Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Бұланды ауданының 2019 жылы бойынша және 2020 жылға арналған негізгі міндеттері туралы аудан әкімі Т.А.Ерсейітовтің  есебі

 

«Бұланды ауданының 2019  жылы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары  және 2020  жылға арналған негізгі міндеттері туралы»  Бұланды  ауданының  әкімі Т.А.Ерсейітовтің  есебі

 

Құрметті бұландылықтар!

 

Бүгін біздің алдымызда ауданымыздың әрбір тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған үлкен міндеттер тұр. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, ТКШ қызметінің сапасы салаларында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және әрине, мұнда халық табысының өсуі өте маңызды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп (3 есе), ауыл шаруашылығы (143,2%) саласында өндіріс өсімінің оң қарқыны қамтамасыз етілді, бұл тиісінше орташа айлық жалақының өсуіне әсер етті.

Аудан бойынша орташа жалақы 128,4 мың теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 33,8% - ға өсті. Инфляция 104,6% кезінде нақты жалақы индексі 127,9% құрады. Экономикалық көрсеткіштердің өсуі бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына оң әсерін тигізді.

Жергілікті бюджетке 1 млрд.817 млн. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, бұл жоспар-болжамның 108,4% - ын құрайды. Аудан бюджетіне түсетін түсімдер 11,4% - ға, 1 млрд.137 млн. теңгеге дейін артық орындалды.

Салық түсімдерінің өсуін ескере отырып, 2019 жылға бекітілген аудан бюджетінің кіріс бөлігі 140,0 млн. теңгеге ұлғайтылды,бұл бірінші кезектегі міндеттерді шешу үшін жеке қабылдау барысында айтылған аудан тұрғындарының өтініштеріне қосымша қаражат бөлуге мүмкіндік берді.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,8% - ға орындалды және 6 млрд.317 млн. теңгені құрады. Аймақ экономикасында ауыл шаруашылығына маңызды рөл беріледі. Ауыл шаруашылығы ұйымдарымен 36 млрд.407 млн. теңгеге өнім өндірілді. Ауыл шаруашылығының НКИ 43,2% – ға артты, бұл мал шаруашылығы саласының 2,5 есе өсуімен байланысты.

Мал шаруашылығында ет өндіру көлемі 4 есе (33,5 мың тоннаға дейін өсті), сиыр саны - 16,8% (10,7 мың басқа дейін өсті), шошқа - 5,8% (7,4 мың басқа дейін өсті), жылқы - 7,5% (7,7 мың басқа дейін өсті), құс – 56% (2,4 млн.басқа дейін өсті) өсті.

Сонымен қатар сүт өндіру 3,8% – ға (19,4 мың тоннаға дейін төмендеуі, сауылмайтын сиырлардың ұлғаюы), жұмыртқа – 8,2% - ға (5,0 млн.данаға дейін төмендеуі, «Жасмин 2000»  ЖШС құс санының азаюы), ІҚМ басы 2,7% - ға (20,1 мың басқа дейін төмендеуі), қой мен ешкі-4,6% - ға (17,6 мың басқа дейін төмендеуі) төмендеді.

Негізінен, мал басының төмендеуі тұрғындардың шаруашылығында байқалады, бұл жайылымдық жерлердің жетіспеуімен және ауыл тұрғындарының жақын қалаларға көші-қонымен байланысты.

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңын іске асыру аясында  ауданда Жайылымдарды басқару және оларды Бұланды ауданының аумағында пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспар геоботаникалық зерттеу негізінде әзірленуде. (Бұланды ауданы бойынша жайылым алаңы жер балансына сәйкес 147 011 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде 103 469 гектар, елді мекендер жерлерінде 39 282 гектар, орман қоры жерлерінде 4 260 гектар).

Ауылдық округ әкімдері жергілікті қоғамдастықпен бірлесе отырып, ауданның әрбір елді мекеніндегі жайылымдық айналым сызбасын жасау бойынша жұмысты бастады. Бұл жұмысты 2020 жылдың 1 наурызына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жайылым айналымдарының сызбасын әзірлеу кезінде аналық мал басының және барлық ІҚМ, ҰҚМ, халықтың жылқыларының мал жаю орындары нақты көрсетіледі.

Жайылымдар үшін жер жетіспеген жағдайда заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы құрылымдарынан тиімсіз пайдаланылған жайылымдарды алу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Қосымша жайылымдар құрылатын болады.

Сүт өндіру көлемін сүт-тауар фермаларының санын арттыру есебінен өсіретін боламыз. "Капитал 2018" ЖШС – да СТФ құрылысын жалғастыру және "Милка" ШҚ-да, "Нұрлы жол "Қазақстан аграрлық-мал шаруашылығы кәсіпорны" ЖШС құрылысын бастау жоспарлануда.

Өсімдік шаруашылығы саласының ФКИ 85,5% құрады.

НКИ орындалмауына 2018 жылмен салыстырғанда астық жиналуының төмендеуі әсер етті, бұл қолайсыз табиғи-климаттық жағдайларға байланысты (2019 жылы өңдеуден кейінгі салмақта 239,3 мың тонна жиналды, 2018 жылы – 278,6 мың тонна, статистика органдарының деректері бойынша).

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің ақпаратына сәйкес   орташа өнімділік гектарына 13,3 центнер бойынша 260 мың тонна астық жиналды.

Майлы дақылдар 23,3 мың га алқапта жиналды,майлы тұқымдардың жалпы түсімі 18,1 мың тоннаны құрады, орташа өнімділік гектардан 7,8 центнер.

Картоп отырғызу алаңы 784 га құрады, бұдан 12,8 мың тонна жиналды (орташа өнімділік – 164 ц/га). 47 га алаңнан 0,5 мың тонна көкөніс жиналды (орташа өнімділік – 108,0 ц/га).

Көптеген жылдар бойы мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үлкен көңіл бөлінуде.Кәсіпкерлік субъектілеріне барынша қолдау және елеулі көмек көрсетіп, бұл ретте мемлекет тыс қалмайды.

Мысалы, өткен жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 6 млрд.43 млн. теңге сомасында мемлекеттік субсидиялар берілді.

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Макинск құс фабрикасы» ЖШС өндірістік объектілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жүзеге асырылды, осы мақсатқа 862,7 млн.теңге бөлінді.

Кәсіпорынмен 24,4 мың тонна ет және үй құсының қосымша өнімдері, 1,2 мың тонна тауық жартылай фабрикаттары өндірілді, мұнда орташа жалақысы 193,3 мың теңгемен 857 адам еңбек етеді.

Кәсіпорын жанында үй құсы үшін дайын жем шығару цехы жұмыс істейді, 397,6 млн.теңгеге 46,3 мың тонна дайын өнім шығарылды.

«Макинск құс фабрикасы» ЖШС есебінен шығарылатын өнеркәсіп өнімінің көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 3 есеге (облыс бойынша 1 орын) өсіп, 18 млрд.659 млн. теңгені құрады. Құс фабрикасын іске қосудың екінші кезеңінің сомасы 14800,0 млн.теңгені құрайды және 2020 жылы іске асырылады.

2017 жылғы желтоқсанда енгізілген «Politerm» ЖШС, қазіргі "Макинск жылу оқшаулағыш зауыты" ЖШС базальтты жыныстар негізінде жылу оқшаулағыш материалдарды өндіру бойынша кәсіпорынның жұмысы  қайта басталды. Кәсіпорын жылына 34 мың тоннаға дейін өнім шығара алады. Бүгінгі таңда 144 жаңа жұмыс орны ашылды. 12,1 мың тонна қожмақтасы өндірілді.

Бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар өсіп келеді. «Бота 2015» ЖШС-да қуаттылығы тәулігіне 600 тонна өсімдік майын өндіретін экструдер зауытының құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын 3,7 млрд. теңге инвестицияны игеруді жоспарлап отыр.

Аудан экономикасына 11 млрд.483 млн. теңге инвестиция салынды, бұл 2018 жылға 51,8% құрайды. Негізгі капиталға инвестиция көлемінің төмендеуі 2018 жылы «Макинск құс фабрикасы» ЖШС тірі салмақта өнімділігі 60,0 мың тонна бройлер өсіру бойынша құс фабрикасының құрылысы бойынша негізгі жұмыс көлемінің орындалуымен байланысты (құс фабрикасының бірінші кезегі).

2018 жылы кәсіпорын 18 млрд.260 млн.теңге салды, оның ішінде 6 млрд. 866 млн. теңге - құрылыс-монтаж жұмыстарына салынды.

Бүгінгі күні «Макинск құс фабрикасы» ЖШС 6 млрд.239 млн. теңгені игерді, оның 5 млрд. 595 млн. теңгесі құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталды.

Бағытталған бюджет қаражатын есепке ала отырып, құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 0,9% - ға өсіп, 7 млрд.802 млн. теңгені құрады.

Аудан аумағында 2 жалға берілетін көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде: біреуі-Бөгенбай көшесі, 25А, екіншісі-З. Космодемьянская көшесі, 3А (поз. 1). Көппәтерлі тұрғын үйлер «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында салынатын болады. Тұрғын үй жағдайын 105 отбасы жақсартуы жоспарлануда.

Өткен жылы 2,1 есе өсіммен 8,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсім жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метр Макинск қаласы, Лесная көшесі, 39 бойынша 40 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру есебінен болды. Коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алуға жетім балалар, көп балалы отбасылар және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары ие болды.

Тұрғын үйдің жалпы енгізілген көлемінің 0,3 мың шаршы метрін «Журавлевка 1» ЖШС салған жатақхананың ауданы құрайды.

Халықтың қаражаты есебінен 6,0 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Жалпы пәтер мәселесін 77 отбасы шешті.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, қала мен ауыл дамуының берік негізі тиімді шағын және орта бизнес болып табылады.

Аудан бойынша барлығы 1,5 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның 1,1 мың субъектісі жеке кәсіпкерлер болып табылады. Экономиканың бұл секторында 255 жаңа жұмыс орны ашылды.

Осы саладағы кәсіпорындарды дамыту барысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жақсы көмек көрсетуде. Оған қатысу үшін гранттық қаржыландыруға 6 өтінім берілді. «Шағын-полиграфиялық және фото қызметтер» қызмет түрі бойынша тек 1 өтінім мақұлданды (Ахметова А. К. ЖК). 3,0 млн. теңге берілді.

Біздің міндетіміз әрбір отбасының табысын өсіру үшін барлық қажетті жағдай жасау, яғни өз бизнесін ашу арқылы табыс табуға мүмкіндік беру. Сондықтан осы бағытта халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттырудың тиімді құралы үш бағыт шеңберінде әрекет ететін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру болды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 208 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бизнесті жүргізу негіздеріне оқуға жіберілді, оның 169 адам өздерінің бизнес-жоспарларын табысты қорғап, сертификат алды.

54 адам өз ісін ашу үшін 213,9 млн. теңге сомасына шағын несие алды.

Бастапқы бизнесті жүзеге асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын 92 адам мемлекеттік гранттардың иегерлері атанды. Оларға қажетті жабдықтар мен керек-жарақтар сатып алуға 33,8 млн. теңге берілді. Мемлекеттік гранттар өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілді.

Кәсіпкерлікті дамыту үшін тағы бір сала қызметі «қарапайым заттар экономикасын» дамыту болып табылады. Жеңілдікті несиені алуға  және қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінен 2 өтінім берілді, олар бойынша шешім әлі қабылданбаған және олар екінші деңгейдегі банктердің қарауында. Қатысуға «Макинск құс фабрикасы» ЖШС (қолданыстағы өндірісті кеңейту), «Мұрат» ЖК ниет білдірді, соңғысы «Сүтті қайта өңдеу және ірімшік өндіру» қызмет түрі бойынша жаңа өндірісті ашуды жоспарлап отыр.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы экономикадағы маңызды салалардың бірі және көпсалалық шаруашылықты ретінде қалыптасқан.

2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының уақытылы басталуының әлеуміттік маңыздылығын ескере отырып облыстық бюджеттен 381,2 млн. теңге бөлініп, 41,0 млн. теңге қазандық жабдықтардың, қазандардың және Макинск қ. жылумен қамтамасыз ету желілерінің ағымдағы жөндеуін жүргузіге бөлінді.

Отын сатып алу үшін 340,2 млн. теңге бюджеттік қаражат бөлінді (мазут – 326, 1 млн. теңге, көмір – 14,1 млн. теңге).

Абаттандыру аясында таза бейсенбіліктер мен сенбіліктерден тыс «Бірге – Таза Қазақстан» кең көлемді экологиялық акциясы өтті. Аудан тұрғындары акцияға белсене қатысып, өңірдегі экологиялық ахуалға өз үлестерін қосты.

Аудандық бюджет есебінен Макинск қ. демалыс саябағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы көлемде 6,0 млн. теңгеге су бұрқағы орнатылды.

Сонымен қатар, 74 жол белгілері орнатылды.

Облыстық бюджет есебінен Макинск қ. көше-жол желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, оған 50,0 млн. теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары келесі учаскелерінде жүргізілді: «Каравай» дүкенінен Тас Карьері кентіне, Лесная, Московская, Яглинского, Максковский-Сейфуллин қиылысынан «Нұр Отан» ғимаратына дейін және Қалалық әкімшілік ғимаратынан аудандық ауруханаға дейінгі жолдар.  

Аудандық бюджет есебінен және жеке қаржы салушыларды тарту арқылы ағымдағы жылы «Никольск-Алтынды» жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық бюджеттен 15,0 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары 15 км қамтыды.

Жастарды жұмыспен қамту – әлеуметтік маңызды тапсырмалардың бірі.

Ауданымызда бүгінгі таңда жастардың саны 7 791 адамды құрап отыр, ол аудан халқының 23% құрайды. Жастар жылы аясында жастар ресурстық орталығы көптеген шараларға ұйтқы болды, 80 нен астам әртүрлі мерекелік шаралар ұйымдастарды. Сонымен қатар, жастар ресурстық орталығы «Zhas projekt» жастар жобасын жүргізіп, жастардың дамуына бағыт-бағдар берді. Бір жобаға қатысу үшін ауданымыздан 23 өтінім түсті. Соның ішінен 10 жоба қолдау тапты, 4 жоба Макинск қаласында іске асты, қалғандары ауылдық округтарда өз жұмыстарын бастады. Сүт өнімдерін өндіру кәсіпорыны (Макинск қ. Қараөзек а), кондитерлік цех (Макинск қ), сән салоны (Макинск қ), жаттығу залы (Иванковка а), дөңгелек жөндеу шеберханасы (Партизанка а), компьютерлік курс (Никольск а), спорттық және ойын-сауық клубтары (Макинск қ. Шұбарағаш а) ашылды.    

Өткен жылы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен жастарға қолдау көрсету, жас кәсіпкерлерді дамыту мақсатында «Жас кәсіпкер» жобасы бастау алған болатын. Жоба бойынша 18 ден 29 жас аралығында 80 адам білім алды. 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы. Қазіргі уақытта оған 747 адам қатысты.
     Осы бағдарлама аясында 156 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілді.
       Әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адам, жастар тәжірибесіне оқу орындарының 28 түлегі, қоғамдық жұмыстарға 74 адам тартылды. Уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға бюджеттен 26,7 млн. теңге қарастырылған.
          Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Қабылданған өтініштерге сәйкес 283 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленді, оның ішінде 1567 адам - ​​160,5 млн. теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен төленген 136,6 млн. Көмекке мұқтаж азаматтарға толықтай қол жеткізу үшін Ұлттық қордан қосымша 13,9 млн. теңге бөлінді.
         Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке 55 көп балалы отбасы тұрды. Бұл отбасылардың тұрғын үй мәселелері қазіргі мүмкіндіктер мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында шешілетін болады. Салынып жатқан екі көпқабатты тұрғын үйдің уақтылы іске қосылуымен аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға 42 пәтер беріледі.
        Өткен жылы аталған санаттағы азаматтарға  Никольское, Капитоновка, Алтынды, Қараөзек және Шұбарағаш ауылдарынан 5 жеке тұрғын үй сатып алынды, оған 14,4 млн. теңге жұмсалды.
      Сонымен қатар, көп балалы аналарға және олардың 18 жасқа дейінгі балаларына Макинскідегі қоғамдық көліктерде жеңілдіктер қарастырылған. Бұл мақсатқа бюджеттен 0,6 миллион теңге бөлінді.
      Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларды  ыстық тамақпен, мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге 26,9 млн. теңге бөлінді.
      Мұндай қолдауды аудандық  бизнес-қоғамдастық өкілдері де ұсынады.
      Барлық әлеуметтік төлемдер уақытылы төленеді және әр алушыға жетеді. Жалпы, қаржыландырудың барлық көздерінен жалпы сомасы 193,3 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді (4778 алушы).
Білім беру саласында 28 мектепке дейінгі ұйымдар бар онда 1,1 мың адам қатысады.  Боярка, Новокиевка және Елтай (а.Елтай) бастауыш мектептерінде орналасқан шағын орталықтар жабылды.
Сонымен қатар 1 жастан 6 жасқа дейінгі және балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 68,9% -дан 87% -ға дейін өсті.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымдарда 100% орындармен қамтамасыз етілген.
34 жалпы білім беретін мектепте (18 Орта мектеп, 7 Негізгі мектеп, 9   Бастауыш мектеп) 4,7 мың оқушы оқиды. Мектепке дейінгі білім 393 баланы қамтиды. Мемлекеттік ережелерді сақтамауына байланысты Боярка бастауыш мектебі жабылды. «Балдырған» бастауыш мектеп-балабақшасын  жабу үшін құжаттар дайындалуда.
        211,9 млн. теңге мұғалімдердің  және психолог – мұғалімдердің еңбек  жалақысын көтеруге бағытталған.
       Сонымен қатар бізде педогогикалық кадрлар құрамы жетіспейді. Әсіресе математика, ағылшын және орыс тілдерінің мұғалімдері жетіспейді.     Педагогикалық кадрларды тарту және ұстап қалу мәселесі көтерме жәрдемақылар төлеу және ауылдық жерлерде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие бөлу арқылы шешіледі. Ауылға жұмыс істеуге келген 16 білім маманы (көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие) 9,8 млн. теңге көлемінде әлеуметтік қолдау алды.
        Облыс әкімінің қолдауының арқасында №3 Макинск орта мектебінің мәселесі шешілді. Спорт залын күрделі жөндеуге бюджеттік қаражаттан 36,2 млн.теңге (аудандық бюджеттен қосымша қаржыландырудың 10% есебімен) бөлінді. Сонымен қатар Алтынды ауылындағы Алтынды орта мектебінің С блогын қайта құру жұмыстарын жалғастыру үшін 66,2 млн. теңге бөлінді.
      Денсаулық сақтау саласында 42 дәрігер және 213 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Медициналық кадрларға деген қажеттілік - 8 адам, орта медициналық қызметкерлер - 10 адам.
Кадр тапшылығын шешу мақсатында аудандық бюджет есебінен 10 адам жоғары медициналық оқу орындарында білім алуда.
Сонымен қатар,  Алакөл медициналық бөлімшеде жұмыс істейтін  мейірбикеге бір бюджеттік несие берілді, ауылдық жерден тұрғын үй сатып алуға (3,0 млн. теңге).
         Медициналық қызметкерлерге жалдамалы негізде тұрғын үй сатып алуға 44,7 миллион теңге бюджет қаражаты бөлінді. Аудандық аурухананың 7 дәрігері баспанамен қамтамасыз етілген.
         Ағымдағы жылдың басынан бастап 2018 жылмен салыстырғанда туберкулез ауруының 40,1% -ға төмендеуі байқалды (100,0 мың адамға шаққанда 63,6-дан 38,1-ге дейін).
       Сонымен бірге, әлеуметтік маңызы бар аурулардың кейбір түрлері бойынша көрсеткіштердің өсуі байқалды, бұл скринингтік іс-шаралар арқылы халықты кеңінен қамтуға байланысты. Онкопатология 12,8% -ға (100,0 мың адамға шаққанда 228,3), қан айналымы жүйесі аурулары 16,9% -ға (100,0 мың адамға 1747,0) өсті.
          Өкінішке орай, нәрестелер өлімінің 2 есеге өсу фактісін айту керек (2019 жылы - 6 жағдай, 2018 жылы - 3 жағдай). Ана өлімі жағдайлары тіркелмеген.
           Медициналық көмекті жақсарту үшін санитарлық  автокөлігінің 1 бірлігі сатып алынды. Жедел жәрдем станциясында барлығы үш көлік жұмыс істейді.
Аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғасуда, бұл биохимиялық анализаторды, ультрадыбыстық аппаратты және жылжымалы рентгендік жүйені сатып алумен нығайтылды. 46,2 млн.теңге жеке және бюджеттік қаражат жұмсалды.

         Мәдени салада клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 22,6 миллион теңге жұмсалды. LED - экранға(4,6 млн. тенге), сахна киімдеріне (3,7 млн. теңге), сахналық  костюмдерге  (6,0 млн. теңге), жарықтандыру құралдарына (1,4 млн. теңге, акустикалық жүйелерге (2,7 миллион теңге) және басқалар.
       Халықтық шығармашылық топтардың саны өсуде. «Ритм» би ансамблі мен «Ақ Жаулық» вокалдық ансамблі халықтық ұжым атағына  ие болды.
«Ритм» көркемөнерпаздар халықтық ұжымы жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларға белсенді қатысады.
Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен IV Халықаралық «Морское сияние» фестивалінің қорытындысы бойынша әртүрлі конкурстық номинациялар бойынша II және III дәрежелі лауреат атанды.
«Виртуоз» цирк студиясы (Алматы дағы өткен «Air Power Athletics Kazakhstan» халықаралық жарысында II және III орын) алып  жақсы жетістіктерге қол жеткізеді.
       Кітапханаларда 25 қызығушылық клубтары жұмыстарын жалғастыруда, олардың негізгі мақсаты жаңа оқырмандарды тарту, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, әр түрлі жастағы және әр саладағы адамдарды біріктіру, сондай-ақ олардың бос уақытын ұйымдастыру.
        Аудандық бюджет есебінен жыл сайын кітапханалардың кітап қоры  1 миллион теңгеге  жаңа әдебиеттермен толықтырылуда.
       Спорт саласында біз 2019 жылдың 28 ақпанынан 2 наурызына дейін өткен «Хрустальный колос» облыстық  қысқы спартакиадасын өткіздік. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің спортшылар командалық есепте бірінші орынға ие болды (2018 ж. - 9 орын).
      Облыстық спорттық жарыстарды өткізуге шаңғы базасы және ауданның спорттық нысандары қалпына келтірілді.
          Облыстық бюджет есебінен спорт алаңын жақсарту мақсатында Балуан Шолақ стадион алаңында жабық хоккей кортының құрылысы жүргізілуде. (2019 жылы бөлінген 57,4 млн. теңге).

         Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында   Шұбарағаш  ауылында спорт алаңын ағымдағы жөндеу. 16,6 млн.теңге сомасында. Онда қалалық және ауылдық округтер командалары арасында «Ақ Бидай» жазғы спартакиадасы өтті.
       2019 жылы біздің аудан «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысты. Негізгі мақсаты рухани құндылықтарды сақтау және насихаттау болып табылатын «Білім мәдениеті», «Ұлттық бірегейлікті сақтау» және «Туған жер» бағдарламаларының негізгі бағыттарын іске асыру аясында 250-ден астам іс-шаралар өткізілді.
Аудандық «Бұланды Ақпарат» газетінің беттерінде тұрақты жұмыс істейтін бөлім бар, онда бағдарламаның негізгі аспектілері, жауап жетекшілерінің жауаптары, сұхбаттары, сонымен қатар бұл ақпарат аудан әкімінің сайтында орналастырылған.  2019 жылы «Бұланды Ақпарат» аудандық  газетінде және аудан әкімінің сайтында 63 мақала жарияланды. Барлық материалдар әлеуметтік желілерде қайталанған.

Ағымдағы жылы қарт адамдарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғауға, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға, еріктілердің қарттар үйінде жұмыс істеуі, әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында еріктілер ретінде жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді, сондықтан 2020 жыл Еріктілер жылы деп жарияланды .
        2020 жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтеді (ауданда 2 қатысушы). Осыған орай ардагерлер мен оларға теңестірілген адамдарды мерекелеуге жергілікті бюджеттен 5,2 миллион теңге бөлінді.
        Өңір экономикасын дамытудың негізгі басымдықтары өзгеріссіз қалады, бұлар - тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, шағын бизнесті одан әрі қалыптастыру және қолдау, әлеуметтік саланың барлық кешенінің жұмыс істеуі үшін жағдай жасау, жағдайы төмендерді әлеуметтік қорғау.
       Облыс әкімінің қолдауының арқасында биыл Макинск қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде модульді қазандық пен жылу желілерін салуға қаражат бөлінді (4 жер телімі ) (200 000 млн. теңге), «Макинск Жылу» ШЖҚ-дағы МКК  жарғылық капиталын ұлғайтуға (35 000 млн .тенге), Макинск қаласында 2 блокты-модульді қазандықтың құрылысы (100 000 млн. теңге), С блогын қайта құру және Алтынды ауылындағы Алтында орта мектебінің қазандығының құрылысы (110 000 млн. теңге), Макинск қаласының автомобиль көше -  жолдарының желісін орташа жөндеуге  (261,5 млн. теңге), Алтынды ауылына баратын жолға ағымдағы жөндеу (50 000 млн), Алтынды ауылының ішкі жергілікті жолдар жөндеуге (70000 теңге), Капитоновка  ауылының даму схемасы және құрылысына  (6,5 млн. теңге), Никольск  ауылының даму схемасы және құрылысына  (6,1 млн. теңге).
 Қазір оларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.
          2020 жылы аталған жобаларды жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылады.

 

Жарияланған күні: 17.01.2020

Жаңартылған күні: 17.01.2020

Қаралым саны: 1908