Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халыққа медициналық көмек көрсету мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілді

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» Заңына (әрі-қарай Заң) ҚР 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №122 Заңымен өзгерістер енгізілгенін мәлімдейді.

Алдағы екі жылда  міндетті медициналық сақтандыруға   арналған жарнаны жинау жұмыс берушілерден тек төлем түрінде жүргізілетін болады. Сонымен бірге, жұмыс берушілер үшін әлеуметтік сақтандыру мелекеттік қорына аударымдардың мөлшері 5% — дан 3,5% — ға төмендейді. Тиісінше, жұмысшының табысынан алынған 1,5% айырмашылықты жұмыс беруші әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.

Барлық қалған салық төлеушілер, атап айтқанда, жеке кәсіпкерлер және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар,  2018 және 2019 жылдары төлем жасамайды. Сондай-ақ, мемлекет жауап беретін жеңілдікті санаттағы тұрғындар үшін төлемдер жасау басталмайды. Осының барлығы 2020 жылдан басталады.

Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1%, 2021 жылдан бастап 2% көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.

Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды, бірақ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%.

Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.

Қор 2018 жылдың 1 қаңтарынан  тегін медициналық көмектің кепілді көлемін және медициналық қызметтерге бірыңғай төлеушілер үшін оператор болып табылды. Бұл  сатып алу, сапаны бақылау және медициналық қызмет ақысын төлеу, жоспарлау механизмін жетілдіру үшін мүмкіндік береді.

Ақмола облысы бойынша

филиалдың директоры

           Н.Ахильбеков

Жарияланған күні: 31.03.2018

Жаңартылған күні: 31.03.2018

Қаралым саны: 679