Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 Бұланды ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 6 желтоқсан

                                  № а-12/499 қаулысымен

                                                                                                 БЕКІТІЛГЕН

 

«Карамышев селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. «Карамышев селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Карамышев селолық округ әкімінің аппараты Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенттінің және Үкіметінің актілеріне,  басқа да нормативті құқықтық актілерге және осы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

3. Карамышев селолық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Карамышев селолық округ әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Карамышев селолық округ әкімінің аппараты, егер заңдарға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқығы бар.

6. Карамышев селолық округ әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Карамышев селолық округ әкімінің аппаратының басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Карамышев селолық округ әкімінің аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңдарға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы: 020506. Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бұландын ауданы, ауыл Шұбарағаш.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Карамышев селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Карамышев селолық округ әкімінің аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Карамышев селолық округ әкімінің аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Карамышев селолық округ әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Карамышев селолық округ әкімінің аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2. Мемлекеттік мекеменің міндетті ісі, негізгі міндеттері, қызметі, құқықтары мен міндеттері

 

13. Округ әкімінің аппаратының міндетті ісі ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық  саласындағы қызметі жүзеге асыруді қамтамасыз ету болып табылады.

14. Округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері болып аудан әкімінің және оның орынбасарларының ұйымдастырушылық және құқықтық қызметтерін қамтамасыз ету болып табылады.

15. Карамышев селолық округ әкімінің аппараты келесі қызметтерді орындайды:

- Қазақстан Республикасы Президентінің мемелекет тәуесіздігін және  конституциялық құрылымды нығайту және қорғау, аззаматтардың құқықтары мен еркіндігін қамтамасыз ету  жөніндегі саясатын жүзеге асыру;

 - Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент пен Үкіміттің актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аудан және селолық округ әкімдерінің шешімдері мен өкімідерін қалтқысыз орындалуды ұйымдастыру;

-  селолық әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру;

- аумақтық әлеуметтік-экономикалық даму мәселерін қорытындылау, селоылқ округ әкім қатысуымен қажетті ұсыныстар мен нұсқаулар дайындау;

- мемлекеттік  әлеуметтік-экономикалық даму мәселерін қорытындылау, саяси және әлеуметтік-экономикалық процестерді зерттеу, қажетті ұсыныстар мен нұсқаулар дайындау, селоылқ округ әкім қатысуымен шешілетін маңызды мәселелерді анықтау;

- округ әкімі істерін құжаттармен қамтамасыз ету, мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерін жетілдіру, әдістемелік жұмыстардың тәсілдерін жақсарту;

- қызметтік құжаттар мен азаматтардың арыз-өтініштерін қарау, олардың қабылдауын ұйымдастыру, құжаттар айналысын қорытындылау,

- мемлекеттік және орыс тілдерің дүрыс қолданылуына бағытталған шараларды дайындау және жүзеге асыру, іс жүргізу, ережерелдін сақтау, селолық округ әкімі аппаратаының жұмыс жүргізу әдістерін жақсарту;

- қолданыстағы заңнаманың негізінде мемлекеттік қызметтерді көрсету;

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

16. Карамышев селолық округ әкімінің аппаратымен басшылық ету  аппарат басшысымен жүзеге асырылады, ол аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапкершілікті атқарады.

17. Карамышев селолық округ әкімі аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады, немесе Қазақстан Республика Президенттің белгілеумен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

18. Карамышев селолық округ әкімі:

- мемлекеттік органы қыметшілердің міндетерді және өкілдіктерің бекітеді;

- селолық округ аппаратыңын қызметшілерді заңға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

- селолық округ лауазымды қызметкерлерінің заңға сайкес дисциплинарлық толемдерің салады;

- мемлекеттік мекемелерде және бақа ұыймдарда селолық округ аппартаты ұсынады;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсылық ету жөнінде шараларды қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

- заңда көрсетілген басқа да міндеттерді жүзеге асырады

Карамышев селолық округ әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін  қолданыстағы заңдарға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

19. Округ әкімі аппаратының заңда көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

Округ әкімі аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ

өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

20. Округ әкімі аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

 21. Егер заңда өзгеше көзделмесе, округ әкімінің аппараты өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

22. Округ әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жарияланған күні: 24.04.2018

Жаңартылған күні: 24.04.2018

Қаралым саны: 345