Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

ММ Ережесі

             Бұланды ауданы

             әкімдігінің 2012 жылғы

             «29» қараша а-11/439

             қаулысымен

             БЕКІТІЛГЕН

 

 

 

«Бұланды ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

          1 . «Бұланды ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- аудан әкімінің аппараты) аудан әкімінің қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық- құқықтық және материалдық-техникалық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

         2. Аудан әкімінің аппараты Конституцияға және Қазақстан Республикасының зандарына, басқа да нормативті құқықтық актілерге және осы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

         3. Аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы , мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген  үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

         4. Аудан әкімінің аппараты азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

         5.  Аудан әкімінің аппараты, егер заңдарға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтыққатынастарға түсуге құқығы бар.

         6.  Аудан әкімінің аппараты өз құзіретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген  тәртіппен Бұланды ауданы әкімінің аппаратының  басшысының

Бұйрығымен және Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.   Аудан әкімінің аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңдарға сәйкес бекітіледі.

         8. Заңды тұлғаның орналасқан мекен- жайы: 020500. Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 үй.

9. Мемлекеттік органның толық атауы- «Бұланды ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

        10. Осы Ереже аудан әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

        11.  Аудан әкімінің аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

             12.  Аудан әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субьектілермен аудан әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2. Мемлекеттік мекеменің міндетті ісі, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

          13. «Бұланды ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің міндетті ісі ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық- құқықтық  және материалдық-техникалық саласындағы қызметті жүзеге асыруды қамтамсыз ету болып табылады.

           14.  Аудан әкімі аппаратының негізгі міндеттері болып аудан әкімінің және оның орынбасарларының ұйымдастырушылық және құқықтық қызметтерін қамтамасыз ету болып табылады.

          15.  Аудан әкімінің аппараты келесі қызметтерді орындайды:

         -  Қазақстан Республикасы президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулыларын, облыс, облыс және аудан әкімдіктерінің шешімдерін жүзеге асыру;

          -  ауданның әлеуметтік- экономикалық даму стрпатегиясын жүзеге асыру, экономикалық реформаны жүзеге асыруға бастамашылық ету, жетілдіру әдістерін жүзеге асыру;

           -  тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық және азаматтық келісімді, прогресстің және рухани жаңару базасында қоғамның бірігуі бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтер құрылымының үйлестірілуі;

          -  мемелекеттік органдарда кадрлық саясат саласында Қазақстан Республикасы Президентінің курсын жүргізу, облыс және аудан әкімдерінің номенклатурасына кірген және қосылған кадрлар қорын қалыптастыру,  қызметке тағайындалу кезіндегі және атқарған қызметтен босатылғандағы құжаттарды рәсімдеу, оқудың ұйымдастырылуы және осы дәрежедегі кадрларының қайта даярлануы;

        -  аудан әкімі және оның орынбасарларының қатысуымен өтетін іс-шаралардың өтуін қамтамасыз ету;

        -  аудан әкімі істерін құжаттармен қамтамасыз ету, қызметтік құжаттардың, хаттардың, арыздардың қаралуы, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің қаралуы, азаматтардың қабылдануын ұйымдастыру, соның ішінде жұмыс және тұрғылықты орны бойынша, ағын- құжаттарды талдау, мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерін жетілдіру, әдістемелік жұмыстардың тәсілдерін жақсарту;

        -  заң және құқықтық ретпен қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару, кәсіпорын, ұйым және азаматтардың конституциялық құқық, міндеттерін органдардың іске асыруын бақылау, мемлекеттік және еңбек тәртібіне бекініс, тұжырымдау, қоғам тәртібіне түсінік шараларын жүргізу;

          -  органдар жұмысының үйлесімділігі, шешім қабылдау кезіндегі әкім өкімінің берілуіне дайындалу мақсатында олардан ақпараттардың уақытылы алынуы;

        -  аудан әкіміне және оның орынбасарларына ақпараттық және аналитикалық сипатты құжат дайындау;

         -  ұйымдастыру - техникалық дайындық және аудан әкімдігінің мәжілісін ақпаратпен қамтамасыз ету;

         -  бұқаралық ақпарат құралдарына аудан әкімі және оның орынбасарлары, аппарат қызметкерлерінің жұмыстарының басылуын қамтамасыз ету;

         -  аудан әкімі қызметін қаржы- шаруашылық және әлеуметтік – техникалық жабдықармен қамтамасыз ету;

        16. Өз міндеттерін жүзеге асыру жөнінде аудан әкімінің аппаратының келесі құқықтары мен міндеттері бар:

        -  мемлекеттік органдардан, қала, ауылдық округтері әкімдерінен ақпарат алу, сол сияқты оларға орындауға тапсырыс беруге,

         - кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан және барлық меншіктерден қажетті ақпараттарды, қажетті құжаттарды немесе өзге материалдарға, қызықтыратын сауалдарға ауызша, жазбаша түсініктемелерді сұраныс алуға;

        -  Қазақстан республикасы Президенті актілерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, әкімдіктің және облыс және аудан әкімдерінің шешімдерінің орындалуына тексеріс жүргізу;

          - кез келген, соның ішінде құпия, ақпараттық, мемлекеттік органдарда бар өкімдерді қолдануға;

         -  мемлекеттік көлік құралдары, байланыс және қатынас жүйелерін қолдану;

        -  жұмысқа құқық қорғау, қаржы, салық және де басқа мемлекеттік органдар өкіл мамандарын, сондай-ақ шартты-келісім негізінде шақыру;

       - қала, ауылдық округтері әкімдерін, аудандық басқарма, кәсіпорын, кеңсе, ұйым басшыларын міндеттерінен босатылуына және жауапкершілік тәртіпті орындауына, қызметке тағайындалуларына, сол сияқты оларға тәртіптік жазаның салынуына аудан әкіміне ұсыныс жасау;

        -  мемлекеттік билік органдарының қызмет құрылымын жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс жасау;

        -  басқару кеңестеріне, кәсіпорын және ұйым жиналыстарына қатысу,

         -  аудан әкімінің аппаратымен жүргізілуіне қатысты мәселелрі бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

         -  басқарма, бөлім қызметкерлерін, қала, ауыл округтері әкімдерін, кәсіпорын, кеңсе, ұйым, мекеме өкілдерін әкімдікпен және аудан әкімімен қаралатын сұрақтарды шешуге қатыстыру;

          Аудан әкімінің аппараты, беруге қажетті құжаттардың , материалдардың, хабарламалардың, жазбаша түсініктемелердің, сол сияқты мемлекеттік органдарға арналған міндетті жазылымдардың орындалуын талап етеді.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

          17.  Аудан әкімінің аппаратымен басшылық ету аппарат басшысымен жүзеге асырылады, ол аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапкершілікті атқарады.

         18. Аудан әкімі аппаратының басшысы аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

         19. Аудан әкімі аппаратының басшысы:

        -  аудан әкімінің аппараты туралы, аудан әкімі алқасының ережелерін әзірлейді, аппараттың штаттық санының құрылымына ұсыныс жасау, аппарат қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына үстемақы жасауға аудан әкіміне ұсыныс жасайды;

         - аудандық құрылым бөлімшелеріне жұмысын ұйымдастыруға ұсынысты ұйымдастырады және жібереді;

          -  аудан әкімінің аппаратындағы ішкі жұмыс тәртібін орнатады;

          - аудан әкіміне шешім, өкім жобалары және басқа да мәлеметтер бойынша ұсыныс жасайды;

        - аудан басқармаларының, жергілікті өкілетті және орындаушы органдарының, саяси партияларының, қоғамдық қозғалыстардың, бұқаралық ақпарат құралдарының аудан әкіміен байланыс жасауларымен қамтамасыз ету;

        - аудан әкіміне оның орынбасарларының келісімімен кадрлық саясат жұмысының үйлестірілуін қарастыруға, аудан әкімінің аппараты бөлімшелері басшыларының тағайындалуына, босатылуына ұсыныс жасайды;

         - сыбайлас жемқорлыққа қарсылық ету жөнінде шараларды қабылдайды және оған дербес жауапты болады.

Аудан  әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңдарға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

         20. Аудан әкімі аппаратының заңда көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

         Аудан әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік. Сондай-ақ өз қызметі нәтежиесінде сатып алған мүлік(ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

         21.  Аудан әкімі аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

         22.  Егер заңда өзгеше көзделмесе, аудан әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

         23. «Бұланды ауданы  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жарияланған күні: 20.04.2018

Жаңартылған күні: 27.04.2018

Қаралым саны: 823