қауіпсіз және дұрыс өмір сүру салтын қалыптастыруға орасан көп күш жұмсалуда.

 

 БОЛАШАҚТА ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАРДЫ АТҚАРУ КЕРЕК:

 

  • Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету;
  • Гордеевка селолық клубының төбесін жөндеу;
  • Тоқтамыс ауылы және Новокиевка селосының ауыларалық жолын жөндеу;
  • мерекелерді ұйымдастыру және өткізу;
  • қатты қалдықтарды кәдеге жарату;
  • округті санитарлық тазарту және қөгалдандыру;
  • 2020 жылға арналған бюджет қаражатың толық пайдалану.

 

Казақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында: Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында! Бірақ нақты дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек.Қазақстан – ортақ шаңырағымыз!» деген.

Біздің міндетіміз мемлекеттің гүлденуі жолындағы адал жұмысымызбен іске асыратын мемлекеттің, Қазақстан Республикасы Презтдентінің саясатың қолдау. Біз тұрғындардан, меншіктің барлық нысандарының жұмыскерлерінен қолдау және түсіністік күтеміз.

Келген 2020 жыл болашағы мол, өмірдің барлық саласында позитивті болсын, баршаңызға деңсаулық пен береке тілеймін!

 

Назарларыңызға рахмет!

 

 

Жарияланған күні: 31.12.2019

Жаңартылған күні: 31.12.2019

Қаралым саны: 414