Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Новобратск селолық округі әкімінің есебі

«Новобратск селолық округінің 2019  жылдағы  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы және 2020 жылға арналған негізгі міндеттері туралы»

Новобратск селолық округінің  әкімі  В.И.Салийдың халыққа есеп беруі

                  Құрметтi ауылдастар және кездесуге қатысушылар!

 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы  Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру мақсатында халық алдында барлық деңгейдегі әкімдер есепті кездесулер өткізіліп жатыр, олардың барысында елде жүргізіліп жатқан реформаларды орындалуы туралы, мемлекеттік және өңірлік бағдарламасын орындалуы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтарға қарсы күресу шеңберінде қабылданған есеп беру  кезеңдегі әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық дамуы, олардың негізгі бағыттары мен міндеттері одан әрі дамыту.

Өткен жылды қорытындылау үшiн және өз жұмысымызды орнату үшiн алдымызға жаңа жоспарлар құру мақсатымен кезектi кездесiп отырмыз.

«Қазақстан –жас көп ұлттық , өзiнiң ертеңiнде сенiмдi дамып келе жатқан мемлекет! Бiз 28-жылдық орнату жолын өттiк. Алдағы уақытта бiздi одан да жоғары межелер күтiп тұр. Мемлекеттi орнатуда ерекше бай тәжiрибелердi жинап, бiз жаңа кезеңдi қарсы алдық. Қандай қиын жағдайлар кездестiрсек те, бiз оларды жеңiп шығатынымызға сенiмдiмiн. Бiздiң басты күшiмiз- бiрлiкте.

Патриотизм өз Отаныңды, өз туған ауылыңды, қалаңды, аумағыңды, өзiңнiң кiшi Отаныңды сүйуден басталады. «Туған жер» бағдарламасы бiлiм беру жүйесiнде, экология және көрiктендiру, аумақтық тарихты үйрету, мәдени-тарихи ескерткiштердi және жергiлiктi мәдени нысандарды жаңғырту өлкетанымдылық жұмысты көрсеткен.

Адамдардың санасында ұлттық құндылықтарды сақтап қалу үшiн «Қазақстанның рухани құндылықтары» атты жоба әзiрленген. ҚР Президентінің жолдауы негізінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  ең төменгі жалақы мөлшері көтерілді.

Бұның бәрi дұрыс саяси жолдың нәтижесi болып табылады және халықаралық шеңберде Қазақстанның жоғары беделi.

Сондай-ақ өткен 2019 жылды  қорытындылай отырып, бiз келесi көрсеткiштерге жеттiк :

2019 жылы «Новобратск селолық  округi әкiмiнiң аппараты» ММ-не 5 өтiнiш, оның iшiнде жеке тұлғалардан жазбаша өтiнiш - 1,  жеке қабылдауда 5 ауызша хат түстi. Барлық хаттар қанағаттандырылды және түсiндiрiлдi. 13836 теңге сомасына 68 нотариалдық iс-әрекеттер жасалды.

Әлеуметтiк-демографиялық жағдай

Ауылдық округ аумағында 11 ұлт өкiлдерi тұрады. Округте 309 үй, жалпы саны 821  адам. 2019 жылда 5 бала туды, 9 адам қайтыс болды,  75 адам кеттi, 13  адам келдi, көшi- қон сальдосы : — 62. Экономикалық белсендi тұрғындар 431 адам құрайды, оның iшiнде 429 адам әр салада жұмысы барлар, 6  адам өзiн өзi қамытқан, тiркелген жұмыссыздар саны 4 адам.

Ауылшаруашылық өндiрiсi

   Селолық округтің аграрлық секторы 2 ЖШС және 2  шаруа қожалықтарын  және 2 ПТ , 1 ЖК біріктіреді.

Округ бойынша  2019 жылдың 1 қаңтарына  халықта ІҚМ - 693 бас , шошқа - 598  бас, жылқы -114 бас , қой -466 , құстар -4371 бас.

Мал есебінің дұрыстығын  жолға қою мақсатымен, ветеринарлық-алдыналу шараларын өткізуді жақсарту үшін ауылшаруашылық  малдарын  сәйкестендіру жүргізілуде.

«Ветеринария туралы» ҚР заңына өзгерістер  енгізілуге байланысты, Новобратск ЖШС күшімен  Буденовка ауылында  мал сою пункті жұмыс істейді.. Оның жанында  шұжық өндіру, тұшпара, манты, голубцы жасау шағын цехы жұмыс істейді.

Қоғамдық және жеке меншік малдарының  қыстауына  шөп дайындалды. Сабан және фураж дайындалуда.     Селолық округ  аумағында ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу объектілері жұмыс істейді: Новобратск селосында  жұмыс істейтін  1 наубайхана  4 ауылды нанмен қамтамасыз етеді. Пісірілген нанның  көлемі – 33,5 тонна.

Кәсiпкерлiк

   Жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының негізгі мақсаты: шағын кәсіпкерліктің дамуына  қолайлы жағдай қарастыру, шағын  кәсіпкерліктердің қазіргі  нарыққа бәсекелестікке қабілеттілігінің артуы және де жұмыссыздық  мәселесін  шешу болып табылады.

Селолық округта 8 дүкен, 1 наубайхана, 1 жанармай станциясы,1 дәріхана жұмыс істейді.

Кәсiпкерлiктегi бар салалармен қатар округке халыққа келесi қызмет түрлерiн көрсету бойынша саланы дамыту қажет, оларға: шаштараз, iс тiгу цехы, аяқ киiмдер жөндеу,  дөңгелектер құрастыру.

Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту.

 Ағымдағы жылы жұмыссыз азаматтар қатарынан төленетiн қоғамдық жұмысқа 4 адам жолданды.

Новобратск селолық  округiнiң аумағында кедейлiк шегiнен күн көрiстiң төменгi деңгейiне дейiнгi табыстары бар отбасы жоқ. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiнде жүгiнетiн, отбасының материалдық жағдайын зерттеу бойынша учаскелiк комиссия құрылып, жұмыс iстейдi. 2019 жылы Атаулы әлеуметтiк көмекті тағайындауға 2 өтiнiш қанағаттандырылды. Атаулы әлеуметтiк көмекті 9 адам алады.

Тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру мақсатында, тұрақты және өнiмдi жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету жолымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Республикалық бағдарламасы қабылданды.

Жалпылық және өнiмдiлiк кәсiпкерлiк бағдарламасы бойынша селолық округ бойынша 3 адам оқытылды, онда олар оператор ветеринар  бiлiмдiлiгін алды, оның 3 жұмысқа орналастырылды.

 

Бiлiм

 Білім беру саласының сапалы дамуы біздің Республикамыздың жалпыхалықтық даму бағдарламасының басымды бағыттарының бірі болып табылады.

  2011-2020  жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының  басты міндеті- білімберу саласының  бәсекеге қабілеттілігін көтеру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімберу  мүмкіндігін қамтамасыз ету  арқылы адам капиталын  дамыту.

Селолық округте 4 мектеп -  1 орта,  2  бастауыш

Округте 2 шағын орталық жұмыс істейді, Новобратск селосында балалардың саны -11, Буденовка селосында балалардың саны -2.

Мектептердің жылу жүйесі қанағаттандыру жағдайда. Барлық мектептерде оқушылар  СХП Новобратское ЖШС және ата-аналар қаражатына  ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Буденовка бастауыш  мектебі: мұғалімдер саны - 3  адам, оқушылар-10, мектепалды сыныбы- 3  адам.

Красносельск бастауыш  мектебі:  мұғалімдер саны -2 адам, оқушылар – 7, мектепалды сыныбы-0  адам.

Новобратск орта мектебі. Ұжымда  20 мұғалім, оқушылардың саны 106 және мектепалды сыныбы – 7 адам.

Мектепте кітапхана , мұражай  жұмыс істейді.  Оқушыларды тасымалдауға  автобус пайдалануға берілді.

 

Денсаулық сақтау

   Новобратск  дәрігерлік амбулаториясының  мамандары : акушер, лаборант, әлеуметтік жұмыскер және  медпункт қызметкерлері 1903  адамға қызмет көрсетеді., 5  орынды  күндізгі стационар жұмыс істейді.  Жаңа жедел жәрдем  машинасы бар. Қант диабетімен,  демікпе ауруымен,  іш құрылысының  ауруымен, жүрек тамырлар ауруымен ауыратындарға  тегін дәрі-дәрмек беріледі.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында  медициналық қызметкерлермен барлық жоспарланған шаралар 100% жүргiзiлдi:

- Ересек тұрғындардың скринингi -119 адам (100%),

- балалар скринингi — 99 бала(100%),

-Флюротексеру — 571  адам (95%),

- дәрiгерлердiң көшпелi бригадасымен -280 адам тексерiлдi.

Балалардың және аналардың өлiмi тiркелген жоқ.

 

Мәдениет

     Мәдениет мекемелері «Мәдениет туралы», «тарихи-мәдени мұраны сақтау туралы» Заңдарды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс істейді.

2019  жылда  мерекелік концерттер  өткізілді, оларға  Новобратск ОМ , халық шығармашылығының ұжымдары, би коллективтері  қатысты. «Ақмола жұлдыздары»  халық шығармашылығының байқауы өтті.Үздік нөмірлер Макин қаласындағы концертке алынды, Байқау қорытындысы бойынша  дипломдармен марапатталды.

9 мамырда  Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған шаралар өткізілді.  ҰОС қаза тапқандардың  ескерткішіне  гүл шоқтары қойылып, митинг өткізілді.  Мәдениет үйінде концерт болып мерекелік дастархан жайылды.  Еңбек ардагерлеріне, интернационалист жауынгерелерге  сыйлықтар мен азық-түлік пакеттері тапсырылды. Тұңғыш Президент, тәуелсіздік күніне, ауылшаруашылығы жұмыскерлері күніне арналған мерекелік концерттер өткізілді.

Округте Новобратск және Буденовка селоларында  2 кітапхана жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 19506  дана. Кітапханалар жаңа кітаптар, облыстық және республикалық газет-журналдарды үнемі алып тұрады. Кітапханашылар барлық мемлекеттік мерекелерге белсене қатысады.

Дене шынықтыру және спорт

   Селолық округта ірі мәдени-спорттық  шаралар, демалыс және денешынықтыру-сауықтыру  жұмыстарына жағдай туғызу мақсатымен денсаулық фестивалі, жеңілатлетикалық кросстар өткізілді.  Біздің спортшылардың  аудандық жарыстарға қатысуы-спорттың  жан-жақты дамуының нәтижесі.

Аудандық жазғы спартакиадада  волейбол бойынша   ересектер  командасы жүлделі  1 орынға ие болды. Аудан бойынша өткізілген шахмат, теннис, кросс жарыстарына белсене қатысты.

Көрiктендiру

   Новобратск селолық  округiн көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалығы бойынша айлық өткiзу шараларына 458 адам қатысты, оның iшiнде төленетiн қоғамдық жұмыстарға 4 адам қатысты, 2 жиналыс өткiзiлдi,  1500 тонна қоқыс шығарылды, 2 парк абаттандырылды, 700 п/м қоршау сырланды және әктелдi, гүлдер, ағаштар отырғызылды.

Новобратск селолық  округi аймағында  2 мал көму жерi, 4  қоқыс жинау орны бар.

Көрiктендiру ережелерiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк айыппұл салынған емес.

Ұзындығы 50 км жол  екі рет грейдерленді.

Селолық округтің 4 елді мекені   орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Почта және телефон байланысы

    Селолық округ  аумағында «Казпочта» бөлімшесі бар. Почта байланысының  торабы  селолық  бөлімшелерден тұрады.

Почта бөлімшесінде почталық қызмет көрсетіледі, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы беріледі.

Елді мекендер  телефонмен қамтамасыз етілген.  Абоненттердің саны 254, жеке тұлғаларға -237, заңды тұлғаларға -17. Мегалайн  абоненттерінің саны-138, оның ішінде жеке тұлғалар-129, заңды тұлғалар -9. Округ аумағында «Beeline» , «Актив» байланысы бар.  Теледидар бағдарламаларын  «Хабар» каналы және бірінші канал  көрсетеді. Селода  үйлердің   70%  «тарелкалар» орнатылған. Сонымен қатар  «Отау ТВ» Қазақстан телевидениясының 18 антеннасы орнатылды, ақысыз 37 канал көрсетіледі.

Нұр Отан

   Новобратск селолық  округi аймағында «Нұр Отан» бiрiншiлiк партиялық ұйымы бар, оның есебiнде партия мүшелерi 74 адам.  Өткен жылда партия қатарына 6 адам қабылданды.

Бiрiншiлiк партиялық ұйым округтiң саяси,әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрiне белсендi қатысты, бiрiншiлiктiң жұмысы жоспар бойынша «Нұр Отан» ұранымен өткiзiледi .

Құрметтi ауылдастар, мен Сiздердi 2019 жылғы атқарылған жұмыс туралы қысқаша таныстырдым, ендi Сiздердiң назарларыңызға алдағы жылға қойылған жұмыс жоспарлары туралы мәлiмет етейiн:

*Республикалық бағдарламаларды округте орындалуы бойынша тұрақты жұмыс жүргiзу.

*Округте мал бастарын, оның iшiнде ауыл шаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығын дамыту есебiнен өсiру.

*Халыққа қызмет көрсету бойынша пункттер ашуды жалғастыру.

*Жаңа жұмыс орындарын құру.

•Округтiң елдi мекендерiн көрiктендiру бойынша тиiмдi жұмыс жүргiзу

2019  жылда   атқарылған жұмыстың нәтижесi осындай. Жұмыс қортындысын шығара отырып, бiзде әлi де жеткiлiктi проблемалар бар және оны бiрлескен күшпен шешуiмiз керек.

Өз сөзiмдi қорытындылай келе Сiздерге мықты денсаулық тiлеймiн.

Назарларыңызға рахмет!

 

Жарияланған күні: 31.12.2019

Жаңартылған күні: 31.12.2019

Қаралым саны: 341