Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

ММ Регламенті

                                         

                                                                    Бұланды ауданы әкімінің

  2017   жылғы   13 қарашадағы

               № 13 шешімімен бекітілген

 

 

 

«Бұланды ауданы  әкімінің аппараты»

 мемлекеттік мекемесінің  

РЕГЛАМЕНТІ

 

1. Жалпы ережелер

 

         1. «Бұланды ауданы әкімінің аппараты»   мемлекеттік мекемесі (одан әрі -  Әкімнің аппараты)  тиісті аймақты дамытудағы мүдделер мен қажеттіліктерді ұштастырып, атқару билігінің жалпы мемлекеттік саясатының жүргізілуін қамтамасыз етеді.

         2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы»  Заңына, Қазақстан Республикасының  Президенті, Үкіметінің нормативті актілеріне,  Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілеріне және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

         3. Әкімнің аппараты аудандық, облыстық мәслихаттардың депутаттарымен жергілікті атқарушы билік органдарының бірлескен іс-қимылын қамтамасыз етеді.

         4. Әкімнің аппараты ауылдық және селолық округтар мен Макинск қаласы әкімдерінің аппараттарында, атқару билігінің жергілікті органдарына  іс жүргізу жұмысын ұйымдастыруда көмек көрсетеді және бақылауды жүзеге асырады.

         5. Әкімнің  аппараты  Бұланды ауданының әкімі мен әкімдік қызметіне ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық  қамтамасыз етуін жүзеге асырады.

         6. Осы Регламенттің барлық бөлімдермен сақталуын бақылауды аудан әкімі аппаратының жалпы  бөлім, ұйымдастыру - бақылау, персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет), ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді талдау бөлімі,сондай-ақ әкімнің құпиялық тәртібі,азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлары жөніндегі көмекшісі мен әкімнің мемлекеттік-құқықтық сұрақтар жөніндегі кеңесшісі  жүзеге асырады.

         7. Жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау жауапкершілігі, бөлімдер мен аппараттың басқа да құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізу, құжаттардың орындалуы, есепке алынуы, сақталуы мен уақытылы жіберілуін бақылау олардың басшыларына жүктеледі.

8. Мекемелермен, ұйымдар және азаматтармен қызметтік хат алмасу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

         9. Осы Регламентпен орнатылған жұмыс тәртібі барлық аппарат қызметкерлері мен оның құрылымдық бөлімшелеріне міндетті.

 

2. Аудан әкімі аппаратының жұмысын жоспарлау

 

10. Аудан әкімі аппаратының жұмысы жоспарлық негізде құрылады. Жоспарлар жартыжылдық және тоқсанға құрастырылады. Бөлім,  басқа құрылымдық бөлімшелердің бастықтары келесі жартыжылдық, тоқсанға дейінгі айдан аспай, аудан әкімінің орынбасарымен келісілген жұмыс жоспарлары бойынша өз ұсыныстарын енгізеді, аудан әкіміне бекітуге енгізілетін аппараттың жұмыс жоспарының жобаларын құрастыру және ортақтастыру үшін ұйымдастыру-бақылау бөліміне ұсынады.

Аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарын құру бойынша жалпы басшылықты аппарат басшысы жүзеге асырады.

        11. Аудан әкімдігінің жеке бөлімдері  және әкім аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелері өз жұмыстарының айлық және тоқсандық жоспарларын құрады, мәселелерді зерттеу, оны аудан әкімдігінің отырысына дайындау, ҚР Заңдарының орындалу барысын тексеру, ҚР Президентінің және Үкіметінің актілері, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері, және аудан әкімінің тапсырмалары қарастырылады.

12. Бөлімдер және аппараттың басқа да құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарлары әкімінің сәйкес орынбасарларымен және аудан әкімі аппаратының басшысымен бекітіледі.

13. Кеңестер регламенті:

- апта сайын сәрсенбіде сағат 10-00 бекітілген жоспарға сәйкес ақпараттар мен есептер, сонымен бірге шұғыл сипаттағы мәселелер тыңдалатын аппарат кеңестері өткізіледі. Сәрсенбі күні тыңдалуы жоспарланатын  ақпараттар ұйымдастыру-бақылау бөліміне дүйсенбі күні сағат 13-00 дейін  тапсырылуы қажет.

- аудан әкімінің орынбасарлары  бөлім  басшылық ететін қызметкерлерімен күн сайын сағат 08.00  кеңестер өткізеді.

14. Әкімнің оның орынбасарларымен және әкім аппаратының басшысының арасындағы міндеттердің үлестірілуі және басшылықтың өзара алмастырылуы аудан әкімінің өкімімен  бекітіледі. Бөлімдер туралы ереже, қызметкерлердің функционалдық міндеттерін үлестіру және бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары әкіммен бекітіледі. Әкім аппараты қызметкерлерінің арасындағы функционалдық міндеттерді үлестіру әкіммен бекітілген  лауазымдық нұсқаулықтарда  анықталады. Осы жұмыстың ұйымдастырылуы  персоналды басқару қызметіне  (кадрлық қызмет)  жүктеледі

15. Кешкі хат-хабарлар әкім және оның орынбасарларымен келесі күнгі сағат 11-00 кешіктірілмей қайтарылады.

16.  Іс-қағаздары  хат-хабарлары және өтініш құжаттарына жауапты әкімге қол қоюға орындаушы келесі бақылау мерзімі күндізгі сағат 16-00 дейін ұсынады. Құжаттарды сақтау жауапкершілігі  бұрыштамаға сәйкес орындаушыға жүктеледі.

17. Барлық хаттар, ақпараттар, анықтамалар, сұраухат жауаптары және басқа құжаттарда орындаушының, сәйкес бөлім басшысының, мәселенің қаралатындығы бойынша аудан әкімі орынбасарының қолы болуы қажет.

18. Қол қою немесе қаулылар, өкімдер, шешімдер және хаттар жауаптарының жобаларына әкім орынбасарларының, бөлім басшыларының  қол қоюы бір жұмыс күнінен кем емес мерзімде іске асырылуы тиіс.

19. Электрондық пошта арқылы алынған немесе телефонограмма түріндегі бақылау тапсырмаларын, тапсырмалар мен хаттарды сәйкес  орындаушылар мен бөлімдер кіріс нөмірмен тіркелгенге және басшы қол қойғанға дейін шұғыл түрде орындауға тиіс. Осы жұмыстардың дер кезінде орындалуын бақылауды аудан әкімі аппаратының басшысы қамтамасыз етеді.

20. Жұмысқа жаңадан қабылданатын қызметкерлер осы Регламентпен және аудан әкімі аппаратының қызметін реттейтін басқа құжаттармен қол қойғызылып таныстырылады.

21. Облыс әкімінің аппаратымен және оның құрылымдық бөлімшелерімен қызметтік әңгімелесуді әкім аппаратының қызметкерлері тек сәйкес бөлім бастықтарының  телефондары арқылы іске асыруы  тиіс. Ұялы телефондарға қоңырау шалу тек бөлім басшыларына  орнатылған шектеу аясында ғана рұқсат етіледі.

22. Аудан әкімінің аппараты қызметкерлерінің киім үлгісі мемлекеттік қызметкерлердің жалпы қабылданған қызметтік этикетіне сай болуы тиіс.

23. Аудан әкімі аппаратының барлық қызметкерлері жұмыс күні бойы аты-жөні, лауазымы көрсетілген бейджиктер тағуға міндетті.

24. Қызметкердің жұмыс орнында уақытша болмауы тек аудан әкімімен, оның орынбасарларымен және әкім аппаратының басшысымен ғана рұқсат етіледі.

25.Бөлімдердің және әкім аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарының орындалуына жалпы бақылау жасау аппарат жетекшісіне жүктеледі.

26. Аудан әкімі аппаратының жұмыс тәртібі:

Аудан әкімінің аппаратында келесі жұмыс режимі белгіленген:

- жұмыстың басталуы сағат 09.00;

- аяқталуы сағат 18-30;

- түскі үзіліс сағат 13.00 бастап 14.30 дейін.

27. Аудан әкімі аппаратының жұмыста уақытша жоқ қызметкерін аудан әкімінің қабылдау бөлмесіндегі маман-хатшы тіркеуге алады. Лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты әкімнің аппаратынан тыс жерде болатын қызметкер сағат 08.45  жұмыс орнында болып, арнаулы журналға жазуға тиіс,

аппараттан тыс жерде атқаруға тапсырма алған қызметкер сағат 17-00 әкім аппаратына қайтып келіп, ол туралы арнаулы журналға жазуға тиіс.

 Аппарат қызметкерлерінің жұмыс уақытында ғимаратқа кіруі қызметтік куәліктер бойынша жүзеге асырылады, өзге тұлғалар – қабылдаушы қызметкерлерімен келісілгеннен кейінгі  міндетті түрде кету уақыты мен қызметкердің қолы бар бір реттік рұқсат қағаздары бойынша жүзеге асырылады.

Аппарат қызметкерлерінің ғимаратқа демалыс және мерекелік күндерде кіруі қызметтік қажеттілік болған жағдайда және аудан әкімімен, оның орынбасарларымен және әкім аппаратының басшысымен жазбаша түрде келісілгеннен кейін жүзеге асырылады, аудан әкімінің, оның орынбасарларының,  әкім аппаратының басшысының келісуінсіз әкім аппаратының ғимаратына кіруге рұқсат етілмейді.

28.Аппарат қызметшілеріне интернет-модульдерімен, сурет, видеокамералармен жабдықталған фукциялары бар мобильді құрылғыларды енгізу рұқсат етілмейді. «Қоңырау шалу-жауап беру-хабарлама»  функцилары бар  мобильді құрылғыларды қолдануға рұқсат етіледі. Құрылғылардың есебі аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді талдау бөлімімен жүзеге асырылады.

 

 

3. Аудан әкімдігі отырыстарын дайындау және өткізу

 

29. Әкімдік отырысына материалдарды дайындау, әкімдік отырыстарын өткізу Бұланды ауданы әкімдігінің аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген Регламентке сәйкес іске асырылады.

30. Әкімдік отырыстары айына 1 реттен кем емес өткізіліп отырады және аудан әкімімен шақырылып отырады. Әкімдік отырыстарында қарастырылуы жоспарланатын сұрақтар тізбесі аудан әкімінің  өкімімен бекітіледі.

31. Әкімдік отырысында қарастыру үшін әкімдіктің құзіретіне жататын  сұрақтар енгізіледі. Әкімдік отырысында мәселелердің қарастырылу нәтижелері бойынша қаулылар қабылданады.

32. Отырыс нәтижелері бойынша әкімдік қаулылары үш жұмыс күндік мерзім ішінде тіркеледі.

 

4. Аудан әкімінің нормативті  құқықтық актілерін

дайындау және ресімдеу тәртібі

 

33. Аудан әкімінің нормативті  құқықтық актілерінің жобаларын дайындау Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік процедуралар туралы»  Заңдарына,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы  №568  «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17  тамыздағы № 569 «Нормативтiк құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу,келісімдеу қағидаларын бекіту туралы»  қаулыларына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ата Заңын орындау мақсатында   жүзеге асырылады.

34. Қол қоюға енгізілген  қаулы, шешім және өкім жобалары жетекшілік ететін  аудан әкімінің орынбасарларымен, әкімдік мүшелерімен, аудан әкімі  аппаратының басшысымен  және басқа  қызметтермен   келісілуі тиіс.

35.  Келісу  қол қою арқылы  жүзеге асырылады. Қаржылық қамтамасыз етуді  қажет ететін құжаттың жобасы міндетті түрде қаржы органдарымен келісіледі.

Келісудің бұрыштамалары жобаның бірінші данасында  қойылады. Жобамен келіспеген жағдайда барлық қарсылықтар жазбаша түрде ұсынылады.

36. Әкімнің шешімдері, өкімдері  жобаларында  нақты мерзімдер мен   орындауға жауаптылар  көрсетілуі керек.

37. Дайындалған шешім, өкімнің жобаларына орындаушы анықтама құрады, онда мәселенің қысқаша мазмұны мен осы құжатты қабылдаудың қажеттілік негіздемесі баяндалуы тиіс.

38. Егер шешім немесе өкімнің орындалуы бірнеше бөлімдерге тапсырылса, материалдарды үйлестіруі мен жинақтау орындаушылармен келісу бойынша тапсырмада бірінші болып көрсетілген бөліммен (бөлім басшысы) жүзеге асырылады.

39. Аудан әкімінің шешімі, өкімінің жобалары ведомствоға бағынышты ұйымдармен дайындалған болса, жоғарыда көрсетілген талаптарды қадағалаумен аудан әкімі аппаратының сәйкес бөліміне ұсынылады.

40. Әкімнің біржола әзірленген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі шешім немесе өкім жобасы орнатылған үлгідегі бланкіге басылады және келісу парағындағы барлық қолдарымен аппарат басшысы арқылы аудан әкіміне қол қоюға ұсынылады.

41. Әкімнің шешімі немесе өкімінің сапалы және уақытылы ресімделуіндегі барлық сатылардағы жауапкершілік сәйкес орындаушыға жүктеледі.

42. Аудан әкімімен қол қойылған шешім немесе өкімнің түпнұсқасы орындаушымен құрылған және сәйкес бөлім басшысының  қолы қойылған тарату көрсеткішінің қосылуымен  жалпы бөлімге тапсырылады.

Жалпы бөлім жобалардың ресімделуінің дұрыстығын, мәтіннің мемлекеттік және орыс тіліне сәйкестігін, сонымен қатар барлық қажетті құжаттардың болуын тексереді.

43. Жалпы бөлім аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін тіркейді, күнтізбелік жыл аясында оларға реттік саны қойылады.

44. Әкімнің қол қойылған шешімдері мен өкімдерін адресаттарға уақытылы таратылу жауапкершілігі даналардың қажетті қорын ескерумен тарату көрсеткішінің санына сәйкес шешімнің, өкімнің көбейтілуін қамтамасыз ететін жалпы бөлімге жүктеледі.

45. Тіркелген әкімдік қаулылары мен әкімнің шешімдері  әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдау мақсатында  аудан әкімінің қолы қойылған    түсіндірме жазба мен  жолдама хат әзірлеу  үшін  аудан әкімінің мемлекеттік-құқықтық сұрақтар жөніндегі кеңесшісіне  тапсырылады.

Нормативтік құқықтық актілердің  әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуін бақылау  аудан әкімінің мемлекеттік-құқықтық сұрақтар жөніндегі кеңесшісі жүзеге асырады.

46. Мемлекеттік тіркеуден өткен әкімдік қаулылары мен аудан әкімінің шешімдері  электронды  түрде:  белгіленген заңнамаға сәйкес   ресми жарияланудың  құқығымен    бұқаралық ақпарат құралдарында   жариялану үшін және  Әділет министрлігінің  құқықтық ақпарат орталығының аймақтық құрылымдық  бөлімшесі   «Заң» мәліметтер базасына енгізу үшін    жолданады.

47. Осы  Регламенттің  талаптарына сәйкес келмейтін  бұзылымдармен енгізіліп  қабылданған қаулыларға, шешімдерге  және өкімдерге орындаушы жауапты ( жобаны әзірлеуші).  

 

 

5. Орындалуды тексеру мен бақылауды ұйымдастыру

 

48. Аудан әкімінің аппараты ҚР Президенті мен Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарында және басқа атқару билігінің жергілікті органдарындағы нормативті құқықтық актілердің орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады.

49. Бақылауға алынады:

Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Үкімет қаулылары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бекітушілік және өкімдік сипаттағылардан бөлек шешімдері, өкімдері; облыс әкімдігінің қаулылары, шешімдері, өкімдері, облыс әкімінің, оның орынбасарлары мен аппарат басшысының тапсырмалары, жоғары тұрған органдардың құжаттары, аудан әкімдігінің қаулылары, шешімдері, өкімдері, аудан әкімінің тапсырмалары.

50. Орындалуды тексеру мен бақылауды ұйымдастыру жауапкершілігі аудан әкімінің орынбасарларына, әкім аппаратының басшысына және бөлім басшыларына жүктеледі.

51. Орнатылған мерзімдері белгіленбеген құжаттар 15 күннің ішінде орындалады. Егер құжатта өзге орындау мерзімі көрсетілмесе, орындалу мерзімі оның аппаратқа түскен күнінен бастап есептеледі. Мәтінінде «Шұғыл» грифі бар тапсырмалар дереу орындалады.

52. Бақылауға жататын актілерге 2 дана бақылау карточкалары толтырылады. Оның бірі бөлім-орындаушыға жолданады, бірі аудан әкімі аппаратының  жалпы бөлімінде сақталады. Егер бірнеше бөлімдерге қатысты болса, онда карточкалардың қажетті мөлшері толтырылады. Мұндай жағдайларда құжаттың орындалуын бақылау тапсырмада бірінші болып көрсетілген басшыға толығымен жүктеледі.

53. Бақылаудағы құжатты алғаннан кейін бөлім-орындаушы мәселенің сипаты мен мағыналығына байланысты олардың орындалуы бойынша іс-шараларды әзірлейді, бақылаудағы құжатты орындау бойынша ақпараттар ұсынады.

 Барлық уақытаралық тексерістердің материалдары, Қазақстан Республикасы Президенті мен Премьер-министрінің актілері бойынша әкімнің

тапсырмаларын бақылау бойынша ақпараттар «жинақтық папкаларына» салынады.

Бақылау жөніндегі ұсынылған ақпараттардың мазмұнын сараптауды аудан әкімінің орынбасарлары мен әкімнің аппаратындағы бөлім басшылары жүргізеді.

54. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу және мерзімдерін ұзарту атқарылған жұмыс туралы ұсынылған ақпарат пен  бақылаудан алу себептерінің негізінде аудан әкімінің, немесе тікелей тапсырма берген әкім орынбасарының бұрыштамасы бойынша жүзеге асырылады.

55. Егер құжатты уақытылы орындауға мүмкіншілік бермейтін нақты себептер туындаса, бөлім-орындаушы айқын негіздемелермен орындалу мерзімін ұзарту туралы басшылыққа қызметтік хат дайындайды.

Қойылған мәселелердің толық шешілгенінен және бұл туралы сәйкес жоғары тұрған органның хабарламасынан кейін құжаттар бақылаудан алынады.

Президент әкімшілігіне, Премьер-Министр кеңсесіне жолданатын есептер, ақпараттарда  актілер мен тапсырмалардың орындалуы туралы тиісті мәліметтер болуы тиіс, олардың көлемі 3 беттен, ал негізгі мәселелер бойынша – 5 беттен аспауы қажет.

56. Аппарат жетекшісі мерзімдерін қадағалайды және аудан әкіміне аудан әкімі аппаратындағы орындаушылық тәртіптің жағдайы туралы тоқсан қорытындысы бойынша ақпарат дайындайды.

 

6. Аудан әкімі тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыруды бақылау

 

57. Қызметтік құжаттар бойынша Бұланды ауданы әкімінің аппарат кеңестерінде берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыруды бақылау аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөліміне жүктеледі.

Аудан әкімінің аймақ бойынша  сапарлары, іс-сапар кеңестері барысында берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыруды бақылауды сапарлар мен кеңестерді ұйымдастыратын бөлім-орындаушы жүзеге асырады.

58. Нақты мерзімі көрсетілмеген тапсырмалардың орындалу мерзімі тапсырма берілген күннен бастап ұзақтығы бір айдан аспайды деп белгіленеді.

59. Бірнеше орындаушыға берілген тапсырмаларды орындауды орындаушылар тізімінде бірінші болып көрсетілген лауазымдық тұлға үйлестіреді.

60. Тізімде екінші және одан кейін тұрған лауазымды тұлғалар орындалуын үйлестіруші лауазымды тұлғаға тапсырманың орындалуы туралы ақпарат береді.

61. Тапсырмаларды орындауды үйлестіретін лауазымдық тұлға орындалу туралы түсетін ақпараттарды жинақтайды және аудан әкіміне сәйкес шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізеді.

62. Тапсырманы орындаушылардың тізімінде аты-жөні көрсетілмей аудан әкімінің орынбасары деп көрсетілсе, жалпы бөлімге аудан әкімінің әрбір орынбасары тапсырманың орындалуы туралы ақпарат береді.

Аудан әкімі аппаратының жалпы  бөлімі түскен ақпараттарды талдайды және аудан әкімі аппараты басшысының қолымен сәйкес шешім шығару үшін ұсыныс енгізеді.

63. Ауылдық, селолық округ және Макинск қаласы әкімдеріне жіберілген тапсырмалардың орындалуы туралы ақпаратты кейінгілер өз міндетіне сәйкес ауылдық (селолық) округке басшылық жасау жататын аудан әкімінің орынбасарына береді.

64. Тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда орындаушы негізделген себептерді баяндаумен орындау мерзімін ұзарту жөнінде тапсырма берген лауазымдық тұлғаға жолығады.

65. Тапсырмаларды орындауды бақылау төменгі жолдар арқылы жүргізіледі:

1) Орындау туралы ақпаратты сұрату;

2) Құжаттамалық тексерістің түрлі формалары;

3) Орынға барып тексеру;

4) аудан әкімі орынбасарларының деңгейінде орындалу туралы ақпараттар мен есептерді тыңдау мен талқылау;

5) өзге, заңға қайшы келмейтін тәсілдер арқылы;

66. Бақылау келесі параметрлер бойынша жүргізіледі:

1) орындалудың уақытылы, сапалы және толыққанды болуы;

2) орындау барысында заңнама талаптарын сақтау.

67. Бақылаудан алу, орындау мерзімдерін ұзарту, тапсырманы орындау бойынша қосымша бақылау қою аудан әкімімен жүзеге асырылады.

12. Бақылаудан алуға, орындау мерзімін ұзартуға, қосымша бақылау мерзімін белгілеуге белгіленген нысандағы қызметтік жазбалар, баяндау хаттар, анықтамалар, аудан әкімінің орынбасары қол қойған ақпарат негіз болады.

Бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту үшін түскен құжаттар жалпы және  бөлімінде тіркелген соң аудан әкіміне беріледі.

 

 

7. Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі

 

         69. Аудан әкімі аппаратында азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру жалпы  бөліміне жүктеледі.

70. Аудан әкімі аппаратында азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің  «ҚР жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

71. Аудан әкімі аппаратына түскен азаматтардың өтініштерін тіркеу бөлімде басшылықпен 3 күндік мерзімде қаралатын түскен күні жүргізіледі. Орындау туралы көрсеткіш, тәртіп бойынша, әкімнің, оның орынбасарларының, басшы мен аудан әкімі аппаратының бөлім бастықтары бұрыштамасы түрінде беріледі.

72. Азаматтардың өтініштері қарастырылады және тіркеу күнінен бастап бір айға дейінгі мерзімде шешімдер қабылданады, ал қосымша зерттеу мен тексерісті қажет етпейтіндер  15 күннен кем емес. Қосымша тексеріс жүргізу қажет болған жағдайларда бір айдан артық емес мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл жөнінде өтініш иесіне хабарланады.

73. Қойылған мәселелер қарастырылған жағдайда, қажетті шаралар мен өтініш иелеріне жауап берілгенде азаматтардың өтініштері шешілген болып есептеледі. Мәселелерді  шешу ұзақ мерзімге созылатын болса, онда орындалу аяқталғанға дейін өтініш қосымша бақылауға қойылады.

74. Өтінішті қарастыру бірнеше бөлімдерге тапсырылған жағдайларда бұрыштамада бірінші болып көрсетілген бөлім үйлестіруді жүзеге асырады. Тексеріске қатысқан барлық мамандардың қолы қойылған тексеріс қорытындысы бойынша анықтама дайындайды, сонымен қатар өтініш иесіне дәлелді жауап дайындалады.

75. Азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру кезінде жалпы бөлім жұмысты жетілдіру және азаматтар шағымын тудыратын себептерді жою

мақсатында  азаматтардың  өтініштерін, ондағы сын ескертулерін жинақтайды және талдайды.

76. Азаматтардың өтініштерін бір құрылымнан екінші құрылымға тапсыру хаттар мен келушілерді қабылдауды есепке алу карточкасына сәйкес белгі енгізетін жалпы бөлім арқылы жүзеге асырылады. 

77. Азаматтар өтініші бойынша істі тоқтату және бұл істерден бақылауды алу туралы шешімді аудан әкімі немесе әкімнің міндеттерін уақытша орындау жүктелген әкім орынбасары қабылдайды.

78. Түскен өтінішті бақылаудан алу негіздемесі бөлім орындаушының өткен тексерістер материалдарының  қосымшасымен қарастырылған орнатылған үлгідегі нәтижелері туралы құжат немесе өтініш иесіне берілген тиісті жауап болып табылады.

79. Аудан әкімі ай сайын, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы бекітілген кестеге сәйкес апта сайын азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

80. Жеке мәселелері бойынша келген азаматтардың жазбасын жүргізу жалпы  бөлімінің бекітілген маманымен жүзеге асырылады.

Келушілерді қабылдауды есепке алу тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны және лауазымы, үй мекенжайы, өтініштің қысқаша мазмұны, тапсырмалар мен қарастыру нәтижелері көрсетілген карточкалар бойынша жүргізіледі.

81. Егер жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кезінде келуші өзінің  өтінішін арыз немесе шағым түрінде мазмұндаса, мұнда онымен хат түріндегі өтініштер түрінде жұмыс жүргізіледі.

 

8. Кадрлармен жұмыс

 

82. Персоналды басқару қызметі  (кадрлық қызмет) өзінің құзіреті шегінде:

1) мемлекеттік қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындау бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;

2) кадрлық сұрақтар жөніндегі тәртіптік,конкурстық  және басқа да  комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;

3) әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткіздіру, конкурстық таңдау, мемлекеттік қызметшілердің  қызмет бойынша жылжуы, қызметтік тексеріс жүргізу,мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен босату іс-шараларын сақтауды қамтамасыз етеді;

4)  кадрларды таңдауды  ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің жеке мәліметтерінің, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың нәтижелері туралы ақпараты мен оқытудың, соның ішінде мемлекеттік қызметтің персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған мәліметтер базасының (ақпараттық жүйе) жүйесін жүзеге асырады.

5) мемлекеттік қызметпен байланысты  шектеулердің  тәртібінің сақталуын  қамтамасыз етеді;

6)  тағылымдамадан өтуді,тәлімгерлікті қызметті бағалауды,бекітілген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің,даярлықтары, қайта даярлықтары мен біліктіліктерінің арттыруын  ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың тәртібін әзірлейді.

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

 

9.  Құпия құжаттармен жұмысты ұйымдастыру

 

1. «Құпия» деген белгісі бар құжаттарды тек бұл жұмыстарды атқаруға рұқсаты бар қызметкерлер ғана басады.

2. Құпия құжаттарды, «қызметтік пайдалану үшін», «басу үшін емес» деген белгісі бар құжаттарды көбейту әкім аппараты басшысының, ол жоқ кезде құпиялық режимін сақтау үшін жауапты маманның рұқсатымен жүргізіледі.

3. Берілген материалдарды көбейтуге және көшірмесін түсіруге рұқсат берілмейді.

 

10. Активтер, кеңестер және басқа іс-шаралардың

өткізілуі мен дайындық тәртібі

 

84. Активтер, семинар кеңестер және басқа іс-шаралар бөлімдер мен ведомство, кәсіпорындар мен ұйымдар, ауылдық (селолық) округтар мен Макинск қаласы әкімдерінің қатысуымен аудан әкімімен бекітілген жеке жоспар бойынша өткізіледі.

85. Әкім аппаратының бөлімдері мен басқа құрылымдық бөлімшелері әр айдың  20 - на дейін  ұйымдастыру - бақылау және кадр жұмысы бөліміне келесі айға жоспарланған негізгі іс - шаралардың күнтізбелік жоспары туралы ұсыныстарын ұсынады.

Бөлім осы іс-шараларды жинақтайды және әр айдың 25-не дейін  аудан әкіміне ұсынады.

86. Аудан әкімі жанындағы апта сайынғы, ай сайынғы аппараттық кеңестерді  әзірлеуді ұйымдастыру-бақылау бөлімі жүзеге асырады. Әкім орынбасарлары мен бөлім бастықтарының ұсыныстары бойынша аудан әкімінің кеңесшісімен дайындалған аппараттық кеңестерде қарастыруға енгізілетін сұрақтар тізбесі аудан әкімімен ай сайын бекітіледі.

 

11. Ұйым басшыларының

 шақырылуы мен жол жүру тәртібі

 

87. Ауылдық (селолық)  және қала әкімдерінің кеңестерге шақырылуы аудан әкімінің, әкім орынбасарлары мен әкім аппараты басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.

88. Аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары мен басқа құрылымдық бөлімшелері басшыларының ауданнан тыс жерге жол жүруі аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен келісіледі.

89. Аудан әкімдігі жанындағы  аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін аппараттық кеңестерге шақырылғандардың қатысуын ұйымдастыру-бақылау бөлімі қамтамасыз етеді.

90.  Аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін  кеңестерге, салтанатты іс-шараларға  шақырылғандардың  қатысуын ұйымдастыру мен өткізуге жауапты өкілетті орган қамтамасыз етеді.

 

12.  Кезекшілікті ұйымдастыру

 

91. Аудан әкімі аппаратындағы кезекшілік сенбі және жексенбі күндері  тәулік бойы жылу беру маусымы кезеңі мен мерекелік күндерде  жеке бекітілген кесте бойынша тәулік бойы жүзеге асырылады.

Кезекшіліктің ұйымдастырылуын бақылауды әкім аппаратының  ұйымдастыру - бақылау бөлімі жүзеге асырады.

Мерекелік күндерде кезекшілік әкім орынбасарларымен, аппарат басшысымен және бөлім басшыларымен жеке кесте бойынша жүзеге асырылады.

Әкім аппаратының ғимаратына кіру тәртібін қадағалау жауапкершілігі әкімнің аппарат  басшысына  жүктеледі.

 

13. Қорытынды ережелер

 

92. Әкім орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары осы Регламенттің қатаң қадағалануын қамтамасыз етеді.

 

Жарияланған күні: 20.04.2018

Жаңартылған күні: 27.04.2018

Қаралым саны: 1150