Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Аудан әкімдігінің, кәсіподақтардың бірлестігі мен Бұланды ауданының жұмыс берушілер бірлестігінің арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған келісім

Біз, Бұланды ауданы әкімдігінің, салалық  бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің (бұдан әрі – Тараптар) өкілетті өкілдері, қағидаттарын басшылыққа ала отырып:

Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  мүлтіксіз  сақтау;

атқарушы мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі;

 өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін білдіруде ымыраға барынша қол жеткізу;

ауданның әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асырудағы ынтымақты жауапкершілік және оның жер-жерлерде нақты жүзеге асырылуына ықпал ету;

әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу;

лайықты  еңбек  ету  үшін жағдайларды  қамтамасыз  ету  ісінде сындарлы өзара іс-қимыл мен қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық мүдделері,  қоғамда  келісім  мен  тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 2018 − 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу барысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың  келісілген 2018 − 2020 жылдарға ұстанымдарын  аудандық деңгейде және  оны  іске асырудың  бірлескен іс — қимылдарын айқындайтын Келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасастық.

 

Тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары:

 

I тарау

Экономиканы қарқынды технологиялық жаңғырту

 

Тараптар күш біріктіріп, келесілерге бағытталған мақсаттарды іске асыруға міндеттелді:

 

  • Цифрлы технологияларды қолданумен жаңа индустрияларды құруға көмектесу.
  • Экономиканы жаңғырту және цифрландыру жағдайында сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету арқылы еңбек нарығын тиімді реттеу.

1.3. Бюджеттік шығындарды тиімді жоғарлату.

        1.4. 2018 – 2020 жылдары аудан экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге ықпал ету негізгі капиталға салынған инвестициялар арттыру негізінде Төртінші Өндірістік революция элементтерін енгізу арқылы цифрлы технологияларды қолдану.

1.5. Бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»;

Қазақстан Республикасының 2020 жылға  дейінгі  даму Стратегиясының жоспары

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі  2015 − 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;

Білім беруді дамытудың 2011 − 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

«Агробизнес 2020» агрокәсіптік кешенін дамыту бағдарламасы;

2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы;

«Жол картасы 2020 бизнесін» дамыту бағдарламасы;

2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы;

          «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының елдің экономикалық және саяси саласын жаңғырту және реформалау  

1.6. Өндірісті жаңғыртуда және дамытуда инвестицияларды жүзеге асыратын ұйымдарды ынталандыру жүйесі мен тетіктерін жетілдіру.

1.7.  Кәсіпорындардың меншік нысанына қарамастан экономикалық және финанстық жағдайының нығайтуы, аудан экономикасының көтерілуін дамыту .

1.8. Экономикалық өсуді ынталандыруға және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз етуге бағытталған бюджет параметрлерін қалыптастыруға ықпал ету бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру.

1.9 Өндірісті ұйымдастырудың, менеджмент жүйесінің жаңа әдістерін, жаңа технологиялар мен техниканы енгізу, жалақыны арттыру есебінен еңбек өнімділігі мен сапасын арттыру.

1.10. Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, тауарларды және қызметтерді сату нарығында бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесу, аудан аумағында өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау.

1.11. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мысалдарын оң насихаттау.

1.12.Еңбек қатынасына байланысты, әлеуметтік-экономикалық сұрақтарды қарастыратын комисия жұмысына қатысу.

Тараптар алдағы кезеңде өткізілетін іс шаралар аудан экономикасының бәсекелестікке қарсылығын арттыруға және  серпінді дамуды қамтамасыз ететін іс шараларды жүзеге асыруға бағытталған болуы керек деп санайды.

 

II тарау

Бизнес ортаны түбегейлі жақсарту

 

Тараптар күш біріктіріп, келесілерге бағытталған мақсаттарды іске асыруға міндеттелді:

 

2.1 Шағын және орта бизнесті дамыту үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіруді арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру негізі ретінде жағдай жасау.

          2.2 Бизнесті ашу және іске қосу үшін шығындар мен кедергілердің барлық түрлерін азайту.

          2.3 Кәсіпкерлік еркіндігі және бәсекелестікті дамыту үшін бағалық және тарифтік келісімдерді алдын алу.

          2.4  Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті кеңейтуге бағытталған күштерін біріктіруге міндеттелді.

         Жоғарыда аталған мақсаттарды қамтамасыз ету үшін Тараптар:

          2.5 Өнімді нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын, оның ішінде бизнестің негіздерін оқыту мен халыққа микрокредиттер беруді тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

2.6 Әртараптандыруын қамтамасыз етуді және бәсекеге қабілеттілікті арттыруды қамтамасыз ететін экономиканың басым секторларын дамыту.

2.7 Инфляцияны төмендету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен реттеліп көрсетілетін қызметтердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы бағаны одан әрі ырықтандыруға бағытталған баға саясатын өткізуді қамтамасыз ету.

2.8 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, реттеліп көрсетілетін қызметтердің және тарифтердің бағаларын мониторингілеуді енгізу.

 

III тарау

Халықтың ресми және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

және еңбек өнімділігін арттыру

 

          Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, табыс саясатын жетілдіру, еңбек ақы деңгейін көтеру, сонымен қатар, қызметкердің тұрақты еңбек етуін қамтамасыз ету іс шараларын қабылдау, Еңбек Кодексі нормаларын сақтау бойынша әр өкілетті тараптардың сақтауы қажет деп санайды.

 

Тараптар күш біріктіріп, келесілерге бағытталған мақсаттарды іске асыруға міндеттелді:

       3.1 Жоғары өнімділікпен, қауіпсіз еңбек жағдайымен, әділ жалақымен сипатталатын жаңа сапалы жұмыс орындарын құру.

       3.2 Ресми және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету.

       3.3 Еңбектің ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту.

        3.4 Экономиканың технологиялық жаңару есебімен қоса кадрлардың кәсіби дайындығы  мен қайта дайындығын, жұмысшылардың үздіксіз кәсіби дамуын қамтасыз ету.

 

Жоғарыда аталған мақсаттарды қамтамасыз ету үшін Тараптар:

        

         3.5 Жұмыспен қамтуды реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде жұмыспен қамтуды ресімдеуді ынталандыру.

         3.6 Экономиканың технологиялық жаңғыруын есепке алып, қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуын, кәсіби дайындығын және қадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру.

         3.7 Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша цифрлық тәсілдерді қолдануға келісті.

 

Тараптар өздеріне келесі міндеттемелерді қабылдайды:

 

1) Тұрақты негізде әлеуметтік шиеленіс және еңбек дауларының туындау қатерлеріне, еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу, мониторинг нәтижелерін аудандық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу комиссия отырысында (бұдан әрі – Комиссия);

2)  Тұрақты негізде мониторинг жүргізу сапасын және халықтың өмір сүру деңгейін қарастыра отырып, мониторингтің нәтижелерін Комиссия отырыстарында, әсіресе,  еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, өндірістік жарақаттануды азайту, жалақының уақытылы төленуін бақылауға алу;

3) Ұжымдық шартты бекіткен кезде,  тиісті саладағы ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін арттырушы салалық коэффициенттер мөлшерін  қамтамасыз ету; 

4)  Жалақы бойынша берешектің және міндетті салық аударымдарына жол бермеу;

 5) Еңбек күні мен кәсіби мерекелерге отбасылық династияларды, тәлімгерлерді, еңбек ардагерлерін құрметтеуге, аудандық, облыстық және республикалық конкурстарда кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу, жаңашылдық, шеберлік үшін қосымша ақына еңгізу, жұмыскелер еңбегінің соңғы нәтижесі үшін ынталандыруды қолдану;

6) Менеджмент жүйесін, өндірісті ұйымдастыру әдістерін, жаңа технологияларды еңгізу арқылы еңбектің сапасы мен өнімділігін арттыру;

         7) Тең жұмыс пен тиісті біліктілікті орындаған кезде еңбек ақысы саласында дискриминацияға жол бермеу;

 

IV тарау

Адам капиталының сапасын жақсарту

 

Тараптар күш біріктіріп, келесілерге бағытталған мақсаттарды іске асыруға міндеттелді:

 

4.1 Әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту, оның ішінде:

— Конституциямен халыққа және әлеуметтік қорғаудың барлық стандарттарына толық кепілдік беретін ең төменгі әлеуметтік стандарттарды біртіндеп жақсартуға бағытталған өмір сапасын жақсарту;

— әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қызметтер саласында бәсекелестік ортаны қалыптастыру;

— өнімді және ресми жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталған зейнетақы жүйесін және әлеуметтік сақтандыруды одан әрі дамыту;

— халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмек көрсетуде нысаналы көрсеткіштерді күшейту;

— арнайы әлеуметтік қызметтердің нысаналығын, қол жетімділігін және сапасын күшейтуге бағытталған күштерін біріктіруге міндеттелді.

 

Жоғарыда аталған мақсаттарды қамтамасыз ету үшін Тараптар:

 

4.2 «Барлығына арналған ақысыз кәсіптік техникалық білім беру» жобасының іске асырылуына жәрдемдесу.

4.3  Денсаулық сақтау жүйесінің, қол жетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және мәліметтер мен процестердің кешенді цифрлендірілуіне негізделген емделушінің бағдарлануын арттыру.

4.4 Тұрақты негізде міндетті медициналық-әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақылық мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

          4.5 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңелген тұлғаларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету (қоғамдық көлікте ақысыз немесе жеңілдікпен жүру, баспананы жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, тісті протездеу, шипажайлық-курорттық емделуге жолдама, материалдық көмек көрсету және т.б.).

4.6. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және олар үшін қолжетімді инфрақұрылым құру бойынша шараларды күшейту.

4.7. Қазақстан Республикасында гендірлік теңдіктің стратегиясын іске асырудың шараларын жүзеге асыру:

1) Ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге, әлеуметтік- еңбек қатынастары саласында гендерлік проблемаларды шешуге;

2) Балалардың күтімімен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді қолдауға;

3) Әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі өкілдігін арттыруға;

    4.8. Мекемелерде ұжымдық келісім-шарт жасағанда әйелдердің, жастардың, мүгедектердің құқықтарын, 50 жастан асқан тұлғалардың жұмыс орындары және еңбектің құндылығы мен жағдайын сақтап қалуды қарастыру;

     4.9.  Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларды іске асыруға, жастардың әлеуметтік-экономикалық  қажеттілігін өздігінен іске асыру үшін жағдай жасауға, жастардың қоғамдық оң бастамаларын ынталандыруға қатысу.

    4.10. Мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін, азаматтардың жеке жауапкершілігі мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін біріктіру .

Тараптар адам әлеуетін, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәнінде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру,  жоғары сапалы еңбек ресурстарына сұранысты қалыптастыру, лайықты еңбек және лайықты еңбекақы үшін жағдайлар жасау міндеттерін шешуде күш-жігерді жұмылдыру қажет деп есептейді.

Халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту саласында әлеуметтік әріптестердің тиімді өзара әрекеттесуі үшін.

 

осыған орай, Тараптар өздеріне келесі міндеттемелерді қабылдайды:

 

1) 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен  қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыруда, лайықты еңбек және лайықты еңбекақы үшін жағдайлар жасау міндеттерін шешуде күш-жігерді жұмылдыру қажет деп есептейді;

2) Ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық деректер базасын қалыптастыру;

3)Жаңа ақпараттық технологияларды және халықты ақпаратпен қамтамасыз етілуіне жұмылдындыру;

4)  50 жастан асқан тұлғаларды қайта даярлау, біліктілігін және ұтқырлығын арттыру бойынша іс-шараларды қабылдау.

5) Әйелдердің, 29 жасқа дейінгі жастар мен мүгедектердің барынша жұмыспен қамтылуы жөнінде шаралар қабылдау;

6) Жұмысшылардың ішкі өндірістік оқытылу жүйесін қалыптастыру;

7) Жаңа өндірістерді қалпына келтіру және іске қосу есебінен қолданыстағы жұмыс орындарының және жаңа жұмыс орындарын құру тиімділігін арттыру шараларын қабылдау;

8) Тұрақты тұратын жерлерінде еңбекке жарамды халықтың максималды түрде жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды көздейтін жұмыс орындарын құру;

9) Қиын ахуалдар туындаған жағдайларда еңбек нарығындағы шиеленісті төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау;

10) Еңбек қатынастары  саласында мүгедектердің құқықтарын, нақты мүгедектер үміткер бола алатын жұмыс орындарына бөгетсіз жете алуын (кіреберіс жолдарды,пандустар, арнайы жеделсатыларды және мүгедектердің орын ауыстыруына басқа да құралдарды бейімдеуді/ құруды бақылау) қамтамасыз ету және жұмыс орындарын мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының ұсынымдарына сәйкес ұйымдастыру арқылы жүзеге асыру.

 

сонымен қатар, Тараптар келесіні қажет деп санайды:

 

1)  Еңбек заңнамасының нормаларын сақтау және  қабылдау, еңбек даулары мен жанжалдарын болдырмау алдын алу шараларын бойынша міндеттемелерін орындау қол қойылған Меморандумдардың сақталуына еңбек құқықтары мен қызметкерлердің мүдделерін қорғау;

         2) Кәсіпорында экономикалық жағдайдың нашарлаунына әкеліп соқтырған өндіріс көлемінің, орындалатын жұмыс пен көрсетілетін қызметтің төмендеуі болған жағдайда, жұмыс берушілерге жұмыскерлердің жаппай қысқартылуын алдын алуға, жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша толық емес жұмыс уақыты режиміне қосу арқылы шараларды қабылдау;

  3) Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуды жүзеге асыру;

         4) Еңбек нарығында сұранысқа ие, халықты жұмыспен қамту шаралары және қажет мамандықтар бойынша кәсіби дайындау мен қайта даярлауды қамтамасыз ету;

5) Персоналдың ішкі даярлау және қайта даярлауды, жұмыс берушілерді оқу-материалдық базасын дамытуға, жұмысшыларды қажетті дағдылар мен тәжірбие алуы үшін жағдайлар жасауға тарту;

6) Аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, қосымша тізімге еңгізілген тұлғалар мен  Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес халықтың нысаналы топтарға кіретін  тұлғаларды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету;

7) Әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына жолданған тұлғалардың әрі қарай жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуде қолдау көрсету;

8)  Жас мамандардың еңбек тәжірбиесінің болмауына байланысты жұмысқа қабылдамауға жол бермеу;

9)   Жұмысшыларға әлеуметтік-еңбек саласындағы жанжалға жол бермеу үшін заңгерлік кеңестер мен құқықтық көмек көрсету;

         10) Жаңа инновация енгізу, инвестицияларды тарту үшін қолайлы орта орнату және  өндірістік қызметтің проблемалық сұрақтарын шешуге бағытталған іс шаралар қабылдау.

 

V тарау

Еңбекті қорғау және талаптары,

өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік

 

Экологиялық және өндірістік  қауіпсіздікті,  еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды және жақсарту мәселелерін қарастыра отырып,  ұлттық басымдылықтардың бірі  — адам ресурстарын сақтау екенін ескеру.

 

Тараптар өздеріне келесі міндеттемелерді қабылдайды:

 

5.1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы заңнаманы сақтауға мемлекеттік және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс берушілер мен кәсіпкерлік одақтар бірлестігінің, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының өзара әрекет етуін жүзеге асыру. Қауіпсіздік техника мен технологияларды еңгізу, қауіпсіздік еңбек жағдайларын құру, еңбекті қорғау басқармасында кәсіби тәуекел мен кешенді әдіс жүйелерін тиімді еңгізу.

5.2. Күнделікті өндрістік  тәжірибеге  кәсіби қауіп басқармасының механизммін енгізу және кәсіби ауруларды ерте кезеңде анықтау, алдын алу шараларын қоса отырып, қызметкерлер денсаулығын сақтау және өмірін сақтау бойынша іс шаралардың кешенді жоспарын жасау;

5.3. Апаттар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша,  сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау,  еңбекті қорғау, халық денсаулығын жақсарту бойынша шараларын қабылдау;

5.4. Заңнамаға сәйкес  жұмысшының қызметтік міндеттерін  орындау кезіндегі жазатайым жағдайдан жұмысшыларды міндетті сақтандыруды өткізу;

          5.5. Белгіленген мерзімде өндірістік объектілерді және аттестаттау мен кәсіпорындардағы жұмыс орындарының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптары бойынша аттестациялауды жүргізуге;

          5.6. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша, ұжымдық-еңбек дауларын шешуге және алдын алу мәселесі бойынша жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдері арасынан Өндірістік кеңес құрылсын. Кәсіподақ ұйымының- жұмысшылар өкілдеріне әрбір кәсіпорында техникалық инспекторларды оларды әрі қарай Өндірістік кеңеске қосумен сайлау керек;

         5.7 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жұмысшымен еңбек міндеттемелерін орындаған жағдайда келтірілген зиянды жұмыс берушімен толық және уақытылы өтеу,кәсіпорында  салауатты және еңбек жағдайларын жасау, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының бекітілген заңнама тәртібінде өндірісте жазатайым жағдайларды тексеруге қамтамасыз етілсін.

          5.8. Ережеге сәйкес, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, диеталық (емдік және профилактикалық) тамақ үшін  мамандандырылған азық-түлікпен және (немесе) ұқсас тамақ өнімдерімен, сүтпен немесе ұқсас өнімдермен,  медициналық қобдишамен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен,  арнайы киім, аяқ киім,  жөндеумен және жабдықтау, қажетті санитарлық-гигиеналық бұйымдарды, оларды профилактикалық өңдеу құралдарымен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру;

         5.9. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің денсаулығы мен өміріне зиян  келтіру үшін жауапкершілікті сақтандыру. Қауіпті және аса қауіпті еңбек жағдайында, зиянды жұмыстардағы  қызметкерлерге еңбек келісімдерінде және ұжымдық шарттарды  қосымша жеңілдіктер және өтемақы көзделсін;

5.10. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру.Қоршаған ортаны қорғаумен және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуде қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың және бизнес-қоғамдардың тиімді қатысуын қамтамасыз ету.

          5.11. Халықаралық еңбек ұйымының № 187 «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы» конвенциясын  Іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;

  1. Медициналық тегін көмекке арналған мемлекеттік кепілдерін қамтамасыз етуге бағытталған іс шараларды іске асыру және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алуды қоса отырып, жұмыс орынында денсаулық сақтауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудың таралуына ықпал ету;
  2. Әлеуметтік қауіп төнген кезде қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру:

           1) Әділеттілікті және әлеуметтік сақтандыру принциптерін  сақтау;

           2) Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын сақтау міндетті         

  1. Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жаңартуға бағытталған іс-шаралардың жүзеге асуына ықпал ету;
  2. Жұмыс орнында ұжымдық келісім жасау кезінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың профилактикасын қоса алғанда, денсаулықты сақтауға, сондай-ақ жұмысшыларды сауықтыру үшін, мұқтаждарға жеңілдетілген шипажайлық-курорттық жолдама беру және дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға жағдай жасау керек.

 

VI тарау

Әлеуметтік серіктестік

 

Еңбек қатынастарын реттеудің, әлеуметтік және экономикалық дамудың , негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдаған кезде әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында оның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

 

Тараптар өздеріне міндеттемелерді қабылдайды:

 

          6.1.Тараптардың мүдделерін келісудегі Комиссия  рөлін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру және қамтамасыз ету:

          1) Туындаған еңбек даулары мен жанжалдарын алдын алу,  еңбек заңнамасының,  әлеуметтік-экономикалық саясатының  негізгі бағыттары  бойынша ұдайы кеңестер жүргізуді;

          2) Қоғамды шоғылдандыру, әлеуметтік тұрақтандыру және қоғамдық келісуді қамтамасыз етуге;

          3) Атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасындағы сындарлы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту;

           4) Әлеуметтік әріптестіктіктің барлық деңгейінде  Комиссия тиімділігі мен пәрменділік мәртебесін көтеру;

          5) Еңбек даулары пайда болған  жерлерде  шешу үшін «Еңбек шартын жасау» акциясын  әрбір кәсіпорын, ұйымда  қызметкерлер өкілдерінен  келісім комиссияларын  жаппай қорытынды ұжымдық шарттарын  сайлауға;

        6) Ұжымдық шарттар мен келісімдерде  қабылданған міндеттемелердің іске асыруы үшін жауапкершілікті күшейту;

         6.2. Ұжымдық еңбек дауларын шешу тиімділігін арттыру, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу,    әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту  құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар дайындау бойынша  Бірлескен жұмысты жалғастыру;

         6.3. Кәсіподақтар мен кәсіподақ ұйымдарының тарату қызметіне кедергі келтіретін қимылдар,  ұжымдық шарттар мен келісімдер,  еңбек құқығы  бар нормативтік-құқықтық актілер, еңбек заңнамасын бұзғаны ұүшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі туралы мәселелерді  Комиссияның қарауына енгізуге;

         6.4. Әлеуметтік және еңбек жанжалдарын шешу бойынша  қабылданып жатқан шаралар,  сондай-ақ  ұжымдық шарттардың,  аудандық Келісімнің орындалу барысы,  әлеуметтік әріптестік мәселелері  бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз ету;

       6.5. Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша  семинарлар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» өткізу;

        6.6.  Шағын және орта бизнес  ұйымдарындағы  әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің ұжымдық-шарттық  тәжірибесін  дамытуға жәрдемдесу;

        6.7. Еңбек қатынастары  саласындағы құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимыл,  пайда болған еңбек дауларын  реттеу, еңбек  жанжалдарын шешу және  әлеуметтік  шиеленістің алдын алу бойынша  іс- шаралар қабылдауға;

       6.8. Әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы жұмыс берушілер бірлестіктерінің бастамаларын,  бизнестің әрі дамытуын қолдау;

         6.9. Қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілігін  арттыруға бағытталған шаралар қабылдау.

      6.10. заңнамалық және жалпы танылған халықаралық нормалар мен ережелер,  бірлестіктер, кәсіподақтар және жұмыс берушілер бірлестігі қызметтеріне  бір-біріне кедергі жасамау туралы ережені  сақтауға;

        6.11. Кіші және орта бизнес ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарының ұжымдық-келісімшарттық реттеу тәжірибелерін дамытуға көмек көрсету.

      6.12. Әлеуметтік әріптестік тараптары белсенді жыл сайынғы республикалық «Парыз» сайысына қатысу.

 

VII тарау

Қорытынды ережелер

 

Осы Келісімнің ережелерін Тараптармен орындауын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегілер туралы келісті:

 

7.1 Осы Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және жаңа Келісім бекітілгенге немесе қайта қаралғанға дейін немесе мерзімі аяқталғаннан кейін үш ай ағымында қолданыста болады.

7.2. Комиссия шешімі осы Келісімді іске асырудың нысаны болып табылады.

7.3. Тараптар Келісімді 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатын өткізу бойынша басым бағыттарды және қажетті әрекеттерді белгілейтін әлеуметтік серіктестердің негізгі құжаты ретінде мойындайды.

7.4.  Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

7.5. Келісім ұйымдарда және кәсіпорындарда салалық және өңірлік (қалалық, аудандық) келісімдерді, ұжымдық шарттарды жасау және келіссөздер үшін негіз болып қызмет етеді.

7.6. Келісім және Комиссия ұсыныстары (шешім) бойынша Тараптардың міндеттемелері салалық және өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасаған кезде есепке алынуы тиіс.

7.7. Келісім жарияланғаннан кейін бір ай мерзім ішінде  Келісімді жасауға қатыспаған жұмыс берушілердің бірлестіктеріне және қызметкерлер бірлестіктеріне  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ресми ұсыныс  жариялау қажет.

7.8.  Егер жұмыс берушілер мен жұмысшылардың бірлестіктері Келісімге қосылуы туралы Ұсыныстың ресми жариялануынан кейін күнтізбелік 30 күн ағымында сәйкес атқарушы органға Келісімге қосылудан дәлелденген  жазбаша бас тарту ұсынбаған жағдайда  олар ресми жариялануы күнінен бастап Келісімге қосылған болып саналады.

          7.9. Осы Келісімнің қолданылуы кезеңінде және міндеттемелерін орындаған жағдайда  Келісімге қол қойған  жұмысшылар бірлестігі Тараптар арасындағы даулы жағдайларды сәйкес деңгейлерде және әлеуметтік әріптестік  және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияда алдын ала қарамай  және шешпей наразылық акцияларын өткізбейтін болады.

          7.10. Келісімге қол қойылғаннан кейін бір айлық мерзімде  тараптар қабылданған міндеттердің жүзеге асуы бойынша нақты мерзімдер көрсетілген іс шаралар жоспарын  жасайды.

          7.11. Осы келісімнің жүзеге асуына бақылау   Әлеуметтік әріптестік  және әлеуметтік — еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияның ұсынымдарымен (шешімдері) анықталған  тәртібімен жүзеге асырылады.

          7.12.  Келісімнің орындалуы бойынша ақпаратты Комиссияның  жұмыс тобы дайындайды. Жыл сайын Комиссия келісімнің орындалуын қадағалайды.

          7.13. Комиссияның ұсынымдары (шешімдері) осы Келісімнің жүзеге асыру нысаны болып табылады.

         7.14. Комиссия қызметі және тараптардың келісімдерінің іске асырылуын жария ету мақсатында Әлеуметтік әріптестік  және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияның ұсынымдарына арналған  ақпараттық материалдар арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында жария етіледі.

          7.15. Келісім мемлекеттік органдарға, қызметкерлерге және олардың өкілдеріне, сондай-ақ, жеке меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерге таратылады.

          7.16. Келісім мемлекеттік органдарға, қызметкерлер мен олардың өкілдеріне, сондай-ақ  меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерге  қолданылады.

          7.17. Келісімде айтылған міндеттер орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

           7.18. Келісімге қол қойылған күннен кейін бір ай мерзімінде «Бұланды ақпарат»  аудандық газетінде жарияланады.

7.19.  Макинск қаласында   «3» наурыз 2018ж. тең заңды құқыққа ие үш данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келісімнің бір данасы бар.

 

Осы келісімге қол қойылды:

 

Бұланды  аудан  әкімдігінен:

 

Бұланды ауданының әкімі      

Ж.Ж. Нұркенов                                                                                  _______________

 

Кәсіподақтар  одағынан:

 

Білім беру қызметкерлерінің

кәсіподақ комитетінің төрайымы

Қ.А.Байтемірова                                                                      ______________

 

Жұмыс   берушілерден:

 

Ақмола облысы кәсіпкерлер

палатасының

Бұланды филиалының директоры

О.С.Диан                                                                                   _______________

Жарияланған күні: 30.03.2018

Жаңартылған күні: 30.03.2018

Қаралым саны: 1303