Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Никольск селолық округінің әкімінің есебі

«Никольское селолық округінің 2019 жылдағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға

арналған  негізгі міндеттері туралы»

 

Никольск селолық округінің әкімі П.Ш. Қабдиннің халыққа есеп беруі

 

Құрметті Никольск ауылдық округінің тұрғындары, «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдерінің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының  халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»  ҚР Президентінің  жылғы  ақпандағы Жарлығын орындау мақсатында Сіздердің назарларыңызға 2019 жылы атқарылған жұмыс және маған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп беруге рұқсат етіңіздер.

Никольск селолық округінің  жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының  заңнамаларына және  жоғарғы органдармен негізделеді.

Басты стратегиялық мақсат  тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Никольск селолық округіне екі елді мекен тиесілі. 01.01.2020 жағдай бойынша  халық саны 1585 адам, 451 шаңырақ бар. Жұмысқа жарамды  801 адам,  зейнеткерлік  жастағы 226 адам, мүмкіндігі шектеулі 69 адам (4 бала).

Шағын  кәсіпкерлік саласында селолық округте 7 азық-түлік және 3 тұрмыстық  дүкен бар. Жеңіл автокөліктерді жөндеу цехы өз жұмысын әлі жалғастыруда. Никольск селосындағы наубайхана халық сұранысын   100% қамтамасыз етіп отыр. Есеп беріп отырған жылы  қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар есебінен 3 адам қатысты, сонымен қатар, 32   адам жұмысқа орналастырылып, 5 адам тұрақты жұмыс орнына,  27 адам уақытша жұмыс орындарына орналастырылды. 1  адамж астар тәжірибесі бойынша орналастырылды.

01.01.2020 жылы жағдай бойынша экокномикалық белсенді адамдардың саны - 801 құрап, олардың жұмыспен қамтылғаны - 773.

Ауылдық округ аумағында негізгі  ауылшаруашылық өндірісі "Никольское" ЖШС және "Шаруа - Көкше"ЖҚ тиесілі. Округте 3 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Округ аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындар жоқ.

«Николькое» ЖШС-директоры Джанадилов Қазақстан. 2019 жылы егіс алқабы - 8900 га ( 3273 га артық) құрады, оның ішінде: бидай - 4000 га, жалпы жинау - 3600 тонна; рапс - 4000 га, жалпы өнім-2000 т. зығыр - 400 га, жалпы өнім - 500 тонна; бір жылдық шөп - 400 га. жайылым-4534,7 га.

Жұмысшылар саны  - 35 адам.

Демеушілік көмек:

1. 2018 жылы Никольск ОМ ыстық тамаққа және бензинге -54560 мың теңге.

2. Никольская ДА д/т - 100 л.

3. Әкімдікке 64500 теңге спорттық іс-шараларға бару үшін 70 литр су және бензин сараптамасына ақы төлеу.

4. 2019 жылы Никольск орта мектебіне ыстық тамаққа 7000 мың теңге және ескерткішті жөндеуге 30000 мың теңге бөлінді.

5. Әкімдікке спорттық іс-шараларға 40 л бензин бөлінді.

 6. 2019 жылы Советская көшесіндегі өрттің салдарын жоюға техника мен бензин бөлінді.

 

«Шаруа-Көкше»ЖШС-директоры Габдулин Асылан Мұратұлы. Оның ішінде: бидай – 382 га, жалпы өнім-687,6 тонна; арпа – 350 га, жалпы өнім-630 тонна, зығыр - 382 га, жалпы өнім-687,6 тонна, жайылым-1343,9 га

 Демеушілік көмек: 2019 жылы наурыз айында 10 000 мың теңге бөлінді.

«Шахатов Р. Т.»  ШҚ басшысы - Шахатов Рашид Тлекович. Жалпы аумағы 299,8 га, жайылым 30,8 га, егістік алқабы 269 га құрады, оның ішінде: бидай – 140 га мал шаруашылығы 01.07.2019 жылға ІҚМ 235 бас. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 77 аналық қазақтың ақбас тұқымды және 3 бұқаны сатып алуға 16 млн.теңге алды.

Демеушілік көмек: 2019 жылы наурыз айына 10 000 мың теңге бөлініп, аз қамтылған отбасы үшін азық-түлік жиынтығы түрінде материалдық көмек көрсетілді. АӘК ресімдеу үшін отбасының 2 мүшесін жұмысқа орналастырды.

«Аманат» ШҚ жетекшісі - Бекей Хатшибай. Жалпы аумағы 250 га, жайылымы 250 га, мал шаруашылығы - 71 бас. Ұсақ мал 41 бас, 5 бас жылқы.

Демеушілік көмек: 2019 жылы наурыз айына 15 000 мың теңге бөлінді. Аз қамтылған отбасы үшін азық-түлік жиынтығы түрінде материалдық көмек көрсетті. Аз қамтылған отбасынан 1 адам жұмысқа орналасты.

«Аксагов И»  ШҚ басшысы -  Ақсагов Иса. Жалпы аумағы 241,5 га жайылым 15,5 га,  2019 жылы егістік алқабы 223 га құрады, оның ішінде бидай – 223 га.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылық кітабын толтыруда 2020 жылдың  01 қаңтары жағдайы бойынша 

- ІҚМ  – 1100 бас  (12 басқа кем), соның ішінде сиыр – 589 бас (6 басқа кем.)

-  ҰБМ – 2275 бас  (107 басқа көп).

-  Жылқы  – 477 бас (58 басқа көп ).

-  Шошқа  – 101 бас  (10 басқа көп).

-  Құстар- 4063 (21 данаға артық).

 

Ауыл шаурашылық субъектілерінде

1. «Никольское» ЖШС  - 86 ІҚМ, сиыр -72 бас, бұқа 4 бас.

2. «Аманат» ШҚ - 52 ІҚМ, 5 жылқы , 38 – ҰБМ.

3. «Шахатов Р.Т.» ШҚ  -220 ІҚМ.

 

2019 жылы АӘК-ті 8 отбасы алды, бұл – 41 адам. "Бастау бизнес "бағдарламасы бойынша 28 адам сертификат алып, оқудан өтті. Оның ішінде 10 адам өз ісіне 24 млн. 300 мың теңге несие алды.

2019 жылы дәнекерлеу аппаратын, бейне және фотоаппараттарды, тігін машиналарын, сауу жабдықтары мен сепараторды, мұздатқыш камераны, шиномонтажды өтеусіз негізде сатып алу үшін 14 адам 5 111 990 млн. теңгеге өз ісін ашу үшін грант алды.

1. Исмагулова Г. Б. - 252 500 теңге, мотоблок.

2. Белсени А – 252 500 теңге, мотоблок.

3. Буйрекбай Б. – 252 500 теңге, мотоблок.

4. Каиргожина С. К. -252 500 теңге, қаз және үйрек, балапандар.

5. Уат Роза – 245 000 теңге, сиыр сауу жабдығы мен сепаратор, мұздатқыш камерасын сатып алу.

6. Шайхыслам Б.- 245 000 теңге, сиыр сауу жабдығы мен сепаратор, мұздатқыш камерасы.

7. Хатшыбай Аман-505 000 теңге, аяқ киім ісі бойынша тігін машиналары.

8. Хабыл Б.-505 000 теңге, бейне және фото аппаратура .

9. Мырзатхан С-505 000 теңге, тігін машиналары.

10. Жырғау А -330 000 теңге, тігін машиналары.

11. Мотай Г-426 990 теңге, сиыр сауу жабдығы мен сепаратор, мұздатқыш камерасы.

12. Төлеу Б-505 000 теңге, дөңгелек жөндеу.

13. Муса К.-330 000 теңге, тігін машиналары.

14. Форгиева А. 505000 теңге, кондитерлік шеберхана.

 

Бастау-бизнес бойынша 10 адам жалпы сомасы 24,3 млн теңгеге несие алды

1. Атшыбай К-3,300 млн теңге, ІҚМ .

2. Исмагулова Г. Б - - 2, 300 млн. теңге, жылқы.

3. Қайырғожин а. - 1,200 млн. теңге, ІҚМ.

4. Бұйрықбай Б.-2,300 млн. теңге, ІҚМ.

5. С. Әнуарбек-2 млн. теңге, ІҚМ.

6. С. Құмарбек-1,500 млн. теңге, ІҚМ.

7. Искаков м. С-1,700000 млн. теңге, жылқы.

8. Даниярова Д. Т.-6 млн. теңге, тасымалдау, Камаз.

9. Мотай г.-2 млн. теңге, ІҚМ.

10. Бекей Х - 2 млн. теңге, жылқы.

 

 

Білім саласы

 

Округ аумағында 4 мектеп, саны 100 оқушыдан тұратын Никольск ОМ, Елтай ОМ – 152 оқушы, Елтай БМ - 12 және Ұлтуған БМ – 6 оқушы жұмыс істейді. Сондай-ақ Никольск орта мектебінде 40 орындық шағын орталық бар. ҰБТ нәтижесі бойынша Елтай орта мектебінде 2018-19 оқу жылында 1 түлек "Алтын белгі"аттестатын алды. Никольск орта мектебінде орташа балл 80% құрады. 1 түлек "Алтын белгі"аттестатын алды.

  1. Никольск ОМ 1982 жылы салынған. 2020 жылға түлектер саны - 2, қызметкерлердің жалпы саны-45 адам, оның ішінде мұғалімдер-24 адам, жоғары білімді мұғалімдер-21 адам,  орта білімді мұғалімдер-3 адам. Жоғары санатты - 1, бірінші -1, екінші санатты-2 , санаты жоқ 9 мұғалім. Педагог зерттеуші-1, педагог сарапшы - 9, педагог модератор-1.

Шағын орталық бойынша: барлығы- 6 адам, тәрбиешілер-4, жұмысшылар-2. Балалар саны – 40.

Бос орындар: 2020 жылға Никольск ОМ математика мұғалімі - 1, физика – 1, химия – 1, ұл балаларға арналған технология - 1 талап етіледі.

  1. Елтай ОМ 1982 жылы салынған. Оқушылар саны-152 адам, 2020 жылы бітіретіндер саны-9, қызметкерлердің жалпы саны - 36, оның ішінде мұғалімдер саны-21 адам, жоғары білімді - 19 адам, орта білімді 2 адам санаты бойынша: жоғары - 8, бірінші -6, екінші – 5, санаты жоқ -2. Педагог зерттеуші - 2, педагог сарапшы-2, педагог модератор-2.

Бос орындар: 2020 жылға химия мұғалімі – 1, ағылшын тілі -1, орыс тілі -1 адам қажет.

  1. Елтай БМ – де оқушылар саны-12 адам, қызметкерлер саны-10 адам, оның ішінде мұғалімдер саны-5 адам, жоғары білімді-2 адам, орта білімді - 3 адам. Санаты бойынша: жоғары - 1, бірінші-1, екінші-1, санаты жоқ 2 мұғалім. Педагог сарапшы – 1.

2020 жылға бос орындар жоқ.

  1. Ұлтуған БМ – де оқушылар саны-6 адам, қызметкерлер саны-6 адам, мұғалімдер саны-2 адам, жоғары білімді 1 адам.

 

Мұғалімдер мен оқушылар спорттық іс-шараларға, аудандық жарыстарға белсене қатысады. Сонымен қатар, мұғалімдер мен оқушылар және округ тұрғындары көптеген қашықтық жарыстарға, спорттық, мәдени іс-шараларға, аудандық, облыстық жарыстарға белсене қатысады. 2019  жылы Елтай ОМ оқушысы Бауыржан Сұңқар облыстық Абай оқуларында 1 орын алды. Шаңғы маусымының ашылуына (аудандық жарысқа 2 мектептен 17 адам қатысты, оның ішінде 11 жүлдегер атанды, облыстық жүлдеге  – 5 адам ), қысқы, жазғы көпсайыс- 21 адам.

Селолық округтің  барлық  мәдени- спорттық шаралары  мектепдерде ұйымдастырылады.  2019 жылы Халықаралық әйелдер күніне орай, Наурыз, Конституция күніне, Қарттар мен мүгедектер күніне, Бірінші Президент күніне, Тәуелсіздік және өзге де мерекелерге арналған шаралар ұйымдастырылды. Селолық округте кітап қоры 6287 дана болатын кітапхана бар. Жыл басынан бері бірнеше  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.  

2019 жылы әкімдіктің ұжымы "Мектепке жол" акциясы бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан бірінші сынып оқушысына мектеп және спорттық костюм сатып алды. Мектептерде аз қамтылған отбасы балаларына материалдық көмек ұйымдастырылды. Құрбан айт мерекесіне орай киім және азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді. "Қамқорлық- Забота" акциясы бойынша әкімдік, мектептер азық-түлік жиынтығын ұйымдастырып, жалғыз басты зейнеткерлерге берілді.

2019 жылы мүгедек және аз қамтылған 11 отбасы материалдық көмек алды. "Қарттар мен мүгедектер" айлығын өткізу барысында азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді, сондай-ақ МӘМ-де жүрген қарттар мен мүгедектерге арналған үш азық-түлік дорбасы жиналды.

2019 жылы 8 наурызға, Наурыз мейрамына, Конституция күніне, қарттар мен мүгедектер күніне, Тұңғыш Президент күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар және басқа да іс-шаралар өткізілді. Ауылдық округ "Ақмола жұлдыздары" атты көркемөнерпаздар байқауына, аудандық "Ақ бидай", "Құлагер" спартакиадаларына белсене қатысты

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау

 

Никольск ДА 2 екі  селолық округке қызмет көрсететді.  Қызмет көрсету аумағы Макинск -65 км, Ұлтуған-12 км, 32- разъезд км, Алтынды-20 км, Боярка-14 км, Ельтай а. -7 км, Жаңаталап-30 км, Алаколь-40 км.

Никольск ДА 1980 жылы салынған икемделген ғимаратта орналасқан. 2018 жылы ғимарат түпкілікті жөндеуден өтті.   Ғимаратта пешпен жылыту, орталықтандырылған су құбыры, канализация бар, телефон, 2 компьютер бар. Қызметтік көлік 2004 сатып алынған. Ғимаратта дәрігер бөлмесі,  қарау кабинеті, процедуралық бөлме, екпе салу,  лаборатория, физио, тіркеу бөлмелері бар және күндізгі стационар бөлмесінде 2 төсек орналасқан, сонымен қатар дәріханалық  дүңгіршек бар.

Қызметтік құрам:  бас дәрігер -0,25 ставка, жалпы тәжірибе дәрігері -1 ставка, акушер -1 ставка, лаборант -жоқ, медбике – 3,75 ставка, әлеуметтік қызметкер  -1 ставка.

Никольск селолық округі бойынша «Дамумед» бағдарламасына тіркелген 585 адам.

2019 жылы туылғандар – 10 адам, қайтыс болғандар – 8 адам.  

Ана мен бала өлімі тіркелмеген.

Флюрографиялық тексерістен өтуі тиіс адам саны  1894, ал тексерістен өткендер 1748 (92%). Үйде босану фактілері тіркелмеген. Жүкті әйелдер уақытылы тіркеуге алынып, қадағаланып отырады. Ересектер мен балалардың профилактикалық екпелері  жоспар бойынша өткізіліп отыр.  Селолық округте бір әлеуметтік қызметкер  екі  мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, 2019 жылы Елтай станциясына "Денсаулық" медициналық пойызы және мамандандырылған дәрігерлер келді. Мамандар  жергілікті тұрғындар үшін тексеру жүргізіп, кеңес берді. Жыл сайын ауылға флюорография және әйелдер үшін маммография жылжымалы машинасы келеді.

 

Аббаттандыру

 Жыл сайын округ аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2019 жылы ауылдық округ «Бірге, таза Қазақстан» экологиялық акциясына, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық акциясына қатысты. Көктемгі-күзгі айлық барысында сенбіліктер өткізілді, сенбіліктен басқа қоғамдық қызметкерлермен аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді.  2019 жылы саябақ аумағында және әкімшілік ғимараттардың жанында 200-ге жуық ағаш пен бұта отырғызылды.

Көктемде және күзде су тасқынын алдын алуды ұйымдастыру мақсатында барлық су өткізу көпірлері, ауылдың негізгі және орталық көшелері тазартылды.

Халыққа бірінші кезекте қажетті тауарлармен қызмет көрсету жолдардың жай-күйіне тікелей байланысты.

Ауылдық округтің күрделі мәселелерінің бірі жол жөндеу болып табылады Ауыл ішіндегі жолдардың ұзындығы 17.4 км құрайды, олар негізінен қанағаттанарлық жағдайда.

2019 жылы Никольск ауылынан Даниловка ауылдық округінің Алтынды ауылына дейінгі жолды ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 12 миллион теңге бөлінді.

Ең маңызды мәселелердің бірі ұзақ уақыт бойы су құбырын жөндеу болып қалуда. Қолданыстағы су құбыры толығымен тозған, оның тозуы 90 пайызға жетті. Оның ұзындығы 36 км, көше бойларында 18-ге жуық су реттегіш құралдары бар.

Сондай-ақ, көктемгі-күзгі суды хлорлау жүргізу ұйымдастырылып «Ұлттық сараптама орталығымен»  шарт жасалған. Никольск селосын сумен жабдықтау жер асты көздерінен жүзеге асырылады.

 

2019 жылға салық базасы

Түсу түрі

теңге

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

430700

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

125860

Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы

118235,7

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық

1558639

Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы

5382

Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық

138813

Әкімдермен әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алынатын айыппұлдар

21250

 

 

Никольск селолық округінің әкімі аппаратының  жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының  заңнамаларына және  жоғарғы органдармен негізделеді.

Есептік  кезеңде әкім аппаратында үш маман қызмет атқарды. Есептік жылы 32 нормативтік құқықтық актілер қабылданды.   5 өтініш қарастырылды, олардың ішінде жеке тұлғалардан –1 және Никольск әкімнің жеке қабылдауында 4 адам болды.

Есептік мерзім уақытында жалпы 96 мемлекеттік қызмет көрсетілген, олардың: 10 -  оқушыларды тасымалдау,  7 - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және “Egov.kz”  өзіндік қызмет көрсету пункті бойынша  79 қызмет.

Селолық округте 2016 жылдан бері нотариалдық іс – әрекеттерді жүргізетін маман жұмыс істейды. 2019 жылы 28078  тенге соммасына  136 нотариалдық құжат рәсімделген.

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні: 31.12.2019

Жаңартылған күні: 31.12.2019

Қаралым саны: 1908