Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты

Сұрақ қою

Құрметті келермендер!

Сұрақтарыңызға жедел түрде жауап алу үшін оның мазмұнын қысқаша әрі анық жазуыңызды өтінеміз. Сауалыңызды жеткізбес бұрын блогтағы материалдармен мұқият танысып шығыңыз. Өйткені оның жауабын жазылған материалдардың ішінен табуыңыз әбден мүмкін. Блог қызметін толық пайдалану үшін келесі Келісімді қабылдауыңыз қажет:

Келісім

Қажетті жолдарымен нысанды толтыру арқылы мемлекеттік органдардың басшыларына сұрақ қою мүмкіндігі беріледі:

— Сіздің тегіңіз және аты-жөніңіз (сұрақтың авторы)

- Электронды адрес

- ЖСН

-​ Сұрақтың санаты

-​ Сұрақтың мәтіні

Барлық жолдар толық толтырылуы қажет. Иесі бүркемеленген немесе байланыс мәліметтері дұрыс көрсетілмеген сұрақтар қаралмайды.

Сұрақты жібергеннен кейін, Сіздің өтінішіңіз жарияланбайды, егерде:

-​ мемлекеттік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәлімет болса;

-​ үшінші тұлғаның келісімінсіз оның жеке мәліметтерін тарататын болса;

-​ талқылаудың басқа қатысушысының, нақтылы тұлғаның немесе ұйымның атына қорлау, қауіп төндіретін мазмұнды қамтыса;

-​ коммерциялық мақсаттарды көздесе, спам немесе жарнамалық ақпаратты қамтыса;

— ​ есірткі заттарды, жүйкеге кері әсер ететін заттарды және прейскуранттарды насихаттайтын, алкогольдік ішімдіктерді, темекі және темікі өнімдерін жарнамалайтын, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы материалдар;

-​ қаталдылық пен зорлықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық артықшылықты насихаттайтын;

-​ қолданылатын құқықтың кез келген нормасын бұзатын;

— ​ цензурадан өтпейтін лексиканы және оның туындыларын қамтитын, сондай-ақ осындай анықтамаға жатқызылатын лексикалық бірліктерді қолдануға тұспалдаулар (хабарлама, цензурадан өтпейтін лексика, автоматты түрде алып тасталады);

-​ оқылмайтын мәтін және түсініксіз қысқартулары бар;

-тұлғаның қыметіне жатпайтын проблемалар немесе сұрақ болса жарияланбайды.

Сіздің әрбір өтінішіңіз бір сұрақтан артық мәселені қамтымауы тиіс.

Өтініш жалпы мағынасын және логикасын өзгертпестен модератормен редакциялануы, нақтылы қателіктер түзетілуі мүмкін.

Өтініштерде басқа желілік ресурстарға, құжаттарға, суреттеулерге, бейне және аудио файлдарға сілтеме жасамауды сұраймыз, олай болмаған жағдайда сілтемелер модератормен алынып тасталады.

Ережені сақтамаған жағдайда, сайт редакторы сіздің сауалыңызды деректер базасынан жауап берместен алып тастау құқығына ие болады.

Өтініш Бүланды аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде тіркеледі және отыз күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде қаралады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес, мәселе ресми сұрау салу болып саналмайды. Ресми өтініш білдіру үшін, Бұланды ауданы Макинск қ., Некрасова көшесі 19, мекенжайы бойынша өтініш білдіруіңізге, тел.: 8-(716-46) 2-12-92, 2-27-57 немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» порталында электрондық-сандық қолтаңбамен куәландырылған өтінішті қалдыруыңызға болады.

Мен шарттарды қабылдаймын

Жарияланған күні: 29.03.2018

Жаңартылған күні: 29.03.2018

Қаралым саны: 1106