Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Қазақстанда 1 маусымнан бастап халыққа арналған цифрлық суаттылық курстары басталады

2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның басты индикаторларының  бірі - халықтың  цифрлық сауаттылығын арттыру.

Осыған байланысты, Қазақстанның барлық өңірлерінде халыққа базалық цифрлық дағдыларға оқыту курстары өткізіледі.

2018 жылы халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейі республика бойынша -  79,6% - ды, Ақмола облысы бойынша - 68,9% - ды құрады. Ағымдағы жылы оқыту 2020 жылға қарай халықтың цифрлық сауаттылығының 80% деңгейіне қол жеткізу үшін жалғастырылатын болады.

Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін 2019 жылы Ақмола облысында 79 608 адамды базалық құзыреттілікке оқыту қажет, оған мобильді дағдылар, интернетте жұмыс істеу, қауіпсіздік, деректерді қорғау және т.б. кіреді.

Оқыту  келесідей жүргізілетін болады:

1. базалық цифрлық дағдылар бойынша. Оған дербес компьютер мен ноутбукты, мобильді құрылғыларды сенімді пайдалану, Интернет желісін, қауіпсіздік және деректерді қорғау кіреді;

2. электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша;

3. Ашық үкімет бойынша. Дағдылар «Ашық үкіметтің» төрт компонентін (ашық деректер, ашық нормативтік-құқықтық актілер, ашық диалог және бюджеттер) қамтиды;

4. электрондық сауда бойынша (тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алу, сату және жылжыту дағдылары).

Оқыту курстары 1 немесе 4 дағды бойынша өз құзыретін көтергісі келетіндерге тегін беріледі.

Курстар 1 маусымда басталып,  Қазақстанның барлық өңірлерде (аудан орталықтарында, ауылдарда және кенттерде) өтеді.

Нақты аймақта өткізу мерзімі мен орнын нақтылау үшін 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Жарияланған күні: 30.05.2019

Жаңартылған күні: 30.05.2019

Қаралым саны: 585