Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

 

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

 

«Цифрлық Қазақстан»: адам капиталын дамыту мақсатында

1 маусымнан бастап, адам капиталын дамыту мақсатында - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бағыты - Қазақстанның барлық өңірлерінде халық санының сауаттылығын оқыту курстары жүргізілуде. Бұланды ауданында 2018 жылдың 1 маусымынан бастап, жаз мезгілінде облыстың бірлігіне сәйкес аудан бойынша 3602 адам оқытылуы тиіс. Алайда, аудандық білім беру бөлімінің, аудандық және қалалық әкімдіктердің, мемлекеттік және бюджетен тыс ұйымдарының  жедел және үйлесімді жұмысы арқасында 27 маусымда оқу түгелдей аяқталды (3639 адам оқытылды).

Оқыту келесі бағыттар бойынша өткізілді: «Негізгі сандық дағдылар», оның ішінде дербес компьютер мен ноутбукті сенімді пайдалану, мобильді құрылғылар, интернет желісі, қауіпсіздік және деректерді қорғау; Электронды үкімет және электронды мемлекет қызметтер.

Электронды үкіметті пайдаланудың дағдылары, оның ішінде электронды мемлекеттік қызметтерді онлайн тәртібінде алу; «Ашық үкімет» - ашық деректерді пайдалану дағдысы, ашық нормативтік-құқықтық актілер, ашық әңгімелер  пен бюджеттер; «Электронды коммерция» - онлайн - тауарларды сатып алу, сату және ілгерілету дағдылары. Ауданның  білім беру бөлімі оқыту модераторы болғандығын айта кету кажет, сондықтан жаттықтырушылар ретінде 25 адамнан тұратын орта және негізгі мектептердің информатика мұғалімдері оқытылды. Аудан бойынша оқу кестесі әзірленді.

Өз кезегінде ауданның білім беру бөлімі кеңесте халықты сандық сауаттылыққа оқыту бойынша жұмыстардың қорытындысы қаралды, онда халықты ерікті негізде жұмыс істеп, үйрететін информатика мұғалімдеріне зор ризашылық білдірілді.

Халықтың сандық  біліктілігін арттыру - бұл жалпыға ортақ міндет, өйткені бүгінгі күні жоғары технологияларды дамыту заманында  адамдардың сандық білім деңгейін көтеру, олардың көкжиегін дамыту, қазіргі заманда қоғамды  инновацияға тарту өте қуанышты.

 

 

Жарияланған күні: 29.06.2018

Жаңартылған күні: 29.06.2018

Қаралым саны: 1227