Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Мемлекеттік мекемесі туралы ереже

            Бұланды ауданы әкімдігінің

            2013 жылғы 31 шілде

            № 9-07/286 қаулысымен бекітілген

 

 

 

Бұланды ауданының

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және

 тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  1. Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, бұдан былай мемлекеттік орган мемлекеттік басқару және бақылау қызметін атқаруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

  2. Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Бұланды ауданының «Тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын саласындағы барлық құқықтары мен міндеттерін иеленуші болып табылады.

  3. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес атқарады.

  4. Мемлекеттік орган заңды тұлға болып табылады, заңға сәйкес өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкі, мөрі және мөртаңбасы, банктерде шоттары болады.

Мемлекеттік орган өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

Мемлекеттік органның заңнамаға сәйкес уәкілеттілігі болса, мемлекет тарпынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқығы бар.

  1. Мемлекеттік орган өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес бұйрық шығарады.

  2. Мемлекеттік органның құрылымы мен штатының шекті санын уәкілетті орган – Бұланды ауданының әкімдігі бекітеді.

  3. Мемлекеттік органның заңды мекен-жайы: 020500, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19.

  4. Мемлекеттік органның толық атауы: Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  5. Мемлекеттік органның құрылтайшысы Бұланды ауданының әкімдігі болып табылады.

  6. Мемлекеттік органның құрылтайшылық құжаттары осы Ереже болып табылады.

  7. Мемлекеттік органның қызметін қаржыландыру тек қана бюджет есебінен жүзеге асырылады.

  8. Мемлекеттік органға осы органның функциясы болып табылатын міндеттерді атқаруға байланысты кәсіпкерлік субъектілерімен шарттык қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі тапсырмалары, міндеттері мен құқықтары

2.1.Миссиясы:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы заң нормалары бойынша мемелекеттік бақылауды қамтамасыз ету және Бұланды ауданының аумағында және әкімшілік бағынысындағы кенттер мен селоларында орналасқан тұрғын-үй қорын күтіп ұстау және тиісті түрде пайдалануын бақылау жасау болып табылады.

2.2. Негізгі тапсырмалары:

1) Бұланды ауданын дамытудың стратегиялық жоспары мен жекелеген бағдарламаларын,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен міндеттерді жүзеге асыру;

2) аудандағы тұрғын-үй бағдарламасын кезең-кезеңімен шешу;

3) салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру;

4) аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу, салу, дамыту;

5) коммуналдық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) коммуналдық қызметтің сапасын жақсарту;

7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта және құрылыста интеграциялық процестерді тереңдету;

8) көп пәтерлі үйлерге және үй жанындагы аумақтарға орналасқан үй-жайлар иелерінің ортақ мүлкін пайдалану, күтіп ұстау және жүргізу тәртібін;

9) тұрғын үйлердегі үй-жайларды қайта құру бойынша жұмыстарды өндіру нормалары мен ережелердің сақталуын;

10) айқындалған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен ұйғарымдардың орындалуын;

11) тұрғын-үй қорының және көп пәтерлі үйдегі үй-жай иелерінің ортақ мүлкінің техникалық жағдайына, және оның инженерлік құрал-жабдығына, қолданыстағы нормативтік жэне жобалық құжаттамаларға сәйкес оларды ұстап күту және жөндеу жүргізу бойынша жұмыстардың уақтылы орындалуын;

12) тұрғын үйді және көп пәтерлі үйдегі үй-жай иелерінің ортақ мүлкін маусымдық пайдалануына дайындалу бойынша іс-шаралардың жүзеге асуын;

13) тұрғын-үй және көп пәтерлі үйдегі үй-жай иелерінің ортақ мүлкіндегі отын-энергетикалық қорлары мен сулардың тиімді пайдалануын;

14) тұрғын-үй жайлар үй жанындағы аумақтарды пайдалану ережелерінің сақталуын;

15) тұрғын үйлерде энергия мен су қорларын реттеу, бақылау және есепке алу құралдарының болуын;

16) берілген ұйғарымдарда көрсетілген талаптардың орындалуын бакылауды жүзеге асырады;

17) инспекциялық зерттеулер деректері бойынша ақпараттарды қорытындылайды, талдайды, бақылауда орналасқан барлық объектілер бойынша деректер базасын жүргізеді;

18) есептілік, статистикалық деректерді, орында болған тексерістер нәтижелерін, басқа да ақпараттық материалдарды талдайды, және олардың негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында пайдалану мен бақылауды жетілдіру, келісім қатынастарына өту, бәсекелестік саласын дамыту, тұрғын-үй инспекциясының жұмысын жақсарту, тұрғын-үй мен коммуналдық кызметтерді толеудің жаңа жүйесіне өту, тұрғын үйді және көп пәтерлі үй-жай иелерінің ортақ мүлкін басқаруына халықтың қатысуын ынталандыру, оны сақтау, пайдалануды жақсарту, жөндеу бойынша ұсыныстарды дайындайды;

19) күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін немесе қайта құрудан кейін тұрғын үй ғимараттары мен олардың инженерлік жүйелерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссия жұмысына қатысады;

20) тұрғын-үй инспекциясының жұмысын жария ете отырып, аймақ халқына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолда бар нормалары мен жауапкершілігін түсіндіреді, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен ынтымақтасады;

21) азаматтарды қабылдайды, өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарастырады;

22) тұрғын үйлерді, үй жанындағы аумақтарды пайдаланудың сапасына бақылау жасау бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттардың дайындалуына қатысады, бақылауда орналасқан объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлер мен үй жанындағы аумақтарды пайдаланатын азаматтарға кеңестік көмек көрсетеді;

23) Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген міндеттерді атқару;

24) қарамағындағы ведомстволық ұйымдардың материалдық-өндірістік базасын дамыту және нығайту болып табылады.

2.3. Функциялары:

1) тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың аймақтық бағдарламасын әзірлейді және іске асырады;

2) бюджеттік бағдарламаға әкімшілік жүргізеді;

3) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоғарғы ұйымдарға есептер мен ақпараттар береді;

4) қысыммен істейтін (тұрмыста пайдаланатын газ баллоны, көмір қышқыл газы) ыдыстарды пайдалануға, жылу энергиясын өндіруге және таратуға лицензия береді;

5) аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі мүліктерді тиімді пайдалануды жүзеге асырады;

6) аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіне инвестиция тартады;

7) жолаушылар тасымалы, жол, газ шаруашылығы қызметінің жұмысын үйлестіреді және тұрғын үй-коммуналдық саясатты жүзеге асырады;

8) автокөлік, жолаушылар тасымалдау, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары кәсіпорындарының, бюджеттік мекемелер мен селолық елді мекендерді сумен жабдықтау және канализация жүйелері, жылумен қамтамасыз ету объектілерінің жұмысын үйлестіруді, көркейту, санитарлық тазарту және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын жүзеге асырады;

9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасын жасайды;

10) иесі жоқ объектілерге түгендеу жүргізеді, есепке алады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кейін ауданның коммуналдық меншігіне береді;

11) тауар өндірушілердің мүддесін корғайды, барлық бәсекелес саладағы қызметке оңтайлы    жағдай жасайды;

12) коммуналдық қызметтің тарифтерін дайындауға қатысады, тұрғындар мен басқа да тұтынушылардан коммуналдық қызмет үшін төлемдердің түсу барысын бақылайды;

13) энергетика, байланыс, автокөлік, жолаушылар тасымалдау, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, түрғын үй-коммуналдық объектілердің қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындық барысын үйлестіреді, бюджеттік саладағы ғимараттарды жылыту үшін қажет отынның қорын жасайды;

14) төтенше жағдайлардың салдарын жою жэне азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге көмектеседі, жедел ақпарат береді;

15) қарамағындағы салаларда көсетілетін қызметке мониторинг  жүргізеді;

16) сауықтыру, қайта ұйымдастыру және шығынмен жұмыс істейтіндерін таратуға байланысты іс-шаралар әзірлейді және оны жүзеге асыру мақсатында қарауындағы ведомстволық кәсіпорындардың өндірістік-экономикалық қызметіне талдау жасайды;

17) Бұланды ауданының аумағында және әкімшілік бағынасындағы кенттер мен селоларында орналасқан тұрғын үй қорын күтіп ұстау және тиісті түрде пайдалануын бақылау жасау болып табылады;

18) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

19) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жүргізілетін күрделі жөндеуден жекеленген түрлерінің тізбесін жэне кезектіліғін айқындау;

20) кондоминиум объектісін басқару орғаны ұсынған кондоминиум объектісін ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған,    тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;

21) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жүмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.

2.4. Міндеттері мен құқықтары:

Заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін:

  1. материалдар мен құжаттарды дайындау және қарау кезінде бірге

жұмыс істеу үшін аудандағы ұйымдардың мамандарын тартуға;

  1. мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша ауданның қаржы, статистика және басқа да мемлекеттік органдары шығарған барлык материалдарды пайдалануға;
  1. белгіленген тәртіп бойынша қарамағындағы ұйымдардың басшыларынан оның қызметіне талдау жүргізу үшін қажет ақпараттар алуға, Мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктеме алуға құқылы.

 

 3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

3.1. Мемлекеттік органды аудан әкімі тағайындайтын және қызметінен бірінші басшы басқарады.

3.2. Мемлекеттік органның бірінші басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы үшін жеке жауап береді.

3.3. Осы мақсатта Мемлекеттік органның басшысы:

1) Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеті мен өкілеттігін белгілейді.

2) Заңға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

3) заңмен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) мемлекеттік органның актілеріне қол қояды;

5) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

6) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан қатысады;

7) заңдарға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

4.1. Мемлекеттік мекеменің жедел басқару құқығында жекелеген мүлкі болады. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктен құралады, ол негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ мемлекеттік органның балансында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.

4.2. Мемлекеттік органның сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік есебінен құрылған мүлкі ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

4.3. Мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті иелігінен шығаруға немесе басқа да жолдармен оған билік жүргізуге құқығы жоқ.

Мемлекеттік органға мүлікке билік жүргізу құқығы берілуі мүмкін. Бұл жағдайда заңмен мемлекеттік орган билік жүргізетін мүлік құнының шекті мөлшері белгіленеді.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

5.1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жарияланған күні: 26.04.2018

Жаңартылған күні: 26.04.2018

Қаралым саны: 432