Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Бұланды ауданы
                                                                               әкімдігінің 2017 жылғы
                                                                   29 қыркүйектегі
                                                                                   № А-09/320 қаулысымен
                                                                БЕКІТІЛГЕН

 

«Бұланды ауданының
экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

1.    «Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мемлекеттік орган) экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті орындау және ауданның коммуналдық меншігін басқару аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.    Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.    Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4.    Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5.    Мемлекеттік органның егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6.    Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7.    Мемлекеттік органның құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8.     Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 020500, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19.
9.    Мемлекеттік органның толық атауы - «Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10.    Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
11.    Мемлекеттік органның қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12.    Мемлекеттік органға кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13.    Мемлекеттік органның миссиясы – аудан аумағында экономикалық саясат, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттің орындалуы мен аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, қалыптастыру және іске асыру.

14.    Міндеттері:
1)    ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын, басымдықтарын және негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2)    ауданның бюджеттік саясатын қалыптастыру және жүргізу;
3)    аудан бюджетін орындау үрдісін үйлестіру;
4)    аудандық коммуналдық мүлікті басқару;
5)    оған заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

15.    Функциялары:
1)    мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық және салааралық үйлестіру негізінде әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2)    ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыру;
3)    Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу және мониторингін жүзеге асыру, сондай-ақ оның орындалуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;
4)    тиісті бюджеттің жобасына енгізу үшін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарастыру және іріктеу, жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысын дайындау;
5)     заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингін және іске асырылуына бағалауды жүзеге асыру;
6)    Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
7)    үш жылдық мерзімге аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу және оны мәслихатқа ұсыну;
8)    сәйкес қаржылық жылға аудандық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулылардың жобаларын оны бекіту, нақтылау кезінде әзірлеу;
9)    аудандық бюджеттік комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
10)    жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуін үйлестіру және іске асырылуын бақылау;
11)    бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларына, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамына, Аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарастыру;
12)    бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру, оларды бюджеттік комиссияның қарауына жіберу;
13)    жоғары тұрған бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға келесі қаржылық жылдың кірістерінің болжамды көлемдерін және түсімдердің жиынтық жоспарының алдын ала айлық бөліністегі жобасын (ерекшеліктердің деңгейіне дейін) ұсыну;
14)    түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрастыру және бекіту, сондай-ақ оларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
15)    аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті құрастыру;
16)    есепті қаржылық жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке және ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органға ұсыну;
17)    түсімдер және бюджеттік қаражаттың игерілуі бойынша бюджеттік мониторингті жүзеге асыру, бюджеттік мониторингтің нәтижесі бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы туралы сараптамалық есепті құрастыру;
18)    бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
19)    шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілікті қалыптастыру;
20)    аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;
21)    мемлекеттік коммуналдық меншік активтерінің қозғалысын реттеу және есепке алу;
22)    өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
23)    ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлікті жекешелендіру рәсімдерін өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жекешелендіруден кейінгі қызметті жүргізу;
24)    аудандық коммуналдық мүлікті кейінгі сатып алу құқығынсыз, кейінгі сатып алу құқығымен немесе өтеусіз негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейінгі тапсыру құқығымен жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға беру;
25)     аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру, коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шарттарды ресімдеу;
26)    мемлекеттік сатып алу үрдісінің мониторингін жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға ұсыну;
27)    коммуналдық меншікке жататын кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің мониторингін жүзеге асыру, олардың қайта ұйымдастырылуы, қаржылық сауықтырылуы, санациясы және банкроттығы бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
28)    тіркеу (қайта тіркеу) кезінде әділет органдарына ұсыну үшін мемлекеттің үлесі бар мемлекеттік заңды тұлғаларға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге және акционерлік қоғамдарға тиісті заңды тұлғалардың орналасқан жері туралы анықтамалар беру;
29)    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде мемлекеттік қызметтерді көрсету;
30)    заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын, еркіндіктерін және заңдық мүдделерін қорғау және жүзеге асыру мақсатында, олардың өтініштерін тіркеу, есепке алу және қарастыру;
31)    Мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

16.    Құқықтары мен міндеттері:
1)    Бұланды ауданының әкімдігіне аудан дамуының стратегиялық мақсаттары, басымдықтары және бағыттары бойынша ұсыныстарды қарастыруға енгізу;
2)    аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдармен бюджеттік бағдарламалардың және ауданның Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру;
3)    Бұланды ауданының әкімдігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандық бюджеттің орындалу үрдісінде нақтылау мен түзетулер бойынша ұсыныстарды қарастыруға енгізу;
4)    аудандық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне бақылауды жүзеге асыру;
5)    Мемлекеттік органның құзыретіне енетін іс-шаралар кешенін орындау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және есептер мен басқа да мәліметтер алу;
6)    өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға жоғары тұрған органдардың нұсқаулықтарын орындау үшін ұсыну;
7)    Мемлекеттік органның құзыретіне енетін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен жиналыстар өткізу;
8)    сенімгерлік басқаруға және жалға берілген мемлекеттік мүліктің шарттық міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
9)     аудандық бюджетке шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің, сондай-ақ қазыналық кәсіпорындардың сметадан жоғары алынған кірістерінің уақытылы аударылуына бақылауды жүзеге асыру;
10)    Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17.    Мемлекеттік органға басшылықты, Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18.    Мемлекеттік органның басшысын Бұланды ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19.    Мемлекеттік орган басшысының өкілеттігі:
1)    сектор меңгерушілерінің және олардың мамандарының міндеттерін және өкілеттігін анықтайды;
2)    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік органның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
3)    ауданның жергілікті атқарушы органымен бекітілген штат санының лимиті шегінде штат кестесін әзірлейді және бекітеді;
4)    Мемлекеттік органның жұмыс регламентін бекітеді;
5)    заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек беру, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6)    Мемлекеттік органның бұйрықтарына қол қояды;
7)    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Мемлекеттік органның өкілі болады;
8)    сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды және осыған дербес жауапты болып табылады;
9)    Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органның басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

20.    Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21.    Мемлекеттік органда бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
22.    Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік органның, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

23.    Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жарияланған күні: 27.04.2018

Жаңартылған күні: 27.04.2018

Қаралым саны: 533