Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Арнайы әлеуметтік қызметтер

Қазақстан Республикасының 29.12.2008 жылғы Заңына сәйкес

Арнаулы әлеуметтік қызметтер — өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;

Арнайы әлеуметтік қызметтер өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға ұсынылады:

      1) жетімдік;

      2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;

      4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

     7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

     8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;

     9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

    10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

Стационарлық үлгідегі ұйымдар — стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) болып танылады. Қызметті алу үшін келесі құжаттардың ұсынумен тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жасау қажет.

 1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және Кодекске сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) жазбаша өтініші;
          2) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

          3) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
          4) Нысан бойынша медициналық карта;

 5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

 6) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);
        7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.  

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар деп қызмет алушыларды ұйымда тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуына арналған күндіз болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар танылады.

Қызметті алу үшін келесі құжаттардың ұсынумен тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жасау қажет:

1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) нысан бойынша жазбаша өтініші;
      2) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
      4) нысан бойынша медициналық карта;

      5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

      6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
      7) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесі (болған кезде);
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері— өзге де үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған ұйымдар үйде қызмет көрсету ұйымдары  болып танылады.

Қызметті алу үшін келесі құжаттардың ұсынумен тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жасау қажет:

1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және Кодекске сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) нысан бойынша жазбаша өтініші;

     2) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не село/ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);

      4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмелері (қарттар үшін талап етілмейді);
      5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

      6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі;
     8) нысан бойынша медициналық карта;

     9) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.

Уақытша болу ұйымдары қызмет алушылар үшін әлеуметтік бейімдеу орталықтары, түнде болу үйлері түрінде құрылады.
      Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет алушылар үшін құрылымдық бөлімшелер – түнде болу бөлімшесі мен мобильді әлеуметтік патруль қызметі құрылуы мүмкін.

 

 

Жарияланған күні: 30.03.2018

Жаңартылған күні: 30.03.2018

Қаралым саны: 1590