Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Регламент

Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ А-5/209 қаулысымен
бекітілді

 

 

"Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

      1. "Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандарының, Көкшетау, Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне арналған құқықты беру туралы шешімі немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18243 болып тіркелді) (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушымен (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адаммен Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынуы, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимыл) бастау үшін негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және басшыға бұрыштама қоюға жолдайды - 15 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі - уәкілетті органның басшы) жолдайды – 1 жұмыс күні;

      3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 жұмыс кұні;

      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды жер комиссиясының қарауына жолдайды – 2 жұмыс күні;

      5) жер комиссиясы хаттамалық шешім нысанында жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады - 5 жұмыс күні;

      6) уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды – 3 жұмыс күні;

      7) уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын келіседі - 1 сағат;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды - 1 жұмыс күні;

      9) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 минут.

      6. Келесі рәсімдердің (іс-қимылдың) орындалуына негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау және тіркеу;

      2) құжаттарды қарау және орындау үшін жолдау;

      3) орындау үшін жауапты орындаушыны айқындау;

      4) құжаттарды жер комиссиясының қарауына жіберу;

      5) жер комиссиясының қорытындысын шығару;

      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындау;

      7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын келісу;

      8) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою;

      9) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеу және беру.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің және уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) уәкілетті органның басшысы;

      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

      5) жер комиссиясы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және басшыға бұрыштама қоюға жолдайды - 15 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және уәкілетті органның басшысына жолдайды – 1 жұмыс күні;

      3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;

      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды жер комиссиясының қарауына жолдайды – 2 жұмыс күні;

      5) жер комиссиясы хаттамалық шешім нысанында жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады - 5 жұмыс күні;

      6) уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды – 3 жұмыс күні;

      7) уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын келіседі -1 сағат;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды - 1 жұмыс күні;

      9) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 минут.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процеcінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

 

"Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Жарияланған күні: 04.06.2019

Жаңартылған күні: 04.06.2019

Қаралым саны: 87